Инвестициялық жобалар

Сұрыптау:

«Қазақстан БЭЖ Батыс аймағының электр желісін күшейту. Электр желілік объектілерді салу» жобасы

Жобаның мақсаты: республиканың батыс облыстары арасындағы 220 кВ электр желілерін күшейте отырып, Қазақстан БЭЖ Батыс аймағының тұтынушыларын электрмен жабдықтаудың өткізгіштік қабілеті мен сенімділігін арттыру.

Жобаны іске асыру мерзімі: 2018-2023жж.

Жобаның құны: ҚҚС-ны есепке алғанда 50,378 млрд. теңге.

Жобаны қаржыландыру көздері:

қарыз қаражат – 34,230 млрд. теңге, меншікті қаражат – 16,148 млрд. теңге.

Іске асыру орны: ҚР Батыс Қазақстан және Атырау облыстары.

Жобаның сипаты: Жоба қолданыстағы 220 кВ Орал - Правобережная – Индер – Қарабатан – Құлсары – Теңіз транзитінің екінші тізбегінің электр желілік объектілерін қолданыстағы 220 кВ қосалқы станцияларына және жаңа «Қарабатан» ТП-ға қосып, салуды көздейді және мына объектілерден тұрады:

1) 220 кВ «Орал» ҚС-ны реконструкциялау;

2) 220 кВ «Правобережная» ҚС 220 кВ-АТҚ кеңейту;

3) 220 кВ «Индер» ҚС екі 220 кВ-БШР орнатып, 220 кВ-АТҚ кеңейту;

4) 220 кВ «Құлсары» ҚС-ны кеңейту;

5) 220 кВ «Теңіз» ҚС-ны кеңейту;

6) 220 кВ «Қарабатан» ТП салу;

7) 220 кВ Орал ҚС – 220 кВ Правобережная ҚС 220 кВ ӘЖ салу;

8) 220 кВ Правобережная ҚС – 220 кВ Индер ҚС 220 кВ ӘЖ салу;

9) 220 кВ Индер ҚС – 220 кВ Қарабатан ҚС 220 кВ ӘЖ салу;

10) 220 кВ Қарабатан ТП – 220 кВ Құлсары ҚС 220 кВ ӘЖ салу;

11) 220 кВ Құлсары ҚС – 220 кВ Теңіз ҚС 220 кВ ӘЖ салу.

Жобаны іске асыру барысы: Жобаның ТЭН-і әзірленді және «Мемсараптама» РМК-ның оң қорытындысы алынды (04.01.2019ж. № 01-0006/19). «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен жоба ТЭН-інің жобалық көрсеткіштері бекітілді (28.02.2019ж. №2 хаттама).

2019 жылы жобалық сметалық құжаттаманы дайындау үшін ЖК «Ешимкулов Н.Т.»; ЖШС «Мангистауэнергомонтажналадка»; ЖШС «СИТ-Строй» сынды жобалау институттармен ӘЖ және ҚС нысандары бойынша 11  шарт жасалды.

2021 жылы барлық 11 нысан бойынша, оның ішінде 6 қосалқы станция нысаны бойынша (КС 220 кВ Орал, Правобережная, Индер, Қарабатан, Теңіз, Құлсары) және 5 желі нысаны бойынша (ӘЖ 220 кВ Орал – Правобережная, Правобережная -Индер, Қарабатан – Құлсары, Индер - Қарабатан, Құлсары - Теңіз) ашық тендер тәсілімен құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындауға сатып алу «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен (2019 жылғы 9 қыркүйектегі № 31/19 хаттама) бекітілген «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының және дауыс беруші акцияларының елу және одан көп пайызы (қатысу үлесі) «Самұрық-Қазына» АҚ-ға меншік немесе сенімгерлікпен басқару құқығында тікелей немесе жанама тиесілі заңды тұлғалардың сатып алу қызметін басқару стандартына сәйкес жүзеге асырылды және келесі шарттар жасалды:

        1. 220 кВ Орал ҚС реконструкциялау, «АСПМК» ЖШС (11.03.2021ж. №541278-487189 ҚХ), 25.03.2021ж. № 541278/2021/1/01-25-Д-206 шарт;

        2. 220кВ Правобережная ҚС 220 кВ АТҚ кеңейту, «Карэлектроспецстрой» ЖШС (11.03.2021ж. №541280-487196 ҚХ), 19.03.2021ж. № 541280/2021/1/01-25-Д-203 шарт;

        3. 220 кВ Индер ҚС 220кВ 2 БШР орнатып, 220кВ АТҚ кеңейту, «АСПМК» ЖШС (11.03.2021ж. №5414443-487619 ҚХ) 29.03.2021ж. № 541443/2021/1/01-25-Д-216 шарт;

       4. 220 кВ Құлсары ҚС кеңейту, «Карэлектроспецстрой» ЖШС (11.03.2021ж. №541326-487353 ҚХ), 25.03.2021ж. № 541326/2021/1/01-25-Д-207 шарт;

       5. 220 кВ Теңіз ҚС кеңейту, «АСПМК-519» ЖШС (11.03.2021ж. №541444-487176 ҚХ), 25.03.2021ж. № 541444/2021/1/01-25-Д-205 шарт;

       6. 220 кВ Қарабатан ТП салу, «EIS Corporation» ЖШС (21.05.2021ж. № 572741-538677 ҚХ), 11.06.2021ж. № 572741/2021/1/01-25-Д-440 шарт;

      7. Батыс Қазақстан облысында 220 кВ Орал ҚС –  220 кВ Правобережная ҚС 220 кВ бір тізбекті ӘЖ салу, «АСПМК-519» ЖШС (11.03.2021ж. № 541310-487170 ҚХ), 25.03.2021 ж. № 541310/2021/1/01-25-Д-204 шарт;

      8. Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында 220 кВ Правобережная ҚС –  220 кВ Индер ҚС 220 кВ бір тізбекті ӘЖ салу, «Карэлектроспецстрой» ЖШС (12.03.2021ж. № 541282-488426 ҚХ), 26.03.2021ж. № 541282/2021/1/01-25-Д-211 шарт;

       9. Атырау облысында 220 кВ Индер ҚС –  220 кВ Қарабатан ТП 220 кВ бір тізбекті ӘЖ салу, «АСПМК-519» ЖШС (30.03.2021 ж. № 548874-499507 ҚХ), 08.04.2021ж. № 548874/2021/1/01-25-Д-279 шарт;

      10. 220 кВ Қарабатан ТП- 220кВ Құлсары ҚС 220 кВ бір тізбекті ӘЖ салу, «Карэлектроспецстрой» ЖШС (25.03.2021ж. № 548898-495461 ҚХ), 01.04.2021ж. № 548898/2021/1/01-25-Д-230 шарт;

      11. 220кВ Құлсары ҚС – 220 кВ Теңіз ҚС 220 кВ бір тізбекті ӘЖ салу, «Промстрой-Энерго» ЖШС (02.04.2021ж. № 553462-501363 ҚХ),  09.04.2021 ж. № 553462/2021/1/01-25-Д-284 шарт.

       2021 жылы барлық 11 объекті  (6 ҚС және 5 ӘЖ) бойынша ЖСҚ әзірленіп, ЖСҚ сараптамасының оң қорытындылары алынды және құрылыс-монтаждау жұмыстарына кірісті.

2023 жылы «Орал - Оң жағалау», «Оң жағалау - Індер», «Індер-Қарабатан», «Қарабатан-Құлсары», «Құлсары-Теңіз» 220 кВ әуе желісінің барлық бес учаскесінде құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды. 2023 жылғы 28 қарашада Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің телекөпір арқылы қатысуымен жалпы ұзындығы 779,7 км болатын 220 кВ «Орал - Оң жағалау – Індер – Қарабатан – Құлсары – Теңіз» әуе желісі іске қосылды. Батыс Қазақстан және Атырау облыстары арасындағы транзиттің екінші тізбегін қосу нәтижесінде электр желісінің қуаты айтарлықтай ұлғайтылды: «Батыс Қазақстан энергетикалық торабы – Атырау» бөлігінде 100 МВт-тан 200 МВт-қа дейін; «Атырау-Маңғыстау» бөлігінде 50 МВт-тан 200 МВт-қа дейін. Жалпы, бұл тізбек Батыс аймақ желісінің сенімділігін екі есе арттырды. Тұтынушыларды ажырату ықтималдығы барынша азайтылды.

29.02.2024ж. жағдай бойынша іске асыру дәрежесі.

ҚОӘБ жобасының нәтижелері

https://ecoportal.kz/Public/PubHearings/LoadFile/16323


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс