Инвестициялық жобалар

Сұрыптау:

«Павлодар энергия торабының Қазақстан БЭЖ-мен байланысын күшейту» жобасы

Павлодар энергия торабының энергия жүйесі жұмысының сенімділігін энергия торабының Қазақстан БЭЖ-мен электр байланысын 220 кВ кернеуде орнату жолымен арттыру жобаны іске асырудың мақсаты болып табылады. 

Жобаны іске асыру мерзімі: 2011-2018 жж.

Жобаның құны – 8,8 млрд. теңге (меншік қаражат).

Іске асырылатын орны: Павлодар облысы.

Жұмыс орындарының саны: құрылыс кезеңіне 124 адам, пайдалану кезеңіне 2 адам.

Жобаның сипаттамасы:

110 кВ Павлодар ҚС-да 220 кВ АТҚ орнату;

-     220 кВ ЕЭК – Промышленная ӘЖ салу (ұзындығы 57,122 км);

-     110 кВ ЕЭК – Павлодар ӘЖ-ні 220 кВ кернеуге ауыстыру (20,905 км);

-    «ЕЭК» АҚ ЭЖ-де 220 кВ АТҚ қайта құру және кеңейту;

-   Найзағайдан қорғайтын арқансымды 500 кВ ЭГРЭС-1 – ЭС АО «ЕЭК» ӘЖ (121,238 км) (ОКГТ) найзағайдан қорғайтын арқансымға кіріктірілген талшықтық-оптикалық байланыс желісіне ауыстыру 

Жобаның қазіргі уақыттағы жағдайы:

1) «110 кВ Павлодар ҚС-да 220 кВ АТҚ салу» объектісі бойынша ҚМЖ орындалды. Жаңа 220 кВ АТҚ салынды.

2) «220 кВ ЕЭК – Промышленная» ӘЖ салу» объектісі бойынша СМР ҚМЖ орындалды. Ұзындығы 57,122 км жаңа 220 кВ ӘЖ салынды. 

3) «110 кВ Павлодар ЕЭК ӘЖ-ні 220 кВ кернеуге ауыстыру» объектісі бойынша барлық құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды. Объект 220 кВ кернеуге ауыстырылды.

4) «ЕЭК АҚ ЭС-те  220 кВ АТҚ-ны қайта құру және кеңейту» объектісі бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары орындалды.  220 кВ жаңа ұяшық салынды және кернеуге қойылды. 

5) Найзағайдан қорғайтын арқансымды 500 кВ«ЕМАЭС-1- «ЕЭК» АҚ ЭС» (КАОК) кіріктірілген ӘЖ  байланыстың талшықтық-оптикалық желісіне ауыстыру бойынша ҚМЖ толық көлемде аяқталды.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс