Журналистердің шығармашылық байқауы

Қазақ

Құрметті журналистер!  

«KEGOC» АҚ баспасөз, электрондық және Интернет-БАҚ журналистері арасында «KEGOC» АҚ20 жыл аралығындағы қызмет нәтижелері мен Қазақстан Ұлттық электр энергетикалық торабын дамытудың маңызды мәселелері тақырыбындағы еңүздік жарияланымдарға шығармашылық байқау өткізетіндігі жөнінде хабарлайды.

«KEGOC» АҚ аталмыш байқауды 2003 жылдан бастап жыл сайын өткізіп тұрады, бұл БАҚ назарын электр энергетикасы саласының дамуына, жағымды өзгерістерге, еліміздің электр энергетикасында болып жатқан оқиғаларға, сондай-ақ Компанияның қазіргі және келешектегі инвестициялық жобаларына ақпараттыққолдау көрсету мәселелеріне аударуға бағытталған. 

Байқауға қатысу үшін отандық баспасөз, электрондық және Интернет-БАҚ-та 2017 жылғы 1 қаңтардан 10 желтоқсанға дейінгі аралықта жарық көрген материалдар қабылданады. Үміткерлер 2017 жылдың 10 желтоқсанына дейін өтінім формасын толтырып, өз жұмыстарын (жарияланған материалдың скан-нұсқасын және/немесе материалдың аудио-видео жазбасын) pressa@kegoc.kzzhakeyeva@kegoc.kz, bayazitova@kegoc.kz электронды мекен-жайына, сондай-ақ 010000, Астана қаласы, Алматы ауданы, Тәуелсіздік даңғылы, 59, «KEGOC» АҚ Мемлекеттік құрылымдармен өзара әрекеттестік және коммуникациялар департаментінің мекен-жайына «БАҚ байқауына өтінім» деген белгімен баспасөз және электронды нұсқасын жібере алады.

Байқау кваликациялық талаптарсыз бір турда өткізілетін болады, байқау комиссиясы тіркелген қатысушылардың арасынан 10 аталым бойынша жеңімпаздарды анықтайды. Шығармашылық жұмыстар кәсіби шеберлік, материалдыңөзектілігі, жанр сәйкестігі, бұқараға қолжетімді және баяндалуы ұғынықты болу критерийлері бойынша бағаланады. 

Байқаудың қорытындылары 2017 жылғы 31 желтоқсанға дейін жасалынып, хабарланады. Марапаттау салтанаты Астана қ. өтетін болады.

Астана қ. анықтама телефондары:

+7 (7172) 690-468

+7 (7172) 690-161

Байқау туралы мәлімет осында ұсынылып отыр.  

БАҚ БАЙҚАУЫНА ӨТІНІМ