Компания туралы жалпы мәлімет

Қазақ

«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы «KEGOC» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) акционерлік қоғамы «Қазақстан Республикасының энергетика жүйелерін басқаруды құрылымдық қайта құру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 28 қыркүйектегі № 1188 қаулысына сәйкес құрылды.

«KEGOC» АҚ-ның бастапқы мемлекеттік тіркелу күні — 1997ж. 11 шілде.

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010010, Астана қ., Алматы ауданы, Тәуелсіздік д, 59.

Қазақстан Республикасының Үкіметі «KEGOC» АҚ құрылтайшысы болып табылады. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 қаңтардағы № 50 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 ақпандағы № 117 қаулысына сәйкес «KEGOC» АҚ акцияларының мемлекеттік пакеті «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстан холдингі «АҚ-ның орналастырылатын акцияларын төлеуге тапсырылды. 2008 жылдың 13 қазанынан «Қазына» Тұрақты даму қоры» мен «Самұрық» Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстандық холдингінің «қосылуы арқылы Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығымен «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» құрылды.

Компания миссиясы

Қазіргі заманғы техникалық, экономикалық, экологиялық талаптарға, кәсіби қауіпсіздік және денсаулық қорғау стандарттарына сәйкес Қазақстан Республикасындағы біртұтас электр энергетикасы жүйесінің жұмыс сенімділігі мен тиімді дамуын қамтамасыз ету.

Пайымы – 2025 «KEGOC» АҚ әлемдік деқгейдегі компанияға және өңірлік ауқымда электр энергетикасы саласындағы құзіретті орталыққа айналады.

Қоғам мынадай негізгі қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1)   шартқа сәйкес ұлттық электр торабы арқылы электр энергиясын жеткізу жөнінде жүйелік қызмет көрсету;

2)   Ұлттық электр торабының жабдықтарына пайдалану бойынша қызмет көрсету;

3)  электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты теңгерімдерін жасауды және тәуліктік кестесін жасауды қоса алғанда, шартқа сәйкес Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесі жұмысының режимдерін орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыра отырып, электр энергиясын желіге босату мен тұтынуды техникалық диспетчерлендіру бойынша жүйелік қызмет көрсету;

4)  электр энергиясын өндіру-тұтынудың теңгерімдерін ұйымдастыру бойынша жүйелік қызмет көрсету;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен электр энергиясының теңгерімсіздіктерін қаржылық реттеуді жүзеге асыру;

6) нақты уақыт режимінде және жүйелік әрі қосалқы қызметтер нарығында электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеуін ұйымдастыруды жүзеге асыру;

7) қатарлас жұмыс режимдерін басқару және тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша іргелес мемлекеттердің энергия жүйелерімен өзара іс-қимыл жасау;

8) электр қуатын реттеу және резервтеу;

9) электр энергиясы көтерме сауда нарығының барлық субъектілерінің бірыңғай ақпараттық жүйесін, электр энергиясын есепке алудың автоматтандырылған жүйесін, релелік қорғау және аварияға қарсы автоматикасының түйіндес құрылғыларын құру бойынша техникалық және әдістемелің басшылықты жүзеге асыру;

10) жеке технологиялық және өндірістік қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін, электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес электр энергиясын сатып алуды жүзеге асыру;

11) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесін орталықтан жедел-диспетчерлік басқару;

12) Қоғамның ведомствоға бағынысты ұйымдарының объектілеріндегі электр моторларды, генераторлар мен трансформаторларды жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету;

13) Қоғамның ведомствоға бағынысты ұйымдарының объектілеріндегі электр таратқыш және реттеуші аппаратураларды жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету;

14) Қоғамның ведомствоға бағынысты ұйымдарының объектілеріндегі электрмен жарықтандыру жабдықтарын жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету;

15) Қоғамның ведомствоға бағынысты ұйымдарының объектілеріндегі басқа санаттарға енгізілмеген басқа да электр жабдықтарын жөндеу және техникалық күтім жасау;

16)   жеке меншігіндегі жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқару. 

Электр желілері

«Жүйеаралық электр тораптары» «KEGOC» АҚ филиалдарының теңгерімінде жалпы ұзындығы 25096,597 км (тізбек бойынша) 0,4-1150 кВ габариттерде  360 әуе электр жеткізу желілері бар, оның ішінде:

1150 кВ ӘЖ – 1421,225 км;

500 кВ ӘЖ – 6804,744 км;

330 кВ ӘЖ – 1864,092 км;

220 кВ ӘЖ – 14511,046 км;

110 кВ ӘЖ – 352,841 км;

35 кВ ӘЖ – 44,13 км;

10 кВ ӘЖ – 80,078 км;

6 кВ ӘЖ – 12,851 км;

0,4 кВ ӘЖ – 5,59 км.

«Жүйеаралық электр тораптары» «KEGOC» АҚ филиалдарының теңгерімінде трансформаторлардың орнатылған қуаты 36 662,55 МВА кернеуі 35-1150 кВ 78 электр қосалқы станциялары бар, оның ішінде:

1150 кВ – 3 дана, қуаты 9 384,1 МВА; 

500 кВ – 18 дана, қуаты 16 114 МВА; 

220 кВ – 54 дана, қуаты 11 136,25 МВА; 

110 кВ – 1 дана, қуаты 5 МВА; 

35кВ – 2 дана, қуаты 23,2 МВА. 

«Ақмола жүйеаралық электр тораптары» «KEGOC» АҚ филиалы 1997 жылдың қыркүйегінде құрылды.

Филиалдың мүліктік кешеніне жалпы ұзындығы 4230,086 км (тізбек бойынша) 10-1150 кВ габариттерде әуе электр жеткізу желілері, сонымен қатар жалпы қуаты 8136,6 МВА кернеуі 220-1150 кВ 10 қосалқы станциялары кіреді.

«Ақтөбе жүйеаралық электр тораптары» «KEGOC» АҚ филиалы 1997 жылдың қазанында құрылды.

Филиалдың мүліктік кешеніне жалпы ұзындығы 967,39 км (тізбек бойынша) 10-500 кВ габариттерде әуе электр жеткізу желілері, сонымен қатар жалпы қуаты 2425,5 МВА кернеуі 220-500 кВ 7 қосалқы станциялары кіреді.

«Алматы жүйеаралық электр тораптары» «KEGOC» АҚ филиалы 1997 жылдың қыркүйегінде құрылды.

Филиалдың мүліктік кешеніне жалпы ұзындығы 3550,853 км (тізбек бойынша) 0,4-500 кВ габариттерде әуе электр жеткізу желілері, сонымен қатар жалпы қуаты 4229,35 МВА кернеуі 35-500 кВ 11 қосалқы станциялары кіреді.

«Шығыс жүйеаралық электр тораптары» «KEGOC» АҚ филиалы 1997 жылдың желтоқсанында құрылды.

Филиалдың мүліктік кешеніне жалпы ұзындығы 1160,67 км (тізбек бойынша) 0,4-500 кВ габариттерде әуе электр жеткізу желілері, сонымен қатар жалпы қуаты 3694,5 МВА кернеуі 220-500 кВ 6 қосалқы станциялары кіреді.

«Батыс жүйеаралық электр тораптары» «KEGOC» АҚ филиалы 1998 жылдың шілдесінде құрылды.

Филиалдың мүліктік кешеніне жалпы ұзындығы 1681,5 км (тізбек бойынша) 6-330 кВ габариттерде әуе электр жеткізу желілері, сонымен қатар жалпы қуаты 950 МВА кернеуі 220 кВ 5 қосалқы станциялары кіреді.

«Сарыбай жүйеаралық электр тораптары» «KEGOC» АҚ филиалы 1997 жылдың тамызында құрылды.

Филиалдың мүліктік кешеніне жалпы ұзындығы 2443,525 км (тізбек бойынша) 6-1150 кВ габариттерде әуе электр жеткізу желілері, сонымен қатар жалпы қуаты 6569,9 МВА кернеуі 220-1150 кВ 8 қосалқы станциялары кіреді.

«Солтүстік жүйеаралық электр тораптары» «KEGOC» АҚ филиалы 1997 жылдың тамызында құрылды.

Филиалдың мүліктік кешеніне жалпы ұзындығы 3379,08 км (тізбек бойынша) 0,4-1150 кВ габариттерде әуе электр жеткізу желілері, сонымен қатар жалпы қуаты 3520,6 МВА кернеуі 110-1150 кВ 8 қосалқы станциялары кіреді.

«Орталық жүйеаралық электр тораптары» «KEGOC» АҚ филиалы 1997 жылда құрылды.

Филиалдың мүліктік кешеніне жалпы ұзындығы 3482,19 км (тізбек бойынша) 10-500 кВ габариттерде әуе электр жеткізу желілері, сонымен қатар жалпы қуаты 3741,6 МВА кернеуі 220-500 кВ 10 қосалқы станциялары кіреді.

«Оңтүстік жүйеаралық электр тораптары» «KEGOC» АҚ филиалы 1997 жылдың қыркүйегінде құрылды.

 Филиалдың мүліктік кешеніне жалпы ұзындығы 4201,303 км (тізбек бойынша) 220-500 кВ габариттерде әуе электр жеткізу желілері, сонымен қатар жалпы қуаты 3394,5 МВА кернеуі 220-500 кВ 13 қосалқы станциялары кіреді.