«KEGOC» АҚ командасы «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы қызметкерлері арасында мемлекеттік тілді білу деңгейі бойынша өткен байқауда бірінші орынға ие болды

Қазақ

        21 қыркүйекте «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы қызметкерлері арасында КТК форматында «Ең бірінші бақытым – тілім менің» байқауы болып өтті. Аталмыш шара, Қазақстан халқының тілдері күніне орай қызметкерлер арасында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және қолданылу деңгейін тексеру мақсатында өткізілді.

       Шараның басты мақсаты «Самұрық-Қазына» АҚ портфелдік компанияларындағы әлеуметтік-байланыс саласында мемлекеттік тілді еркін меңгеру және қолданылу аясын кеңейту үшін қажетті жағдайлар туғызуға үгіттеу болып табылады.

       Байқау қатысушылары бес тәртіп: сәлемдесу, театрландырылған көрініс формасындағы үй тапсырмасы, инновациялық тәсілдер мен ақпараттық технологияларды қолдану арқылы интеллектуалдық ойындар, командалық шығармашылық өнер көрсету бойынша бақ сынады.   

       Байқау нәтижесі бойынша құрамында Жеңіс Әбдіғазиз, Нұрлан Құнафин, Юлия Гончарова, Вадим Греднев және Анатасия Белимова бар «KEGOC» АҚ командасы  бірінші орынға ие болды.