«KEGOC» АҚ үшін «Эмитент күні»

Қазақ

2018 жылғы 17 сәуір сағат 11:00-де «Қазақстан қор биржасы» АҚ-да (KASE) «KEGOC» АҚ үшін «Эмитент күні» өткізілетінін хабарлаймыз. Бұл іс-шара барысында «KEGOC» АҚ басшылығы акционерлермен және компания акционерлерінің мүдделерін білдіретін бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларымен кездеспек. Кездесуде компанияның 2017 жылғы операциялық және қаржылық қызметінің нәтижелері талданады деп жоспарлануда.      

Өткізілетін орны: Алматы қ., Байзақов көш., 280, мекенжайында орналасқан "Almaty Towers" КФК солтүстік мұнарасындағы KASE конференц-залы, 1-қабат.

Егер Сіз «KEGOC» АҚ-ның акционері болсаңыз және Сіздің компания басшылығына қоятын сауалыңыз бар болса, оны кездесуде жеке өзіне немесе өз брокеріңіз арқылы қоя аласыз.    

Қатысу мәселесі бойынша «KEGOC» АҚ Инвесторлармен байланыс жөніндегі департаментіне мына телефондар арқылы хабралысуға болады: тел. + 7 (7172) 690 297, 690 298, электронды мекенжайы shugayev@kegoc.kz