«KEGOC» АҚ Жылдық есебі мен тұрақты даму туралы есебі ең үздік деп танылды

Қазақ

        2016 жылғы RAEX(Эксперт РА Казахстан) жылдық есептер конкурсының қорытындылары бойынша «KEGOC» АҚ «Орнықты даму туралы ең үздік есеп», «Ең үздік интерактивтік есеп» номинацияларында лауреат, ал «Дизайн және полиграфия» номинациясы бойынша номинант атанды.

         Компания жылдық есеп пен орнықты даму туралы есептен тұратын жылдық есептер жинағын жыл сайын шығарып отырады. Бұл тәсіл ақпараттық, сонымен қатар пайдалануға ыңғайлы және қабылдауға жеңіл құжаттар жасауға мүмкіндік береді.      

         Жылдық есеп пен орнықты даму туралы есепті дайындаған кездегі негізгі жетістіктер:

- нарыққа сапалы шолу. Компанияның есептемесі көбінесе талдаушылар мен сарапшылар үшін сала туралы ақпараттың бағалы көзі болып табылады.  

- Жылдық есептің стратегиялық бағыты. Компания есебінің мазмұны 2025 жылға дейінгі стратегиялық мақсаттар негізінде құрылды, бұл жерде стратегиялық бағыттың әр бағыты бойынша жұмыс толық ашып көрсетіледі.   

- Операциялық және қаржылық нәтижелер туралы ақпаратты ашып көрсету сапасы жоғары. «KEGOC» АҚ жылдық есебінде қызметтің негізгі бағыттары бойынша құрылымдалған және теңгерімделген шолу жақсы жүргізілген.  

- «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі қызметінің сипаттамасы мен басшылықтың сыйақы саясатынан тұратын корпоративтік басқару мәселелерін дәстүрлі ашып көрсетеді.   

- Тұрақты даму мәселелерін ашып көрсету деңгейі жоғары. Тұрақты даму туралы есепте компания қызметінің экономикалық, экологиялық және әлеуметтік аспектілері толығымен жазылған, сонымен қатар аталған бағыттар бойынша менеджмент саласындағы тәсілдерді ашуды қоса алғанда, электр энергетикалық сектор үшін GRI нұсқаулығының салалық қосымшасы есепке алынған. Есепте ұсынылған деректерді сыртқы тәуелсіз тарап куәландырды. Бұл есеп мазмұнының GRI (G4 нұсқасы, Ақпаратты ашып көрсетудің негізгі нұсқасы) нұсқаулығына сәйкестігін растайды. Бұл стейкхолдерлер үшін жарияланған ақпараттың дұрыстығына қосымша сенімділік береді және корпоративтік басқару саласындағы озық тәжірибелерге сәйкес келеді.