KEGOC Еуропалық қайта құру және даму банкінің қарызын мерзімінен бұрын өтеді.

Қазақ

«KEGOC»АҚ қаржылық тұрақтылығын арттыру, борыштық жүктемесін азайту, валюталық, пайыздық және өзге де тәуекелдерді төмендету, сондай-ақ шығындарды азайту мақсатында, 2017 жылы 5-ші қаңтарда «KEGOC» АҚ«220 кВ ОБТҚС-Осакаровка ӘЖ қайта құру» инвестициялық жобасын жүзеге асыру үшін 2011 жылы Еуропалық Қайта құру және Даму банкінен алған 151,9 млн АҚШ доллары көлеміндегі қарызын мерзімінен бұрын өтеді.

Ұзақмерзімді бөліп төленетін несиенің алғашқы бөлігін 2016 жылы 7 желтоқсанда 70,2 млн. АҚШ доллары көлемінде қайтарды. Несиелік келісімнің күші бар кезінде «KEGOC» АҚ барлық міндеттерді өз уақытында орындады.

«220 кВ ОБТҚС-Осакаровка ӘЖ қайта құру» жобасының мақсаты Астана қ. тұтынушыларын электрмен қамтамасыз ету сенімділігін арттыру, сонымен қатар қалалар мен Астана қ. индустриалдық аумағында салу жоспарланған нысандардың электр энергиясына деген артушы сұранысын қамтамасыз ету. Жоба аясында Астана қ. электрмен жабдықтау сенімділігін арттыру үшін 220 кВ ОБТҚС-Осакаровка екі тізбекті желілерін қайта салу және 500 кВ ОБТҚС қосалқы станциясын қайта салу жұмыстары жасалды.