Call-орталық 1494

Қазақ

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанында азаматтарды, мемлекеттік қызметкерлерді, сонымен қатар басқа да адамдарды мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде хабардар ету және сол бойынша кеңес беру мақсатында Call-орталық1494 (Консультациялық орталық)  құрылып, жұмыс істеуде.

Толығырақ ақпаратпен Агенттіктің anticorruption.gov.kz сайтынан танысуға болады.

Абоненттер Call-орталыққа бүкіл республика бойынша қалалық телефон және ұялы байланыс операторлары арқылы «1494» нөмірі бойынша (қоңырау тегін) хабарласады. Сонымен қатар азаматтардың электрондық өтініштері мен шағымдары kzПортал 1494 сайтында да қабылданады.