Компания туралы жалпы мәлімет«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы «KEGOC» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) акционерлік қоғамы «Қазақстан Республикасының энергетика жүйелерін басқаруды құрылымдық қайта құру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 28 қыркүйектегі № 1188 қаулысына сәйкес құрылды. «KEGOC» АҚ-ның бастапқы мемлекеттік тіркелу күні — 1997ж.11 шілде. Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ., Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көш., 37. Қазақстан Республикасының Үкіметі «KEGOC» АҚ құрылтайшысы болып табылады. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 қаңтардағы № 50 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 ақпандағы № 117 қаулысына сәйкес «KEGOC» АҚ акцияларының мемлекеттік пакеті «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстан холдингі «АҚ-ның орналастырылатын акцияларын төлеуге тапсырылды. 2008 жылдың 13 қазанынан «Қазына» Тұрақты даму қоры» мен «Самұрық» Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстандық холдингінің «қосылуы арқылы Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығымен «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» құрылды. Компания миссиясыҚазіргі заманғы техникалық, экономикалық, экологиялық талаптарға, кәсіби қауіпсіздік және денсаулық қорғау стандарттарына сәйкес Қазақстан Республикасындағы біртұтас электр энергетикасы жүйесінің жұмыс сенімділігі мен тиімді дамуын қамтамасыз ету. Пайымы – 2025 «KEGOC» АҚ әлемдік деқгейдегі компанияға және өңірлік ауқымда электр энергетикасы саласындағы құзіретті орталыққа айналады. Қоғам Қазақстан Республикасындағы біртұтас электр энергетикалық жүйенің Жүйелік операторы бола отырып, мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
* электр энергиясы көтерме сауда нарығының субъектілері үшін Компания көрсететін қызметтер табиғи монополия саласына жатады. азіргі уақытта «KEGOC» АҚ-ның қызмет түрлерімен айналысуға арналған мынадай лицензиялары бар: 1) электр энергиясын жеткізу мен бөлу жөніндегі қызмет түрімен айналысуға арналған 2010ж.23.06 № 000693, (лицензия беруші – ТМРА, қолдану мерзімі – бас). Осы лицензия 2010 жылы қайта ресімделді (электр энергиясын жеткізу мен бөлу жөніндегі қызмет түрімен айналысуға арналған 2004ж.19.11 № 003382); 2) электр желілері мен қосалқы станцияларды пайдалану жөніндегі қызмет түрімен айналысуға арналған 2010ж.21.12 № 000041-0, (лицензия беруші – ТМРА, қолдану мерзімі – бас). Осы лицензия 2010 жылы қайта ресімделі (электр желілері мен қосалқы станцияларды, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар мен құбырларды пайдалану, энергетикалық жабдықтарды, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар мен құбырларды жөндеу жөніндегі қызмет түрімен айналысуға арналған 2004ж.01 № 003399); 3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында жұмыс (қызмет) түрлерімен айналысуға арналған 2006ж.07.09 № 0001816 ГСЛ, (лицензия беруші – Астана қалалық мемлекеттік сәулет-құрылысты бақылау басқармасы, қолдану мерзімі – бас); 4) энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу жөніндегі қызмет түрімен айналысуға арналған 2009ж.13.07 № 000495, (лицензия беруші – ТМРА, қолдану мерзімі - бас). Осы лицензия лицензияланатын қызмет түрі атауының өзгеруіне байланысты 2009 жылы қайта ресімделді (электр энергиясынн қайта сату мақсатында сатып алу жөніндегі қызмет түрімен айналысуға арналған 2004ж.19.11 № 003383 лицензия); 5) энергетикалық жабдықтарды, 0,7 кг/см2 жоғары қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар мен құбырларды жөндеу жөніндегі қызмет түрімен айналысуға арналған 2010ж.31.12 № 0004059, («жөндеуге» байланысты қосымша қызмет түрлері (құрал-жабдықтардың жай-күйіне диагностика жүргізу, техникалық құрылғының жөнделуін немесе жұмыс қабілеттілігін қалпына келтіру, элементтерін ауыстыру, зақымданғандарын жөндеу, жою), (лицензия беруші – ҚР ИЖТМ Өнеркәсіп комитеті) Осы лицензия 2010 жылы қайта ресімделді (электр желілері мен қосалқы станцияларды, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар мен құбырларды пайдалану, энергетикалық жабдықтарды, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар мен құбырларды жөндеу жөніндегі қызмет түрімен айналысуға арналған 2004ж.01.12 003399). Электр желілері2010. 01.01. күнгі жағдай бойынша «KEGOC» АҚ балансында кернеуі 0,4–1150 кВ болатын 310 электр жеткізу желісі бар. Тізбек бойынша ұзындығы 24501,90695 шақырымды құрайды, оның ішінде:
|