«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы:«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы:
2010 жылы Директорлар кеңесі Директорлар кеңесінің 9 отырысын өткізді, олардың ішінде 6-ы көзбе-көз нысанда және 3-і сырттай нысанда өткізілді. Директорлар кеңесінің 2010 жылға арналған Жұмыс жоспарын (бұдан әрі - Жоспар) «KEGOC» АҚ-тың Директорлар кеңесі 2010 жылғы 24 ақпанда бекітті. 2010 жылға арналған жоспарда 61 мәселені қарау көзделген. Директорлар кеңесі 2010 жылы 72 мәселені, олардың ішінен 11 жоспардан тыс мәселені қарады. Директорлар кеңесінің 2010 жылға бекітілген Жоспары барлық тармақтар бойынша 100%-ға орындалды. 2010 жылы қаралған негізгі мәселелер мыналар болып табылады:
«KEGOC» АҚ Басқармасының жаңа редакциядағы Ережесі; «KEGOC» АҚ еңбеккерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету ережелері; Қоғамның Директорлар кеңесі туралы Ереже; Тәуекелдерді басқару жөніндегі құжаттар және т.с.с.
Қазақстан БЭЖ-де электр энергиясын өндіру-тұтынудың теңгерімделуін ұйымдастыру жөніндегі қызмет көрсетуге және электр энергиясын «KEGOC» АҚ-тың тораптары бойынша жеткізу жөніндегі қызмет көрсетуге «Батыс транзит» АҚ-пен мәміле; Қоғам міндеттемелерін оның меншік капиталы мөлшерінен он және одан аса пайызды құрайтын шамаға ұлғайту туралы шешім қабылданды, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-пен кепілдеме шарты жасалды.
|