Акционер туралы қысқаша, ақпарат
«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» акционерлік қоғамы «Қазақстан Республикасының энергетика жүйесін басқаруды құрылымдық қайта құру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 28 қыркүйектегі № 1188 қаулысына сәйкес құрылды.
«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы «KEGOC» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) акционерлік қоғамы «Қазақстан Республикасының энергетика жүйелерін басқаруды құрылымдық қайта құру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 28 қыркүйектегі № 1188 қаулысына сәйкес құрылды. «KEGOC» АҚ-ның бастапқы мемлекеттік тіркелу күні -1997жылғы 11 шілде. Қазақстан Республикасының Үкіметі «KEGOC» АҚ құрылтайшысы болып табылады. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 қаңтардағы № 50 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23, ақпандағы № 117 қаулысына сәйкес «KEGOC» АҚ акцияларының мемлекеттік пакеті «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстан холдингі АҚ-ның орналастырылатын акцияларын төлеуге тапсырылды. «Қазына» тұрақты даму қоры» және «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстан холдингі“ акционерлік қоғамдарын біріктіру жолымен «Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығы жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығына және «Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 962 қаулысына сәйкес «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы құрылды. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын арттыру және елімізде экономиканың өсуіне әлемдік нарықтағы өзгерістердің теріс әсер ету факторларының алдын алу мақсатында құрылды. Қор қызметінің басты мақсаты ұзақ мерзімді құндылықтарды көбейту және әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттікті арттыру мақсатында меншік құқығында ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың және басқа да заңды тұлғалардың акцияларының пакеттерін (қатысу үлесін) басқару болып табылады. Қор қызметінің негізгі қағидаттары:
Қор қызметінің негізгі бағыттары:
|