Әлеуметтік саясат

«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы «KEGOC» акционерлік қоғамы «Электр энергетикасы туралы» ҚР Заңына сәйкес Қазақстан Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің Жүйелік операторы қызметін атқарады. Компания қызметі электрмен жабдықтау сенімділігін жақсартуға және Ұлттық электр торабына барлық нарық қатысушыларының еркін кіруін қамтамасыз етуге бағытталған.
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында «KEGOC» АҚ өз қызметкерлеріне ішкі норматвитік құжаттармен реттелетін әлеуметтік қолдау көрсету мен қайырымдылық көмек көрсету жөніндегі іс-шараларды Қоғам құрылған уақыттан бастап үзбей жүргізіп келеді.

Компанияның әлеуметтік саясатының бір бағыты қызметкерлердің денсаулығына қамқорлық таныту, қызметкерлерді және олардың отбасы мүшелерін қорғауды қамтамасыз ету болып табылады. «KEGOC» АҚ қызметкерлерін әлеуметтік қолдау мақсатында төлемдерді жүзеге асыру ережелері негізінде 2007 жылы Компания 609 қызметкерге жалпы сомасы 27,301 млн. теңгеге материалдық көмек көрсетті.

Корпоративтік өзара қарым-қатынастарды күшейту үшін жыл сайын мемлекеттік, ұлттық және кәсіби мерекелерге байланысты (Наурыз мейрамы, Энергетиктер күні) мәдени іс-шаралар өткізіліп тұрады.
Компания «Энергиятех кәсіподағымен» бірлесе еңбек қорғау мәселелері бойынша ынтымақтасып жұмыс істейді. Осы мақсатта еңбек қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторлар тобы құрылды, кәсіподақ өкілдері жазатайым оқиғаларды тексеру жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысады. Компанияда әрдайым салауатты өмір салтын насихаттау мен ұстануға ерекше көңіл бөлінеді. Салауатты өмір салтын насихаттауда корпоративтік рухты көтеретін спорттық іс-шаралар ұйымдастырлады.

Компания кәсіподақпен бірлесе отырып, жыл сайын спорт жарыстары мен қызметкерлердің белсенді демалыстары бойынша іс-шаралар өткізіп тұрады. 2007 жылы спорттық іс-шараларға Компания қаржысынан 2,059 млн. теңге бөлінді. Биыл 9 қыркүйекте Астананың 10-жылдық мерейтойына орай, Ақтөбе қаласында волейбол спартакиадасын өткізді. Сондай-ақ 2008 жылғы 5–7 қыркүйек аралығында өткен «Би Джи Энерджи Чаллендж» (BG Energy Challenge) халықаралық әлеуметтік жобасы — командалық спорт жарысына қатысып, ұлттық компаниялардың арасында KEGOC командасы ең үздік деп танылды.

Компанияның энергетика ардагерлерін, зейнеткерлерді, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен еңбек майданының ардагерлеріне, жауынгер интернационалистерге материалдық және моральдық қолдау көрсетуге бағытталған әлеуметтік саясатын ерекше атап өту керек. Осы әлеуметтік топтардан Компания есебінде 540 адам тұрса, олардың барлығына дерлік тұрақты материалдық көмек көрсетіліп отырады.
Өндірістік қызметпен қатар «KEGOC» АҚ көмекке мұқтаж топтарға, білім беру, денсаулық сақтау, спорт мекемелеріне, бұқаралық ақпарат құралдарына және қоғамдық ұйымдарға көмек көрсетуді қоса алғанда, қоғамның мәдени және қайырымдылық салаларына қолдау мен дамытуға бағытталған елеулі әлеуметтік жұмыс жүргізіп отыр.

Сонымен, 2007 жылдың ғана көрсеткішін алып қарайтын болсақ, «KEGOC» АҚ сомасы 142 247,8 мың теңгеге ізгілік және демеушілік көмек көрсетті, оның ішінде:

1. Мемлекеттік және салалық бағдарламаларды, республикалық деңгейдегі іс-шараларды іске асыруға — 7 295,8 мың теңге:

  • Түркиядағы Қазақстан Республикасының Елшілігі — Түркияда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған іс-шараны өткізуге.

2. Әлеуметтік қамту, білім беру, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет және ғылыми ұйымдарға көрсетілген көмек — 26 392,0 мың теңге:

  • «Қазақ соқырлар қоғамы» ГПФ ҚБ;
  • «Мүгедек жастар қоғамы» ҚБ;
  • Арнайы түзету мектеп-интернаты;
  • «Алматы қаласы ҰОС ардагерлері» ҚБ;
  • «Би әлемі» Қоғамдық бірлестігіне;
  • «Мәдени-демалыс қызметі орталығы» ЖШС;
  • «Светоч» балалар үйі;
  • «Қазақстан Республикасының велосипед спорты федерациясы» ҚБ.

3. Әлеуметтік маңызды бағдарламаларды, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың іс-шараларын іске асыруға көмек, БАҚ-ты қолдау — 97 140,0 мың теңге:

  • «Энергиятехкәсіподақ» ҚБ;
  • «Тектұрмас Әулие» Қоғамдық қоры — облыс тұрғындарының арасында «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын насихаттау мен түсіндіру үшін;
  • ИП Құлымметова К.И. — мешіт құрылысын салуға;
  • «Уран» ҚҚ — Н.Нүсіпжановтың мерейтойлық шығармашылық кешін өткізуге көмек;
  • Қазақстан Электр энергиясы қауымдастығының іс-шараларын ұйымдастыру.

4. Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, мүгедектері мен олармен теңестірілген тұлғаларға, еңбек ардагерлеріне, мүгедектерге, балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне, жетім балаларға және ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға, тұрмысы нашар отбасы балаларына- 11 420,0 мың теңге:

  • «Үміт-Надежда» Балалар қайырымдылық қоры;
  • «Алматы УПП КОС» ЖШС.

Басқарманың шешімімен 2007 жылы мамыр айында «KEGOC» АҚ-ның Сарыбай МЭТ филиалының теңгеріміндегі 201 дана ер адамдар костюмдері Рудный қалалық еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тұрмысы нашар адамдарды қамтамасыз ету үшін, ақысыз берілді.

Компания республика-деңгейінде өткізілетін іс-шараларға қомақты қаржы бөліп, қайырымдылық көмектерін көрсетіп отырады. Қазақстан Республикасы Елордасының 10 жылдық мерейтойына орай әлеуметтік-мәдени іс-шараларға қаржылық қолдау көрсету мақсатында Астана қ. Білім беру департаменті «Ел жүрегі — Астана» әлеуметтік жобасын жүзеге асыру аясында Қазақстанның әр түрлі өңірлерінен келген жетім балалар мен тұрмысы төмен отбасыларының балаларына экскурсиялық іс-шаралар өткізуге демеушілік көрсету туралы меморандумға қол қойды. Компания көрсеткен қолдау-көмектің арқасында 100 бүлдіршін мереке күндеріндегі Елорда салтанатын өз көздерімен көріп, танысу мүмкіндігіне ие болды.

Елорда мерейтойы қарсаңында өткізіліп жатқан спорттық іс-шаралар аясында «KEGOC» АҚ Шинкиокушинкай каратэ түрінен «Астана кубогі — 2008» Ү-ші халықаралық ашық турнирінің бас демеушісі болды.

Бұдан басқа «KEGOC» АҚ «Астана қ. Денсаулық сақтау департаменті Кардиологиялық орталығы ҚБ» МКҚК кардиологтарының Еуро-Азиялық конгресс өткізуіне қолдау көрсетті, бұл басқосудың мақсаты жүрек-қан тамырлары ауруларымен ауыратын адамдарға медициналық жәрдемді ұйымдастыру еді.

«KEGOC» АҚ 2008 жылы Біріктірілген менеджмент жүйесінің халықаралық ISO 9001:2000, ISO 14001:2004 стандарттары мен OHSAS 18001:1999 ерекшелімдері жүйесін енгізу арқылы табиғи ортаны қорғауға, табиғат байлығын тиімді пайдаланып, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ «KEGOC» АҚ негізгі міндеттерін шешуді еңбек қорғау және техника қауіпсіздігімен үйлестіре жүргізу кепілдігіне ие болды.

Заполните все поля формы:

Наименование организации *:
РНН *:
Адрес *:
Контактный телефон *:
Электронная почта *:
Почтовый адрес П.П. *.:
Фамилия, имя, отчество зарегистрировавшегося *:
№ удостоверения личности, дата выдачи, кем выдано *: