«KEGOC» АҚ Кредиттік рейтингтері

 Fitch Агенттігі KEGOC қазақстандық компаниясының рейтингін «BBB» деңгейіне дейін көтерді, болжам жағымды
Fitch Ratings, Лондон / Москва, 2011 ж 21 қараша: Fitch Ratings агенттігі Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясының (KEGOC) рейтингілерін көтерді: шетел валютасындағы ұзақ мерзімді эмитент дефолты рейтингі (ЭДР) «ВВВ-»  деңгейінен «ВВВ» сатысына,  Ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді ЭДР «ВВВ» деңгейінен  «ВВВ+» сатысына көтерілді,  және шетел валютасындағы қысқа мерзімді ЭДР  «F3» деңгейінде расталды. Ұзақ мерзімді ЭДР бойынша болжам – жағымды.
Бұл рейтингілік іс-әрекет KEGOC рейтингін мерзімді қайта қарау рәсімдеріне сәйкес келеді, сондай-ақ осы агенттіктің 2011 жылғы 21 қарашада жүргізген жаңартылымын, яғни Қазақстанның шетел валютасындағы және ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді ЭДР-інің «ВВВ-дан» «ВВВ-ға» дейінгі және «ВВВ-дан» «ВВВ+»-ға дейінгі деңгейін көрсетеді. Агенттік Қазақстанның ұзақ мерзімді ЭДР бойынша жағымды болжамдарын өзгеріссіз қалдырды.
 (Қосымша ақпаратты мына сайттан алуға болады  www.fitchratings.com).

Moody's рейтингті Baa3 деңгейінде растады, болжам «Тұрақтыға» өзгерді

  20 сәуір 2011 ж.  Moody's Investors Service «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» акционерлік қоғамының (KEGOC) қамтамасыз етілмеген борыштық басым рейтингін Baa3 деңгейінде растады, деп көрсетілді рейтингитік агенттіктің хабарламасында.

Құжатқа сәйкес рейтинг бойынша болжам «Терістен» «Тұрақтыға» өзгерді. Рейтингтің болжамындағы өзгеріс 2009 жылмен салыстырғанда экономиканы қалпына келтіру, қолайлы тарифтік реттеу және инвестицияның шектеулі төмендеуі нәтижесінде «KEGOC» АҚ-ның  2010 жылғы жақсарған қаржылық жағдайын көрсетеді.   

Компания рейтингінің «Тұрақты» болжамы Қазақстанның егеменді рейтингінің тұрақты болжамын және Moody’s-тың KEGOС компаниясы үшін мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау қол жетімді болатыны жөніндегі болжалын көрсетеді.    

gamma_small_1.jpg 

«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» АҚ-тың GAMMA рейтингі GAMMA-5-тен GAMMA-5+-ке дейін көтерілді

2010 ж. 22 желтоқсан

 Fitch Ratings Рейтинг агенттігі 

 Fitch Ratings рейтинг агенттігі «KEGOC» АҚ-ның шетел валютасындағы ұзақ мерзімді эмитент дефолты рейтингін (ЭДР) «ВВВ-» деңгейінде растады, болжам «Тұрақтыдан» «Позитивтіге» өзгертілді.

Ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді ЭДР «ВВВ» деңгейінде расталды, болжам «Тұрақтыдан» «Позитивтіге» өзгертілді.

Шетел валютасындағы қысқа мерзімді ЭДР  «F3» деңгейінде расталды.

«KEGOC» АҚ рейтингілері компания қарызының ауқымды бөлігі (56%) бойынша мемлекет кепілдігінің болуы ескеріліп, тәуелсіз рейтингтерге сәйкес келуде. «KEGOC» АҚ қызметіне мемлекет толығымен бақылау жасайды және Қазақстан электр желілерінің стратегиялық сипатта болуына орай   мемлекеттің ықпалды қолдауына ие. 

2010 ж. 15 наурыз KEGOC АҚ-ға GAMMA 5 рейтингі берілді.

(«Корпоративтік басқару, есеп беру мен менеджменттің тиімділігін талдау және бағалау»). Тиісті шешімді Standard & Poor’s корпоративтік басқару рейтингтері қызметі 2010 жылғы 15 наурызда шығарды. GAMMA рейтингі корпоративтік басқаруды талдаудың екі жаңа элементі: компанияның стратегиялық жоспарлау процесі мен тәуекелді басқару жүйесі кіретін әдіснаманы жетілдіру есебінен корпоративтік басқару құрылымы мен тәжірибесіне толық баға береді. Аса нақты ақпаратты www.standardandpoors.ru сайтынан алуға болады.

  Standard & Poor’s, Мәскеу, 2009 жылғы 3 қыркүйек

Standard & Poor’s рейтингтік қызметі «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» «KEGOC» АҚ-ның – Қазақстан Республикасының электр тораптарының мемлекеттік операторының ұзақ мерзімді «ВВ+" рейтингін мақұлдады (ұлттық валютадағы міндеттемелері бойынша ВВВ-/Тұрақты/А-3; ұлттық валютадағы  міндеттемелері бойынша ВВВ/Тұрақты/А-3 рейтингі; «kzAAA» ұлттық шкаласы бойынша рейтинг). Болжамы – «Тұрақты».

Moody’s Investors Service, Мәскеу, 2009 ж. 7 шілде

Moody"s Investors Service халықаралық рейтингтік агенттігі басқаруында мемлекет қатысатын он бір компанияның онының рейтингтерін қайта қарауды аяқтады. «KEGOC» АҚ-ның рейтингі  «жағымсыз» болжамды  Ваа3 дейін төмендетілді. Рейтингтер 2009 жылғы 15 маусымда ұлттық экономикаға түсетін, атап айтқанда қаржы секторындағы қысым Үкіметті жақын арада елеулі күрделі қаржы салымын қажет ететуі мүмкін, мемлекетке тиесілі компанияларды ішінара қолдауға мәжбүрлейтін қауіптер салдарынан ықтимал төмендетілген тізіміне орналастырылды.   

  

Standard & Poor’s

Moody’s

Fitch Ratings

2003 жыл

BB/оң

В1/оң

-

2004 жыл

ВВ+/тұрақты

Ваа3/оң

-

2005 жыл

ВВ+/тұрақты

Ваа3/оң

-

2006 жыл

ВВ+/тұрақты

Ваа1/тұрақты

-

2007 жыл

ВВ+/тұрақты

Ваа1/тұрақты

ВВВ/жағымсыз

2008 жыл

ВВ+/жағымсыз

Ваа1/тұрақты

ВВВ-/жағымсыз

2009 жыл

ВВ+/тұрақты

Baa3/жағымсыз

ВВВ-/жағымсыз

2010 жыл

ВВ+/тұрақты

Baa3/жағымсыз

ВВВ-/оң

2011 жыл

ВВ+/ тұрақты

Baa3/ тұрақты

ВВВ/ жағымды

 

Заполните все поля формы:

Наименование организации *:
РНН *:
Адрес *:
Контактный телефон *:
Электронная почта *:
Почтовый адрес П.П. *.:
Фамилия, имя, отчество зарегистрировавшегося *:
№ удостоверения личности, дата выдачи, кем выдано *: