Қазақстан Электр Энергетикасы Қауымдастығы туралы қысқаша ақпаратҚазақстан Электр Энергетикасы Қауымдастығы (ҚЭҚ) — 1999 жылы 7 қаңтарда үкіметтік емес, коммерциялық емес ұйым ретінде құрылған заңды тұлғалардың бірлестігі. Қауымдастықтың негізгі міндеті — қызметті үйлестіру және Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласын әділ құру мен ортақ мүддесін қорғау. Қазіргі таңда Қауымдастыққа кіргендер: өңірлік электр желілік компаниялар, бас компаниялар, жүйелік оператор, орталықтандырылған сауда-саттық операторы, негізгі салалық ғылыми-зерттеу және жобалау институттары, энергетика жабдықтарын шығарушылар, АҚШ Энергетика Қауымдастығы және тағы басқалар. ҚЭҚ сала өкілдері мен мемлекеттік органдар арасындағы диалогта байланыстырушы рөл атқарады. Осы мақсатта Қауымдастық түрлі органдармен Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Қазіргі уақытта Қауымдастық Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің, Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің, Бәсекелестікті қорғау агенттігінің нормативтік құқықтық актілерді сараптау жөніндегі сараптамалық кеңестерінде аккредиттелді. Сонымен қатар ҚЭҚ мемлекеттік органдардың әртүрлі жұмыс топтарының жұмысына қатысады. Қауымдастыққа қатысушылар «Электр тораптық ережелерді» әзірлеуге қатысты, «Электр энергетикасы туралы», «Табиғи монополиялар туралы», «Бәсекелестік туралы» ҚР Заңдарына, сондай-ақ салаға қатысты бірқатар басқа да нормативтік құқықтық және техникалық құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар берді. ҚЭҚ бастамасымен «Қазақстанның энергетикасы мен отын ресурстары» атты салалық журнал қайта шығарылды, саланың негізгі нормативтік құқықтық актілері жарияланатын және Қауымдастықтың ағымдағы тыныс-тіршілігі туралы жазылатын, ақпараттық «Энергетика бюллетені» шығарыла бастады. Интернетте, ақпараттық сайт құрылды. Саланың еңбеккерлерін ынталандыру мақсатында ҚЭҚ еңбегі сіңген энергетигі, ҚЭҚ құрметті энергетигі, ҚЭҚ ардагер энергетигі атақтары мен ҚЭҚ құрмет қағазы белгіленді. ҚЭҚ қызметі бағыттарының бірі — бұл семинарлар, конференциялар мен көрмелер өткізу және оларға қатысу. Электр энергетикасы саласының проблемалары мен оны дамыту мәселелері жөнінде энергетиктердің республикалық кеңестері өткізіліп тұрады. ҚЭҚ бастамасымен ӨЭК электр-жөндеу жұмыскерлерінің республикалық жарыстарын өткізу қайта қолға алынды. Қауымдастықтың ағымдағы қызметімен атқарушы орган айналысады, оны төраға Оразалинов Ш.Ә. басқарады. 2008 жылы 14 наурызда ҚЭҚ жанында Қазақстан ардагер энергетиктер кеңесі құрылды, Нұрпейісов С.С. кеңестің төрағасы болып табылады, мүшелері-Абдоллаев К.А., Әбітаев Е.Ә., Дүкенбаев К.Д. және т.б. Қазіргі таңда ҚЭҚ-да мүшеліктің екі түрі бар, бұл-қатысушы мүшелер (дауыс беру құқығымен) және бақылаушы мүшелер (дауыс беру құқығынсыз). Қауымдастық мүшелерінің жалпы жиналысы Қауымдастықтың жоғары басқарушы органы болып табылады. Жалпы Жиналыс Қауымдастықтың үш қатысушы мүшесінен тұрады. Директорлар кеңесі Қауымдастық атынан шешім қабылдауға өкілеттігі бар ҚЭҚ бағынышты органы болып табылады. ҚЭҚ Директорлар кеңесінің қазіргі құрамы:
ҚЭҚ-тың қазіргі құрамы мынадай:Қатысушы мүшелер:
Бақылаушы мүшелер:
Барлық мүшелер жыл сайын ҚЭҚ-ға жарна төлейді. Жыл сайын Қауымдастықтың Жалпы Жиналысы кіру жарнасы және мүшелік жарнасының мөлшерін анықтайды. ҚЭҚ атқарушы кеңсесінің деректемелері: Астана қаласы, 010000, Тәуелсіздік көшесі 12/1, ВП-44, «Сулы жасыл гүлзар» әкімшілік ғимаратының 5 Б блогы, Д кеңсесі, тел./факс: (7172) 68-96-51, e-mail: kea.astana@mail.ru, сайт: www.kea.kz. |