ЭКН субъектісінің ЭКЕАЖ қосуға техникалық шарттар алу
ЭКЕАЖ құру бойынша бірінші қадам «KEGOC» АҚ Пайдалану және күрделі құрылыс жөніндегі басқарушы директорының атына жазылған субъектінің ресми өтінімі бойынша берілетін ЭКН субъектісінің ЭКЕАЖ-сын ҚР ЖО ЭКЕАЖ-сына қосуға техникалық шарттарды (бұдан әрі-ТШ) алу болып табылады. ТШ алу үшін ЭКН субъектісі желілерінің бір желілік электр схемасын, сондай-ақ жобаланатын ЭКЕАЖ-ға қосу жоспарланып отырған электр энергиясын есепке алудың барлық нүктелерінің техникалық және метрологиялық деректерін ұсыну қажет.
ЭКН субъектілеріне ҚР ЖО ЭКЕАЖ-сына қосуға берілетін ТШ құрамына мыналар кіреді:
Жүйені жобалауға арналған техникалық тапсырманы әзірлеу
ОРЭ субъектісі қосуға ТШ-ны алған соң жобалауға арналған техникалық тапсырма әзірленуі тиіс (одан әрі – ТТ). ТТ-ны Тапсырыскер дербес не ЭКЕАЖ-ні жобалауда тәжірибесі бар мамандандырылған ұйым әзірейді.
ТШ-ны мынадай қосымшалармен ресімдеу қажет:
Жобаның техникалық жүйесі мен жұмыс құжаттамасын әзірлеу.
ОРЭ ЖО-ның ТТ-н ОРЭ субъектісімен келісілген соң ЭКЕАЖ-ні құру жөнінде Техникалық жоба (бұдан әрі – ТЖ) әзірленуі тиіс. ЭКЕАЖ-нің ТЖ-да АСКУЭ ТТ-на қойылған барлық міндеттердің шешімдері егжей-тегжейлі сипатталуы тиіс.
ЭКЕАЖ-нің жобалық шешімі стандарттармен қарастырылғаннан өзге мынадай бөлімдерді мазмұндауы тиіс:
Тапсырыскердің «Техникалық жобаны» бекітуі «Техникалық жоба» құжаттарын әзірлеу нәтижесі болып табылады.
Тапсырыскер «KEGOC» АҚ Өндіріс жөніндегі басқарушы директорының атына ілеспелі хатпен бірге бекітілген «Техникалық жобаны» (үш данада) келісілуге жөнелтуі тиіс. «Техникалық жоба» келісілгеннен және құрастыру мен іске қосу-баптау жұмыстарын жүргізуге арналған шарт жасасқаннан кейін орындаушы жұмыс құжаттамасын әзірлейді.
Құрастыру мен іске қосу-баптау жұмыстарын жүргізу.
«Құрастыру мен іске қосу-баптау жұмыстарын жүргізу» кезеңінің нәтижесі ОРЭ субъектісі ЭКЕАЖ-нің тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтарға даярлығы болып табылады.
Тиісті сынақтарды жүргізумен тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалануға тапсыру
ЭКЕАЖ-нің тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтарын жүргізу ЭКЕАЖ-ні құрудың ең маңызды кезеңдерінің бірі болып табылады. Бұл рәсім құрамбөліктердің техникалық, функционалдық және метрологиялық сипаттамалары мен тұтастай ЭКЕАЖ-нің Электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері үшін электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің жұмыс істеу қағидаларға сәйкестігі/сәйкессіздігін анықтауға мүмкіндік береді (ҚР ЭМ 2015 жылғы 30 наурыздағы № 248 бұйрығымен бекітілген және ҚР ӘМ 2015 жылы 6 мамырда № 10957 тіркелген).
Тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтардың мөлдірлігі үшін комиссияға Тапсырыскердің, Жоба орындаушысының, ОРЭ жүйелік операторының, сондай-ақ Коммемэнергоқадағалаудың, Мемстандарттың және басқа да мүдделі ұйымдардың өкілдері тартылады. Комиссия ЭКЕАЖ-ні ОРЭ ЖО-ның бекіткен және келіскен тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар бойынша тексереді және ЭКЕАЖ-ні тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалануға енгізу туралы шешім шығарады не анықталған ескертулер мен сәйкессіздіктерді жою үшін мерзім белгілейді.
Тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар Актісінің негізінде ОРЭ субъектісі жүйенің ТӨП-ге енгізу туралы бұйрық шығарады да бұйрық көшірмесін ОРЭ ЖО-на жібереді.
ЭКЕАЖ-ні тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалану үдерісінде істен шығулар анықталған кезде ОРЭ субъектісі оларды жоюға шаралар қолданады және ОРЭ ЖО-на ЭКЕАЖ-нің тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалануға қайтадан іске қосылу даярлығы туралы хабарлайды.
Тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалануға енгізу.
Бұл рәсім Электр энергиясы мен қуатының автоматтандырылған коммерциялық есепке алу жүйесін өнеркәсіптік пайдалануға қабылдау ережелерімен реттелімденген.