Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарын ұйымдастыру
Компанияда ҒЗТКЖ-ны жүргізу даму Стратегиясына және Инновациялық-технологиялық стратегиясына сай Компанияның стратегиялық мақсаттарына жетуіне бағытталған.
ҒЗТКЖ-ны ұйымдастыру ғылыми-техникалық міндеттердің басым бағыттарын анықтаудан бастап, «KEGOC» АҚ-ның тәжірибе қызметінде әзірленімдердің нәтижелерін пайдаланудан болатын нақты тиімділікті бағалау және оны есепке алуға дейінгі әзірленімдердің бүкіл тіршілік циклын қамтитын процесс ретінде қаралады.
Компанияда ҒЗТКЖ-ны ұйымдастыру кезіндегі негізгі мақсаттар:
1) Компанияның инновациялық-технологиялық дамуы үшін ҒЗТКЖ-ны оның басымдылықтары мен өзектілігін ескере отырып құру, жоспарлау және орындау процестерін бір жүйеге келтіру мен дамыту;
2) ғылыми-техникалық өнімдерді әзірлеуге және пайдалануға байланысты өзара тиімді іс-қимыл жасау процестерін қамтамасыз ету;
3) өндірістік және бизнес-процестердің тиімділігі мен сапасын арттыру үшін ҒЗТКЖ нәтижелерін ендіру;
4) мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізу мониторингін жүргізу болып табылады.
«KEGOC» АҚ-да ҒЗТКЖ-ны ұйымдастыру «KEGOC» АҚ-да Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру ережесіне сәйкес жүзеге асырылады. Ережеге сәйкес алдағы 5 жылға арналған технологиялық міндеттер қалыптасады.
«KEGOC» АҚ-ның 2021-2025 жылдарға арналған басымдық ғылыми-техникалық міндеттер тізбесі:
№ |
Міндет |
1 |
Кернеу мен жиіліктің қалыпты деңгейін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан БЭЖ-де активті және реактивті қуат теңгерімін реттеу |
2 |
Қазақстан БЭЖ бақылануы мен басқарылуын арттыру |
Мүдделі ұйымдар KEGOC-қа қоса берілген құжаттарға сәйкес әр тапсырма бойынша ҒЗТКЖ-ға өтінім жібере алады.