ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрінің м.а. 2007 жылғы 30 қарашадағы №269 бұйрығы негізінде 2008 жылғы 1-тоқсаннан бастап теңгерімдеуші нарықтың жұмысы теңгерімдеуші нарықтағы сатып алынған-сатылған электр энергиясы үшін нақты ақшалай өзара есеп айырысу рәсімін өткізбей имитациялық режимде жүзеге асырылады. Жұмыстың имитациялық кезеңі электр энергиясының көтерме сауда нарығының барлық субъектілеріне электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы (бұдан әрі - ЭТН) жұмыс істеген жағдайда өзара іс-қимыл механизмін пысықтау, Қазақстан БЭЖ-де электр энергиясының өндіру-тұтыну теңгерімсіздіктерінің нақты өлшемдерін анықтау, қуат резервтеріне қажеттіліктерді нақтылау, теңгерімдеуші электр энергиясы бағаларының диапазонын анықтау үшін қажет. Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының имитациялық режимдегі жұмысы 2022 жылғы 1 шілдеге дейін ұзартылды.
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 6-тармағына, сонымен қатар «Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу қағидасының» (бұдан әрі – Қағида) 4-тармағына сәйкес Қазақстан БЭЖ электр энергиясының көтерме суда нарығының әрбір субъектісі ЭТН-ға қатысуға міндетті.
Бұл ретте Қағидаға сәйкес электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектісі ЭТН-да электр энергиясын өндіру/тұтынумен байланысты өз теңгерімсіздіктерінің теңгерім провайдері болуға немесе электр энергиясының теңгерімсіздіктерін қаржылық реттеу жауапкершілігін электр энергиясының көтерме сауда нарығындағы басқа субъектіге онымен тиісті шрт жасай отырып, беруге құқылы.
ЭТН имитациялық жұмыс режимі есеп айырысу орталығымен жасалған шарттар бойынша электр энергиясын теңгерімдеуші нарықта сатып алғаны-сатқаны үшін ақшалай нақты өзара есеп айырысу рәсімдерінен басқа Жүйелік оператордың электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетуін, көтерме сауда нарығының субъектілері Жүйелік оператормен жасаған шарттар негізінде электр энергиясының теңгерімсіздіктерін физикалық және қаржылық реттеуді қоса алғанда Қағиданың талаптарына сәйкес теңгерімдеуші нарықтың жұмыс істеуін көздейді.
Теңгерім провайдері имитациялық режим кезінде өз бетінше теңгерім провайдері ретінде қызмет көрсете алмайтын және осы жауапкершілік оған тапсырылған электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерімен электр энергиясының теңгерімсіздіктерін қаржылық реттеу қызметін көрсетуге шарт жасауы тиіс.
Имитациялық режим ішінде Жүйелік операторы және есеп айыру орталығы көтерме энергия нарығы субъектілерін – Теңгерім провайдерлері персоналын, сондай-ақ «KEGOC» АҚ ЖЭТ филиалдары қызметкерлерін теңгерімдеуші нарық жүйесінің бағдарламалық жасақтамасымен жұмыс істеу қағидалары мен әдістері бойынша оқытады, соның ішінде: тәуліктік кестені құру үшін электр энергиясын өндіру-тұтынудың жоспарланған көлемі туралы деректерді, реттеуге қатысуға өтінімдерді беру, Жүйелік оператордың ЭТН әрбір субъектісі бойынша электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты сағаттық мәндерін қалыптастыру жөніндегі ақпараттық деректер базасына қол жеткізу тәсілдері бойынша.
Теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алу/сату шарттары талаптарын орындау аясында имитациялық режим кезінде теңгерімдеуші нарық жүйесінің бағдарламалық жасақтамасын сынау үшін теңгерім провайдері мен есеп айырысу орталығы арасында «тестілеу» белгісін қоя отырып, теңгерімдеуші нарықта электр энергиясын сатып алу-сатудың салыстырып тексеру актілері жасалады, есеп айырысу кезеңінің қорытындысы бойынша ақы төлеуге шот-фактуралар жіберіледі.
Әрбір теңгерім провайдері бойынша теңгерімсіздіктің сағаттық көлемі туралы ақпараттық деректер, теңгерімдеуші электр энергиясының баға көрсеткіштері көтерме сауда нарығы субъектілеріне электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын өндіру/тұтынумен байланысты бизнес-процестерін оңтайландыруға көмектеседі. Имитациялық режим қорытындысы бойынша әрбір теңгерім провайдері алдағы кезеңдегі бюджеттің кіріс және шығыс бөліктерін жоспарлау үшін қажетті талдамалық ақпаратты ала алады. Жүйелік оператордың теңгерімдеуші нарығы жүйесінің ақпараттық деректер базасына қол жеткізу мына тәртіпте жүзеге асырылады:
Теңгерімдеуші нарықтың жұмыс істеу қағидаты қандай?
Теңгерімдеуші нарық моделі төмендегідей қысқаша түсіндіріледі:
Қазіргі уақытта белгіленген тәуліктік кестеден ауытқу «KEGOC» АҚ (ауыспалы құрам) және Орталық Азия энергия жүйелері (негізгі құрам) көрсететін қуатты реттеу бойынша қызметі мен энергия көздерінде электр қуатына қосымша тапсырыс беру арқылы тәуліктік кестеге түзету енгізу есебінен өтеледі.
Теңгерімдеуші нарық енгізілгеннен кейін «KEGOC» АҚ нарық субъектілеріне қуатты реттеу бойынша қызмет көрсетуді тоқтатады. Тәуліктік кестеден болатын барлық ауытқулар теңгерімдеуші нарықта реттеледі. Бұл ретте Орталық Азияның энергия жүйелерінен базалық құрауышы бойынша қуатты реттеу қызметін сатып алу және тәуліктік кестені түзету мүмкіндігі сақталады.
Электр энергиясы теңгерімсіздіктерін қаржылық реттеуді Жүйелік оператор теңгерім провайдерлерімен жасалған теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету шарты бойынша жүзеге асырады, бұл ретте теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алу-сату операцияларын есеп айыру орталығы теңгерім провайдерлерімен жасалған теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алу/сату шарты бойынша жүзеге асырады.
Теңгерім провайдері үшін электр энергиясының теңгерімсіздігі Жүйелік оператордың бекітілген тәуліктік кестесінде осы сағат үшін көрсетілген көлемнен бір сағат ішінде қабылданған (босатылған) электр энергиясы нақты көлемінің алгебралық сомасы ретінде есептеледі (келісілген реттеулерді есепке ала отырып). Әрбір он күн сайын Жүйелік оператор теңгерімнің әрбір провайдері бойынша теңгерімсіздіктер бойынша өзара есеп айырысу ведомосын жасайды, онда әрбір сағат бойынша теңгерімсіздік көлемі мен белгісі, әрбір сағат бойынша теңгерімдеуші электр энергиясының бағасы, есеп айырысатын он күндіктегі дебет пен кредиттің жиынтық көлемі көрсетіледі. Есептік кезең (ай) нәтижелері бойынша Жүйелік оператордың есеп айырысу орталығы мен теңгерім провайдері арасында Қазақстан Республикасы электр энергиясының көтерме нарығында электр энергиясын өндіру/тұтынудың нақты теңгерімі мен теңгерімсіздіктер бойынша өзара есеп айырысудың айлық ведомостары негізінде түпкілікті өзара есеп айырысулар жүзеге асырылады.