Инвестициялық жобалар

Сұрыптау:

«Солтүстік-Оңтүстік транзитінің 500 кв екінші электр жеткізу желісі» жобасы

Жобаның мақсаты:

Солтүстік-Оңтүстік бағытында электр энергиясын жеткізудегі өткізу қабілетін жылына 7-7,5 млрд.кВт.с дейін ұлғайту есебінен Қазақстанның электр энергиясынан тапшылық көріп отырған облыстарын қамтамасыз ету, Қазақстанның ұлттық электр торбының, Ресейдің, Қазақстан мен Орталық Азияның энергия бірлестіктерінің сенімді жұмысын арттыру және қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

Жобаның ТЭН бойынша сметалық құны: 41,399 млрд. теңге, (ХҚДБ, ЕҚДБ және ҚДБ қарыз қаражаттары - $259,88 млн.және 6970,13 млн. теңге).

Жобалық көрсеткіштер: транзиттің бағдары: 1150 кВ Екібастұз ҚС – 500 кВ Ағадыр ҚС – 500 кВ ОҚМАЭС ҚС - 500 кВ Шу ҚС. Қазақстанның Солтүстік-Оңтүстік транзитінің 500 кВ ӘЖ жалпы ұзындығы – 1096.94 км.

Жобаны іске асыру мерзімі: 2004-2010 жылдар.

Транзиттің 500 кВ ӘЖ үш кезеңнен тұрады:

I-кезең. 500 кВ ӘЖ “500 кВ ОҚМАЭС ҚС – 500 кВ Шу” ҚС, 500 кВ ӘЖ (№514) 500 кВ Шу ҚС-да “Алматы – Фрунзе” ӘЖ кірмелерімен. 500 кВ Шу ҚС салу. 500 кВ ОҚМАЭС КС-ны кеңейту (учаскенің ұзындығы – 248.11 км).

II-кезең. 500 кВ ӘЖ “1150 кВ Екібастұз ҚС – 500 кВ Ағадыр” ҚС. 1150 кВ Екібастқ ҚС мен 500 кВ Ағадыр ҚС-ны кеңейту (Учаскенің ұзындығы – 462.6 км).

III-кезең. 500 кВ ӘЖ “500 кВ Ағадыр ҚС – 500 кВ ОҚМАЭС ҚС-да басқарылатын реакторларды орнату (Учаскенің ұзындығы – 386.23 км).

Жобаның негізгі құрамдас бөліктері:

байланыстың оптикалық-талшықты желісінің найзағайарқансымына кіріктірумен бірге (БОТЖ) 500кВ ӘЖ-ні салу.

Қолданыстағы 500кВ ҚС кеңейту және 500кВ жаңаларын салу (АТҚ 500кВ).

Релелік қорғау және автоматика және апатқа қарсы авария (РҚА және АҚ) құрылғыларымен қажетті көлемімен қамтамасыз ету.

Диспетчерлік және технологиялық басқару құралдарымен қамтамасыз ету.

Байланыстың телекоммуникациялық құралдарымен қамтамасыз ету.

Консультанттың техникалық көмегі.

Жобаны іске асыру мәртебесі:

I-кезең

500 кВ ӘЖ “500 кВ ОҚМАЭС ҚС – 500 кВ Шу” ҚС, 500 кВ ӘЖ (№514) 500 кВ Шу ҚС“Алматы – Фрунзе” кірмелерімен, жобалау, салу және пайдалануға енгізу.

Мердігер - KEC International Limited (Үндістан). 2006ж.17.07 №17-К-598 келісім-шарт.

Консультациялық қызметтер - MVV Consulting/DECON, 2005ж.04.02 №17-K-68 келісім-шарт.

500 кВӘЖ жалпы ұзындығы – 248,11 км.

2008 жылғы 22 қазанда 500 кВШуҚС-да (Жамбылоблысы) 500 кВ «ОҚМАЭС – Шу»ӘЖ учаскесін салтанатты қосу рәсімі болып өтті. Жобаны іске асырудың бірінші кезеңінің шеңберінде 500кВ Шу ҚС салынды.

Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2008 жылғы 3 желтоқсандағы №298 бұйрығымен салынған 500 кВ «ОҚМАЭС-Шу» ӘЖ учаскесін пайдалануға қабылдау туралы мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісі бекітілді.

II-кезең

500 кВ ӘЖ “1150 кВ Екібастұз ҚС – 500 кВ Ағадыр ҚС” жобалау, салу және пайдалануға енгізу.

Мердігер - KEC International Limited (Үндістан). 2007ж. 01.06 №17-К-513 келісім-шарт.

Консультациялық қызметтер - RSW International Inc. and Khatib & Alami offshore S.A.I., 2007ж. 03.05 № 17-К-453 келісім-шарт.

500 кВӘЖ жалпы ұзындығы – 462,6 км.

500 кВ Екібастұз-Ағадыр ӘЖ-ні салтанатты түрде пайдалануға енгізу 2009 жылы 17 қыркүйекте Қазақстанның Президенті Н.Назарбаевтың қатысуымен өткізілді.

Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2009 жылғы 4 желтоқсандағы №327 бұйрығымен салынған 500 кВ «Екібастұз-Ағадыр» ӘЖ учаскесін пайдалануға қабылдау туралы мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісі бекітілді.

III-кезең

500 кВ ӘЖ “500 кВ Ағадыр ҚС – 500 кВ ОҚМАЭС ҚС” жобалау, салу және пайдалануға енгізу.

Мердігер- DALEKOVOD JSC (Хорватия). 2007ж.13.02 №17-К-176 келісім-шарт.

Консультациялық қызметтер - MVV Consulting, 2007ж.26.03 № 17-K-347 келісім-шарт.

500 кВ ӘЖ жалпы ұзындығы – 386,23 км

2009 жылғы 27 мамырда 500 кВ Ағадыр – ОҚМАЭС ӘЖ учаскесін пайдалануға енгізу ҚР Премьер-Министр К.Мәсімовтың қатысуымен өткіліді.

Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2009 жылғы 10 қыркүйектегі №243 бұйрығымен салынған 500 кВ «Ағадыр - ОҚМАЭС» ӘЖ учаскесін пайдалануға қабылдау туралы мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісі бекітілді.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс