Инвестициялық қызмет

Жобаның атауы

Жобаның дәрежесі

Іске асыру жылдары

Іске асырылған жобалар

1

Солтүстік-Оңтүстік Қазақстан транзитінің екінші 500 кВ желісін салу

Іске асырылды

2004-2009

2

ҰЭТ-ты жаңғырту, I кезең

Іске асырылды

2000-2009

3

 500, 220 кВ кернеулі желілермен Қазақстан БЭЖ-ге қосып, 500 кВ Алма ҚС салу

Іске асырылды

2009-2014

4

 Мойнақ ГЭС қуатын беру

Іске асырылды

2010-2012

5

 220 кВ ОБТҚ-Осакаровка ӘЖ қайта құру

Іске асырылды

2010-2014

6

500 кВ Екібастұз-Шүлбі ГЭС-Өскемен желісін салу

Іске асырылды

2011-2017

7

500 кВ Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік транзитінің желісін салу. 2 кезең Шүлбі ГЭС – Ақтоғай- Талдықорған – Алма.

Іске асырылды

2012-2018

8

 Павлодар энергия торабының Қазақстан БЭЖ-бен байланысын күшейту, 220 кВ «Промышленная ЕЭК» ӘЖ салу, 110 кВ «Павлодар» ҚС-да 220 кВ АТҚ және 110 кВ «Промышленная» ҚС-да 220 кВ АТҚ кеңейту

Іске асырылды

2010-2019

9

ҰЭТ-ты жаңғырту, IІ кезең

Іске асырылды

2010-2019

Іске асырылып жатқан жобалар

1

«KEGOC» АҚ «Ақтөбе ЖЭТ», «Батыс ЖЭТ» және «Сарыбай ЖЭТ» филиалдарының 220-500 кВ ӘЖ-сін реконструкциялау. І кезең.

Іске асырылып жатқан

2018-2023

2

Қазақстан БЭЖ Батыс аймағының электр желісін күшейту. Электр желілік объектілерді салу.

Іске асырылып жатқан

2018-2024

3

Түркістан қаласын сырттан электрмен жабдықтау схемасын күшейту. Электр желілік объектілерді салу.

Іске асырылып жатқан

2019-2023

Перспективті жобалар

1

«KEGOC» АҚ «Ақмола ЖЭТ», «Шығыс ЖЭТ», «Солтүстік ЖЭТ» және «Орталық ЖЭТ» филиалдарының 220-500 кВ ӘЖ-сін реконструкциялау. ІІ кезең.

Перспективті

2019 - 2028

2

«KEGOC» АҚ «Алматы ЖЭТ», «Орталық ЖЭТ», «Орталық ЖЭТ» филиалдарының 220-500 кВ ӘЖ-сін реконструкциялау. ІІІ кезең.

Перспективті

2021 - 2031

3

Батыс Қазақстан энергия жүйесін Қазақстан БЭЖ-імен біріктіру 

Перспективті

2021 - а/ж

4

Қазақстан БЭЖ Оңтүстік аймағының электр желісін күшейту

Перспективті

2021-2027

5

Солтүстік-Оңтүстік тұрақты тоқ желісін салу

Перспективті

2019-2028

6

Қарағанды энергия торабының электр желісін күшейту. Электр желілік объектілерді салу. 

 

Перспективті

 

а/ж

7

Екібастұз қ. индустриалды аймағын сырттан электрмен жабдықтау. Электр желілік объектілерді салу.

Перспективті

а/ж


Іске асырылып жатқан жобалар

«KEGOC» АҚ «Ақтөбе ЖЭТ», «Батыс ЖЭТ» және «Сарыбай ЖЭТ» филиалдарының 220-500 кВ ӘЖ-сін реконструкциялау» жобасы,

«KEGOC» АҚ филиалдарының 220-500 кВ ӘЖ-сін реконструкциялаудың І кезеңі

220-500 кВ ӘЖ-ні реконструкциялау әрқайсысында «KEGOC» АҚ-ның 3 ЖЭТ филиалы болатын 220-500 кВ ӘЖ-ні реконструкциялаудың 3 сатысыен көздейді.

Жобаның мақсаты:

Қызмет етудің нормативтік мерзіміне жеткен қолданыстағы электр жеткізу желілерін, сондай-ақ қызмет ету мерзімі таяудағы жылдары нормативтікке жететін ӘЖ-ні реконструкциялау арқылы Қазақстан ҰЭТ жұмысының сенімділігін арттыру.

Жобаны іске асыру мерзімі: 2018-2023жж.

Жобаның құны: ҚҚС-ны есепке алғанда 49,50 млрд. теңге.

Жобаны болжамды қаржыландыру: қарыз қаражат – 34,51 млрд. теңге, меншік қаражат – 14,99 млрд. теңге.

Іске асыру орны: Қазақстан Республикасының аумағы.

Жобаның сипаты: «Ақтөбе ЖЭТ» (220 кВ 6 ӘЖ), «Батыс ЖЭТ» (220 кВ 1ӘЖ) және «Сарыбай ЖЭТ» (220-500 кВ 17 ӘЖ) филиалдарының балансындағы 24 220-500 кВ ӘЖ реконструкциялау объектілері болып табылады. Реконструкцияланатын  220-500 кВ ӘЖ ұзындығы – 2029 км.

Ағымдағы дәрежесі: Жобаның ТЭН-і әзірленді және «Мемсараптама» РМК оң қорытындысы алынды.

«KEGOC» АҚ Басқармасы жобаның негізгі параметрлерін мақұлдады. «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ «Ақтөбе ЖЭТ», «Батыс ЖЭТ» және «Сарыбай ЖЭТ» филиалдарының 220-500 кВ ӘЖ-сін реконструкциялау» жобасының техникалық параметрлерін және тиімділік көрсеткіштерін, сонымен қатар жобаның «Айқындау» және «Іске асыру» сатыларына өтуін бекітті. ӘЖ-ні реконструкциялаудың барлық 24 объектісі бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленді және сараптаманың оң қорытындылары алынды. Жобаны іске асыру басталғаннан бері 24 ӘЖ-нің 20-сында құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 12 ӘЖ-де құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды: соның ішінде 10 ӘЖ пайдалануға енгізілді, ал екі ӘЖ-де жұмыс комиссиясы жұмыс істеп жатыр. 

«Қазақстан БЭЖ Батыс аймағының электр желісін күшейту. Электр желілік объектілерді салу» жобасы

Жобаның мақсаты: республиканың батыс облыстары арасындағы 220 кВ электр желілерін күшейте отырып, Қазақстан БЭЖ-і Батыс аймағының тұтынушыларын электрмен жабдықтаудың өткізгіштік қабілеті мен сенімділігін арттыру.

Жобаны іске асыру мерзімі: 2018-2024 жж.

Жобаның құны: ҚҚС-ны есепке алғанда 56,76 млрд. теңге.

Жобаны болжамды қаржыландыру: қарыз қаражат – 37,86 млрд. теңге, меншік қаражат – 18,90 млрд. теңге.

Іске асыру орны: ҚР Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстары

Жобаның сипаты: Жоба қолданыстағы 220 кВ Орал - Правобережная – Индер – Қарабатан – Құлсары – Теңіз транзитінің екінші тізбегінің электр желілік объектілерін қолданыстағы 220 кВ қосалқы станцияларына және жаңа «Қарабатан» ТП-ге қосып, салуды көздейді және мына объектілерден тұрады:

1) 220 кВ «Орал» ҚС-ны  реконструкциялау;

2) 220 кВ «Правобережная» ҚС 220 кВ-АТҚ кеңейту;

3) 220 кВ «Індер» ҚС екі 220 кВ-БШР орнатып, 220 кВ-АТҚ кеңейту;

4) 220 кВ «Құлсары» ҚС-ны кеңейту;

5) 220 кВ «Теңіз» ҚС-ны кеңейту;

6) 220 кВ «Қарабатан» ТП салу;

7) 220 кВ Орал ҚС – 220 кВ Правобережная ҚС 220 кВ ӘЖ салу;

8) 220 кВ Правобережная ҚС  –  220 кВ Індер ҚС 220 кВ ӘЖ салу;

9) 220 кВ Індер ҚС – 220 кВ Қарабатан ҚС 220 кВ ӘЖ салу;

10) 220 кВ Қарабатан ТП – 220 кВ Құлсары ҚС 220 кВ ӘЖ салу;

11) 220 кВ Құлсары ҚС – 220 кВ Теңіз ҚС 220 кВ ӘЖ салу.

Ағымдағы дәрежесі: Жобаның ТЭН-і әзірленді және «Мемсараптама» РМК-ның оң қорытындысы алынды, жобаның ТЭН жобалық көрсеткіштері іске асыру үшін бекітілді.

ҚМЖ-ға 11 шарт жасалды. Құрылысқа қажетті материалдар мен жабдықтарды дайындаушы зауыттарда тапсырыстарды орналастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қазіргі уақытта барлық 5 220 кВ Орал – Правобережная, Правобережная – Индер,  Индер – Қарабатан, Қарабатан – Құлсары, Құлсары – Теңіз ӘЖ-де құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр. 4182 тіректің 1991 тірегі орнатылды, соның ішінде 853 тірек 2022 жылы орнатылды. Бұл тіректердің жалпы санының 47,6% -ын құрайды. ҚС бойынша жоба шеңберінде.  

 

«Түркістан қ. сырттай электрмен жабдықтау схемасын күшейту. Электр желілік объектілерді салу» жобасы

 Жоба мақсаты: Түркістан энергия торабын электрмен жабдықтау сенімділігін арттыру.

Жобаны іске асыру мерзімі: 2019-2023 жж.

Жобаның құны: 9,93 млрд. теңге, ҚҚС-ны есепке алғанда.

Жобаны болжамды қаржыландыру: меншік қаражат.

Іске асыру орны: Түркістан облысы.

Жобаның сипаты: жоба шеңберінде  Түркістан қ. ауданында жұмыс істеп тұрған 220 кВ желіге қосылатын жаңа 220кВ қосалқы станцияны салуды көздейді. 220 кВ жаңа қосалқы станция Түркістан энергия торабын электрмен жабдықтаудың қосымша орталығын қамтамасыз етеді. Осының есебінен жергілікті таратушы электр желісін дамыту үшін жағдайлар жасалады.

Жобаның қажеттілігі Түркістан энергия торабында электр энергиясын тұтынудың айтарлықтай өсуіне негізделген.

Ағымдағы дәрежесі: Жобаның ТЭН-і әзірленді және «Мемсараптама» РМК-ның оң қорытындысы алынды.

«АСПМК-519» ЖШС-мен жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу, жабдықтың кейбір түрлерін жеткізу және құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау енетін «толық аяқталған құрылыс» талаптарымен  шарт жасалды.

Қазіргі уақытта жоба объектілері бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жобаның ведомстводан тыс кешенді сараптамасынан өту үшін аяқталу және дайындау сатысында тұр.

Сондай-ақ, негізгі шартқа кірмеген жоба бойынша жабдықтарды сынау және жеткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қазіргі уақытта барлық 5 220 кВ Орал – Правобережная, Правобережная – Индер,  Индер – Қарабатан, Қарабатан – Құлсары және Құлсары – Теңіз ӘЖ-де құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Материалдар мен жабдықтарды жеткізу жалғасып жатыр. 

Перспективалық жобалар

Солтүстік-Оңтүстік тұрақты тоқ желісін салу

Жобаның мақсаты:

Солтүстік-Оңтүстік стратегиялық бағыты бойынша магистральдық желінің қажетті өткізу қабілетін қамтамасыз ету. Желінің барлық ықтимал схемалары кезінде (ОА БЭЖ-імен бірге немесе бөлек) Қазақстан БЭЖ-інің Оңтүстік және Орталық аймақтарын электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыру. Экспорттық және транзиттік әлеуетті іске асыру үшін жағдайлар жасау.

Жобаны іске асыру мерзімі: 2019-2028жж.

Жобаның құны: ҚҚС-ны есепке алғанда 360,40 млрд. теңге.

Жобаны болжамды қаржыландыру: қарыз қаражат – қарыз қаражат – 70%, меншік қаражат – 30%.

Іске асырылатын жер: Қазақстан Республикасының аумағы.

Ағымдағы дәрежесі:

Жоба «KEGOC» АҚ-ның: «Энергия көшуі жағдайында Қазақстан БЭЖ-інің сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету» мақсатына сәйкес келеді.

ТЭН әзірлеуге шарт жасалды. ТЭН-нің бірінші бөлігі ретінде алдын ала ТЭН әзірлеу аяқталды. Қабылдау және шешім қабылдау рәсімдері жүргізілуде.

Алдын ала ТЭН-нің нәтижелері «KEGOC» АҚ ғылыми-техникалық кеңесінің 2020 жылғы 29 шілдедегі шешімімен мақұлданды. «KEGOC» АҚ Басқармасының 2020 жылғы 5 тамыздағы отрысының шешімімен ТЭН бірінші бөлігінің (алдын ала ТЭН) нәтижелері бойынша жобаның параметрлері және екі кезеңдік ТЭН-нің екінші бөлігін әзірлеу үшін «Таңдау» кезеңіне өту мақұлданды.

ҚР Президентінің 2021 жылғы 26 қаңтардағы ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасына сәйкес 2021 жыл ішінде 2035 жылға дейін ҚР энергетикалық теңгерімін әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілгенін назарға ала отырып, «KEGOC» АҚ Қорға энергетикалық теңгерімнің 2035 жылға дейінгі нәтижелерін ескере отырып, 2022 жылғы Қордың ИСК-на мәселені шығарудың орындылығы туралы хат жолдады.

Қазіргі уақытта 2035 жылға дейін ҚР бекітілген энергетикалық теңгерімін ескере отырып, алдын ала ТЭН нәтижелерін қарау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

«KEGOC» АҚ «Ақмола ЖЭТ», «Шығыс ЖЭТ», «Солтүстік ЖЭТ» және «Орталық ЖЭТ» филиалдарының 220-500 кВ ӘЖ-сін реконструкциялау, ІІ кезең.

Жобаның мақсаты:

Қызмет етудің нормативтік мерзіміне жеткен қолданыстағы электр жеткізу желілерін, сондай-ақ қызмет ету мерзімі таяудағы жылдары нормативтікке жететін ӘЖ-ні реконструкциялау арқылы Қазақстан БЭЖ жұмысының сенімділігін арттыру.

«KEGOC» АҚ «Ақмола ЖЭТ», «Шығыс ЖЭТ», «Солтүстік ЖЭТ» және «Орталық ЖЭТ» филиалдарының 220-500 кВ ӘЖ-сін реконструкциялаудың ІІ кезеңі бойынша «KEGOC» АҚ филиалдарының балансында орналасқан жалпы ұзындығы 4200 км-ге жуық 220-500 кВ 48 ӘЖ оңалту объектілері ретінде әрекет етеді.

Жобаны іске асыру мерзімі: 2019-2028 жж.

Жобаның құны: ҚҚС-ны есепке алғанда 95,22 млрд. теңге.

Жобаны болжамды қаржыландыру: қарыз қаражат – 66%, меншікті қаражат - 34%.

Іске асыру орны: Қазақстан Республикасының аумағы.

Ағымдағы дәрежесі: «KEGOC» АҚ 18.07.2019 жылы «RBM Sweсo Productions» ЖШС-мен «KEGOC» АҚ «Ақмола ЖЭТ», «Шығыс ЖЭТ», «Солтүстік ЖЭТ» және «Орталық ЖЭТ» филиалдарының 220-500 кВ ӘЖ-сін реконструкциялаудың ІІ кезеңіне ТЭН әзірлеуге шарт жасады. Қазіргі уақытта ӘЖ тексеру және ТЭН әзірлеу бойынша есептерді әзірлеу және техникалық есептерді келісу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.


«KEGOC» АҚ «Алматы ЖЭТ», «Орталық ЖЭТ» және «Оңтүстік ЖЭТ» филиалдарының 220-500 кВ ӘЖ-сін реконструкциялау, ІІІ кезең.

Жобаның мақсаты:

Қолданыстағы электр жеткізу желілерін реконструкциялау арқылы Қазақстан ҰЭТ жұмысының сенімділігін арттыру, ресурсты перспективада кемінде 30 жылға ұзарту.

Жобаның III кезеңі бойынша «KEGOC» АҚ филиалдарының балансындағы жалпы ұзындығы 4200 км-ге жуық 220-500 кВ 41 ӘЖ оңалту объектілері ретінде әрекет етеді.

Жобаны іске асыру мерзімі: 2021-2031 жж.

Жобаның құны: ҚҚС-ны есепке алғанда 96,06 млрд. теңге.

Жобаны болжамды қаржыландыру: қарыз қаражаты – 70%, меншікті қаражат – 30%.

Іске асыру орны: Қазақстан Республикасының аумағы.

Ағымдағы дәрежесі:

Ашық тендер тәсілімен мердігер ұйымды таңдау бойынша жұмыс жүргізілуде. ТЭН әзірлеуді аяқтаудың болжамды мерзімі - 2023 жыл.

 «KEGOC» АҚ Басқармасы ТЭН әзірлеу үшін «Таңдау» сатысына өтуді растады.   «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі ТЭН әзірлеу үшін алдын ала параметрлерді бекітті және «Таңдау» кезеңіне өту туралы шешім қабылдады.

Мердігер ұйым ӘЖ-ге тексеру жүргізіп жатыр.

ТЭН-ді әзірлеуді аяқтау мерзімі - 2023 жыл. 

Қарағанды энергия торабының электр желісін күшейту. Электр желілік объектілер салу.

Жобаның мақсаты:

Қарағанды энергия торабын электрмен жабдықтау үшін желінің өткізу қабілетін ұлғайту.

Жобаны іске асыру мерзімі: 2022-2024 жж.

Жобаның құны: ҚҚС-ны есепке алғанда 20,03 млрд.теңге.

Жобаны болжамды қаржыландыру: қарыз қаражаты – 13,01 млрд.теңге, меншікті қаражат-7,02 млрд. теңге.

Іске асыру орны: Қарағанды облысы.

Ағымдағы дәрежесі:

ТЭН әзірлеуге техникалық тапсырма дайындалды. Жобаны іске асыру мерзімі ҚКҚЗ құрылысы бойынша жобаны іске асыру мерзіміне байланысты. ҚКҚЗ жобасы бойынша белгісіздікке байланысты ТЭН әзірлеуді бастау мерзімі 2022 жылы болжануда.

Екібастұз қаласының индустриялық аймағын сырттан электрмен жабдықтау. Электр желілік объектілерді салу.

Жобаның мақсаты:

Екібастұз қаласының Индустриялық аймағын және Екібастұз энергия торабының тұтынушыларын сенімді электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету.

Жобаны іске асыру мерзімі: 2020-2025 жж.

Жобаның құны: ҚҚС-ны есепке алғанда 18,11 млрд.теңге

Жобаны болжамды қаржыландыру: қарыз қаражат – 12,48 млрд.теңге, меншікті қаражат-5,63 млрд. теңге.

Іске асыру орны: Қазақстан Республикасының аумағы.

Ағымдағы дәрежесі:

Мердігер ұйым ТЭН әзірлеуде. ТЭН әзірлеуді аяқтаудың болжамды күні - 2022 жыл.

Батыс Қазақстан энергожүйесін Қазақстан БЭЖ-імен біріктіру жобасы

Жобаның мақсаты:

Қазақстанның Батыс облыстарының энергия қауіпсіздігін және энергияға тәуелсіздігін қамтамасыз ету, Батыс аймағының тұтынушыларын электрмен жабдықтау сенімділігін арттыру үшін Батыс аймағын Республика аумағы бойынша Қазақстан БЭЖ-інің негізгі бөлігімен біріктіру.

Жобаны іске асыру мерзімі: 2021 – ТЭН алды қорытындысы бойынша анықталады.

Жобаның құны: ТЭН алды қорытындысы бойынша анықталады.

Жобаны болжамды қаржыландыру: қарыз қаражат – ТЭН алды қорытындысы бойынша анықталады.

Іске асыру орны: Қазақстан Республикасының аумағы.

Ағымдағы дәрежесі:

Тендер қорытындысы бойынша таңдалған мердігер жоба бойынша алдын ала ТЭН әзірлеуге кірісті. ТЭН алды әзірлеуді аяқтаудың болжамды күні - 2022 жылдың басы.

«KEGOC» АҚ Басқармасы Батыс Қазақстанның энергожүйесін Қазақстан БЭЖ-імен біріктіру нұсқаларын қарау үшін «KEGOC» АҚ меншік қаражаты есебінен Алдын ала ТЭН-ді әзірлеу туралы шешім қабылдады.

Алдын ала ТЭН-ді әзірлеу үшін техникалық тапсырма әзірленді. 2021 жылғы 10 маусымда алдын ала ТЭН-ді әзірлеу бойынша мердігерді таңдау бойынша тендер өтті.

Алдын ала ТЭН әзірлеу нәтижелері бойынша Батыс Қазақстанның энергия жүйесін Қазақстан БЭЖ-імен біріктірудің орындылығы туралы шешім қабылданды. Қазіргі уақытта техникалық-экономикалық негіздемені (бұдан әрі – ТЭН) әзірлеуді көздейтін Алдын ала ТЭН нәтижелерін келісу және келесі кезеңге өту бойынша корпоративтік рәсімдер жүргізіліп жатыр.

Батыс аймақты Қазақстан БЭЖ-імен біріктіру үшін ЭЖЖ салудың негізгі нұсқасы өндіруші қуаттарды дамыту жөніндегі жоспарларды және тұтынушылардың перспективалы инвестициялық жобаларын ескере отырып, ТЭН әзірлеу нәтижелері бойынша айқындалатын болады.

Қазақстан БЭЖ Оңтүстік аймағының электр энергетикалық жүйесін күшейту жобасы

Жобаның мақсаты:

Солтүстік-Оңтүстік стратегиялық бағыты бойынша магистральдық желінің қажетті өткізу қабілетін қамтамасыз ету. Желінің барлық ықтимал схемалары кезінде (ОА БЭЖ-імен бірге не бөлек) Қазақстан БЭЖ-інің Оңтүстік және Орталық аймақтарын Электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыру. Экспорттық және транзиттік әлеуетті іске асыру үшін жағдайлар жасау.

Жобаны іске асыру мерзімі:2021-2027 жж.

Жобаның құны: ҚҚС-ны есепке алғанда 93,47 млрд. теңге.

Жобаны болжамды қаржыландыру: қарыз қаражат – 42%, меншік қаражат – 58%.

Іске асыру орны: Қазақстан Республикасының аумағы.

Ағымдағы дәрежесі:

«KEGOC» АҚ Басқармасы Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарының 500-220кВ желісін күшейту нұсқаларын қарау  үшін «KEGOC» АҚ меншік қаражаты есебінен ТЭН-ді әзірлеу туралы шешім қабылдады.

Ашық тендер қорытындылары бойынша «Институт «Казсельэнергопроект» ЖШС-мен ТЭН әзірлеуге шарт жасады. ТЭН әзірленіп жатыр. 

 


Компания осы ақпарат арқылы «KEGOC» АҚ инвестициялық жобаларын іске асыруға қатысуға ниет білдірген әлеуетті инвесторлар мен контрагенттердің назарларына мына мәліметті жеткізеді: 

1. Бірлескен бұйрық KEGOC АҚ 2016-2020 ж.ж. арналған инвестициялық бағдарламасын бекіту туралы
2. 2016 жылғы инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы ақпарат
3. Инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы туралы ақпарат 2016.06.15
4. 2016 жылғы инвестициялық бағдарламаның (жобаның) тиімділік көрсеткіштері
5. 2016 жылғы инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы туралы ақпарат
6. 2016 жылғы инвестициялық бағдарламаның (жобаның) тиімділік көрсеткіштері
7. Инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы туралы ақпарат 2016.12.15
8. Бірлескен бұйрық KEGOC АҚ 2016-2020 ж.ж. арналған инвестициялық бағдарламасын 2016 ж. түзету туралы
9. Бірлескен бұйрық KEGOC АҚ 2016-2020 ж.ж. арналған инвестициялық бағдарламасын 2016-2017 ж.ж. түзету туралы
10. 2017 жылғы инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы туралы ақпарат
11. Инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы туралы ақпарат 2017.06.15
12. 2017 жылғы инвестициялық бағдарламаның (жобаның) тиімділік көрсеткіштері
13. 2017 жылғы инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы туралы ақпарат
14. Инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы туралы ақпарат 2017.12.15
15. 2017 жылғы инвестициялық бағдарламаның (жобаның) тиімділік көрсеткіштері
16. Бірлескен бұйрық KEGOC АҚ 2016-2020 ж.ж. арналған инвестициялық бағдарламасын 2017-2018 ж.ж. түзету туралы
17. KEGOC АҚ 2018 жылғы инвестициялық бағдарламасының орындалуы туралы есеп
18. Бірлескен бұйрық KEGOC АҚ 2016-2020 ж.ж. арналған инвестициялық бағдарламасын 2019 ж. түзету туралы
18. Бірлескен бұйрық KEGOC АҚ 2016-2020 ж.ж. арналған инвестициялық бағдарламасын 2019 ж. түзету туралы
19. Бірлескен бұйрық KEGOC АҚ 2016-2020 ж.ж. арналған инвестициялық бағдарламасын 2019 ж. түзету туралы
20. 2019 жылғы инвестициялық бағдарламасының орындалуы туралы ақпараты
21. Бірлескен бұйрық KEGOC АҚ 2016-2020 ж.ж. арналған инвестициялық бағдарламасын 2019 ж. түзету туралы
21. Бірлескен бұйрық KEGOC АҚ 2016-2020 ж.ж. арналған инвестициялық бағдарламасын 2019 ж. түзету туралы
22. 2020 жылғы инвестициялық бағдарламасының орындалуы туралы ақпараты
23. Бірлескен бұйрық KEGOC АҚ 2021-2025 ж.ж. арналған инвестициялық бағдарламасын бекіту туралы
24. 2021 жылғы 1-тоқсандағы инвестициялық бағдарламасының орындалуы туралы ақпараты
25. 2021 жылғы 1-тоқсандағы инвестициялық жобаларын іске асырылуы туралы ақпарат
26. 2021 жылғы 2-тоқсандағы инвестициялық бағдарламасының орындалуы туралы ақпараты
27. 2021 жылғы 2-тоқсандағы инвестициялық жобаларын іске асырылуы туралы ақпарат
28. 2021 жылғы 3-тоқсандағы инвестициялық бағдарламасының орындалуы туралы ақпараты
29. 2021 жылғы 3-тоқсандағы инвестициялық жобаларын іске асырылуы туралы ақпарат
30. «KEGOC» АҚ-ның инвестициялық жобаларын іске асыру барысы туралы 2021 жылғы 4-тоқсандағы ақпарат
31. «KEGOC» АҚ-ның инвестициялық жобаларын іске асыру барысы туралы 2021 жылғы ақпарат
32. «KEGOC» АҚ-ның инвестициялық жобаларын іске асыру барысы туралы 2022 жылғы 1-тоқсандағы ақпарат

2015 жылғы 4-тоқсанда күрделі қаржы салымдарын игеру 24 486,242  млн. теңге.

2015 жылғы 3-тоқсанда күрделі қаржы салымдарын игеру 10 870,013 млн. теңге.

2015 жылдың  бірінші жарты жылдығында күрделі қаржы салымын игеру 1 981,163 млн. теңгені  құрады. 

2015 жылғы 1-тоқсанда күрделі қаржы салымдарын игеру 616,491 млн. теңге.

«KEGOC» АҚ-ның ТМРА  на 2014-2015 гг., 2013 жылғы 27 мамырдағы №155-ОД және ИЖТМ 2013 жылғы 22 тамыздағы  №256 бірлескен бұйрығымен бекітілген 2014-2015жж. арналған инвестициялық бағдарламасы 2014 жылы 18 841,340 млн. теңге сомасына күрделі қаржы салымдарын игеруді көздейді.  

2014 жылғы 4-тоқсанда күрделі қаржы салымдарын игеру 26 264,341 млн. теңгені немесе жылдық жоспардың 125,0%-ын құрады.   

2014 жылғы 3-тоқсанда күрделі қаржы салымдарын игеру 12 426,527 млн. теңгені немесе жылдық жоспардың 65,9%-ын құрады.  

2014 жылдың бірінші жарты жылдығында күрделі қаржы салымын игеру 6 636,044 млн. теңгені немесе жылдық жоспардың 35,2%-ын құрады.

2014 жылғы 1-тоқсанда күрделі қаржы салымдарының игерілуі 2 425,909 млн. теңгені немесе жылдық жоспардың 12,9%-ын құрады.

«KEGOC» АҚ-ның ТМРА  03.04.2013ж. № 96-ОД  және 27.05.2013ж. №162 бірлескен бұйрығымен бекітілген 2012-2013 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасы 2013 жылы 40 576,809 млн. теңге сомасында күрделі қаржы салымын игеруді көздейді.  Күрделі қаржы салымдарын нақты игеру 2013 жылы 42 646,668 млн. теңгені құрады. 

«KEGOC» АҚ-ның ТМРА  03.04.2013ж. № 96-ОД  және 27.05.2013ж. №162 бірлескен бұйрығымен бекітілген 2012-2013 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасы 2012 жылға 25 683,322 млн. теңге сомасында күрделі қаржы салымын игеруді көздейді. 2012 жылы күрделі қаржы салымдарының нақты игерілуі 24530,922 млн. теңгені құрады.

2011 жылға арналған инвестициялық жобаның орындалу барысы туралы ақпарат  

«KEGOC» АҚ-ның ТМРА 2011 жылғы 6 мамырдағы №141-ОД және ИЖТМ 2011 жылғы 11 мамырдағы №134 бірлескен бұйрығымен бекітілген 2011 жылға арналған инвестициялық бағдарламасы 2011 жылы 16 805,443 млн. теңге сомасында күрделі қаржыны игеруді көздейді. 2011 жылы күрделі қаржы салымын нақты игеру 18 232,876 млн. теңгені құрды. 

«KEGOC» АҚ-ның ТМРА 19.03.2010ж. №91-ОД және ИЖТМ 15.04.2010ж. №26 бірлескен бұйрығымен бекітілген 2010 жылға арналған  инвестициялық бағдарламасы.

«KEGOC» АҚ-ның ТМРА 19.03.2010ж. №91-ОД және ИЖТМ 15.04.2010ж. №26 бірлескен бұйрығымен бекітілген 2010 жылға арналған  инвестициялық бағдарламасы  2010 жылға 6307,390 млн. теңге сомасындағы күрделі қаржы салымын игеруді көздейді.2010 жылы күрделі қаржы салымдарын нақты игеру  8 093,566 млн. теңгені құрды. 

Жедел желі

Кері байланыс