Ұлттық энергожүйе

Қазақстан Республикасы электр энергетикасының құрылымы

Қазақстан Республикасының Біртұтас электр энергетикалық жүйесі (ҚР БЭЖ) республика тұтынушыларын сенімді әрі сапалы электрмен жабдықтауды қамтамасыз ететін электр станцияларының, электр жеткізу желілері мен қосалқы станциялардың жиынтығын құрайды. 01.01.2022 ж. жай-күй бойынша Қазақстан Республикасы БЭЖ 1150-500-220-110 кВ электр желілерінің карта-схемасы

Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік реттеу мынадай мақсаттарда жүзеге асырылады:

  • тұтынушыларға  электр мен жылу энергиясын жеткізушілерді таңдау құқығына кепілдік беретін  нарықта бәсекелестік жағдай тудыру арқылы энергияны тұтынушылардың сұранысын барынша қанағаттандыру және электр мен жылу энергиясы нарығына қатысушылардың құқықтарын қорғау
  • Қазақстан Республикасы электр энергетикалық кешенінің сенімді және тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
  • еліміздің шаруашылық-экономикалық және әлеуметтік кешендерінің тіршілігін қамтамасыз етудің маңызды жүйесі саналатын Қазақстан Республикасының электр энергетикалық кешенін басқарудың тұтастығы.

Электр энергетикасы саласында бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі болып табылады. 

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі:

  • электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;
  • электрмен жабдықтаудың үлгі шартын әзірлейді және бекітеді;
  • жаңадан пайдалануға енгізілетін генерациялаушы қондырғыларды салуға арналған үлгі шартты әзірлейді және бекітеді;
  • электр қуатының дайындығын ұстап тұру бойынша қызметтерді сатып алу туралы үлгі шартты әзірлейді және бекітеді;
  • электр қуатының жүктемені көтеруге дайындығын қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге үлгі шартты әзірлейді және бекітеді;
  • Тұлғалар тобының тізіліміне (бұдан әрі – Тізілім) енгізілген көтерме сауда нарығының субъектілерімен электр қуатын құру бойынша үлгі шартты әзірлейді және бекітеді;
  • Тізілімге енгізілген көтерме сауда нарығының субъектілерімен электр қуатының дайындығын ұстап тұру бойынша қызметтерді сатып алу туралы үлгі шартты әзірлейді және бекітеді;
  • электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • жаңадан пайдалануға енгізілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және жұмыс істеуі, сонымен қатар осы нарықта қызмет көрсету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • Қазақстанның біртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі авариялық бұзылыстардың алдын алу және оларды жою бойынша қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
  • энергетикалық сараптама жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • электр энергетикасы саласындағы техникалық регламенттерді әзірлейді және бекітеді,
  • электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникалары қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • электр станцияларының жылу механикалық жабдықтарын және жылу желілерін пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникалары қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • электр қондырғыларын орнату қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • энергиямен жабдықтауды авариялық және технологиялық брондау актісін жасау бойынша нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
  • электр энергиясын пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • жылу энергиясын пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • жүйелік оператордың қызмет көрсетуі, жүйелік және қосалқы қызметтер нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • электр энергиясын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сауда-саттықта (аукцион) сатылатын, сатып алынатын мүлік (активтер) тізіліміне енгізу туралы шешім қабылдайды;
  • электрмен жабдықтау сенімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • электр желілік қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
  • тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • энергетикалық кәсіпорындар үшін өрт қауіпсіздігі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • тозаң тектес отынды дайындау және жағу үшін отын берудің жарылыс қауіпсіздігі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • электр желілері объектілерінің күзетілетін аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер телімдерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • әуелік электр жеткізу желілерінің тіреулерін орналастыруға арналған жер телімдерінің көлемдерін белгілеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • жылу тораптары объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтарда орналасқан жер телімдерін пайдаланудың ерекше талаптарын белгілеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • электр жеткізуші ұйымдардың электр энергиясын жеткізу бойынша қызметке қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • құралдармен және аспаптармен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • Біртұтас электр энергетикалық жүйе, электр станциялары, аудандық қазандықтар, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзылушылықтарды тексеру және есепке алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • техникалық жаңарудан кейін электр станцияларының энергия объектілерін, электрлік және жылу желілерін пайдалануға қабылдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • энергетикада жұмыс орындарын аттестаттау, оңтайландыру, есепке алу және жоспарлау туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
  • жылу энергиясын босатуды және жылу тасымалдағышты есепке алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • электр станциялары, жылу және электр желілерінің жабдығын, ғимараттарын және үй-жайларына техникалық қызмет көрсету және жөндеуді ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • жылу электр станцияларының  электр қуатын шектеуді келісу қағидаларын және бұл шектеулерді қысқарту бойынша іс-шараларды әзірлейді және бекітеді;
  • Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • электр қондырғылардың техникалық жай-күйін және пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін басшылықтың, өндірісті, электр және жылу энергиясын жеткізуді жүзеге  асыратын ұйым мамандарының техникалық пайдалану және қауіпсіздік техникасы қағидалары бойынша білімдеріне  біліктілік тексеруін өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • сараптау ұйымдарын және әзірлеуші зауыттарды жұмылдырып, электр станциялары, электрлік және жылу желілерінің энергетикалық жабдықтарының, ғимараттар мен үй-жайлардың, сонымен қатар тұтынушылардың энергетикалық жабдықтарының техникалық жай-күйін мерзімдік тексеру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • электр қуаты нарығын ұйымдастыру және жұмыс істеуі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • жүйелік операторды белгілейді;
  • мемлекеттік техникалық инспектордың қызметтік куәлігінің, нөмірлік мөртабаны мен пломбасының үлгісін белгілейді;
  • энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде отынның пайдалану қорының нормаларын белгілеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде отынның пайдалану қоры нормаларын бекітеді;
  • өз құзыреті шеңберінде электр және жылу энергиясын өндіру, жеткізу және тұтыну, сонымен қатар электр қуатының дайындығын ұстап тұру және электр қуатының жүктемені көтеруге дайындығын қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсету саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді;
  • электрмен жабдықтау сенімділігінің көрсеткіштерінің нормативтік мәндерін, сонымен қатар оларды белгілеу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
  • энергия өндіруші, энергия жеткізуші ұйымдардың технологиялық қажеттіліктеріне электр және жылу энергиясы шығындарының нормаларын реттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
  • жабдықты жобалау, салу, пайдалану және техникалық-экономикалық сипаттамасы салаларында нормативтік техникалық құжаттарды әзірлейді және бекітеді;
  • энергия өндіруші ұйымдардың Электр энергетикасы туралы заңның 13-бабы 3-2-тармағы 3) тармақшасында қарастырылған талаптарды сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
  • орталықтандырылған сауда-саттық нарығының операторын белгілейді;
  • мемлекеттік техникалық инспекторлардың актілерінің нысандарын әзірлейді және бекітеді;
  • Қазақстан Республикасының территориясында Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесімен электр байланысы жоқ аймақтар үшін электр энергиясының көтерме сауда нарығының жұмыс істеу және оны ұйымдастыру ерекшеліктерін белгілейді;
  • мемлекеттік техникалық инспекторға қызметтік куәлік, нөмірлік мөртаңба және пломбалау тетігін беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
  • электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері үшін электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • энергетикалық сараптама жүргізу үшін сараптау ұйымдарына қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;
  • инвестициялық бағдарламаны әзірлеуге техникалық тапсырманы әзірлейді және бекітеді;
  • электр қуаттарын орналастырудың перспективалық схемасын әзірлейді және бекітеді;
  • жаңадан пайдалануға енгізілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізеді;
  • жаңадан пайдалануға енгізілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға өткізілген тендер қорытындылары бойынша аталған тендердің жеңімпазымен шарт жасайды;
  • жаңадан пайдалануға енгізілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға өткізілген тендер нәтижелері бойынша жеңімпазды анықтайды, онымен бірыңғай сатып алушы электр қуатының дайындығын ұстап тұру бойынша қызметтерді сатып алу туралы шарт жасайды;
  • электр энергиясы мен қуатының болжалды теңгерімдерін бекітеді;
  • энергия өндіруші, энергия жеткізуші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындық паспортын алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • электр энергетикасы саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
  • электр энергиясының шекті тарифтерін бекітеді;
  • электр қуатының дайындығын ұстап тұру бойынша қызметтерге шектік тарифтерді бекітеді;
  • электр энергиясын сатушы энергия өндіруші ұйымдардың топтарын бекітеді;
  • электр энергиясына шектік тарифті, теңгерімдеуші электр энергиясына шектік тарифті және электр қуатының дайындығын ұстап тұру бойынша қызметке шектік тарифті бекіту тәртібін белгілейді;
  • жүйелік оператордың Электр энергетикасы туралы Заңның 15-2-бабы 2-тармағында қарастырылған талаптарды сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
  • өзінің интернет-ресурсында энергия өндіруші ұйымдардың  электр энергиясын сату және электр қуатының дайындығын ұстап тұру бойынша қызметтерді көрсету тәртібін бұзуы туралы ақпаратты және анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шаралар туралы ақпарат орналастырады;
  • электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту кезінде есепке алынатын тіркелген пайданы анықтау, сонымен қатар теңгерімделетін электр энергиясына шекті тарифті бекіту кезінде есепке алынатын теңгерімдеу үшін тіркелген пайданы анықтау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
  • нарық кеңесін белгілейді, сонымен қатар нарық кеңесінің жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • электр қуатының дайындығын ұстап тұру бойынша қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының дайындығын ұстап тұру бойынша қызметтің көлемдерін және электр қуатының дайындығын ұстап тұру бойынша қызметті сатып алу туралы бірыңғай сатып алушының жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға өткізілген тендерлердің жеңімпаздарымен жасайтын шарттары үшін оны сатып алу мерзімдерін белгілейді;
  • жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен жаңғырту, кеңейту, реконструкциялау және (немесе) жаңартуға инвестициялық келісімдер жасайды;
  • электр энергиясы мен қуатының болжамды теңгерімдерін әзірлеу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
  • электр энергетикасы саласындағы нормативтік техникалық құжаттарды  әзірлейді және бекітеді;
  • бірыңғай сатып алушыны белгілейді;
  • теңгерімдейтін электр энергиясына шекті тарифтерді бекітеді;
  • генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттауды өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • электр қуатының дайындығын ұстап тұру бойынша қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының дайындығын ұстап тұру бойынша қызметтің көлемдерін және электр қуатының дайындығын ұстап тұру бойынша қызметті сатып алу туралы бірыңғай сатып алушының уәкілетті органмен жаңғырту, кеңейту, реконструкциялау және (немесе) жаңартуға инвестициялық келісімдер жасаған әрекет етуші энергия өндіруші ұйымдармен шарт жасауы үшін оны сатып алу мерзімдерін белгілейді;
  • электр қуатының дайындығын ұстап тұру бойынша қызметті сатып алу туралы бірыңғай сатып алушының құрамына жылу электр орталықтары кіретін әрекет етуші энергия өндіруші ұйымдармен жасайтын шарттары үшін электр қуатының дайындығын ұстап тұру бойынша қызмет көлемін белгілеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • бірыңғай сатып алушының  электр қуатының жүктемені көтеруге дайындығын қамтамасыз ету бойынша қызмет бағасын есептеуі және интернет-ресурста орналастыруы қағидаларын қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламаларын қарауға жіберу, оларды қарау және іріктеу, жаңғырту, кеңейту, реконструкциялау және (немесе) жаңарту бойынша инвестициялық келісімдерді жасау, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды тиісінше жасауды және осы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу көлемдері мен мерзімдерін белгілеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде электр энергиясының тапшылығы мен профицитін айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдарға отын сатып алуға субсидия беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • бекітілген қағидаларға сәйкес Тізілім құрады және оны жүргізеді;
  • Тізілімді құру және жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • Тізілімге енгізілген тұтынушылардың болжанатын тапшылықты өтеу үшін электр қуатын құруға қатысу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • энергия өндіруші ұйымдар мен Тізілімге енгізілген тұтынушылар пайдалануға енгізетін генерациялайтын қондырғыларға арналған отынды орналастыру орнын (алаңын), типін және түрін келіседі;
  • жылу энергиясын өндіру саласындағы ұйымдардың энергиямен жабдықтау жүйелерін жаңғырту жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялау кезінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарын үйлестіруді жүзеге асырады;
  • жылу энергиясын өндіру саласындағы ұйымдардың энергиямен жабдықтау жүйелерін жаңғырту жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялау қағидаларын бекітеді;
  • тұтынушыларды электр станцияларының тізіліміне енгізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • электр станцияларының тізілімін бекітеді;
  • осы Заңда, Қазақстан Республикасының басқада заңдарында, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерінде қаралған басқа да өкілеттікті жүзеге асырады.

Электр энергетикасы саласындағы бақылауды мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитеті жүзеге асырады. 

Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік орган:

  • Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілері талаптарының сақталуын;
  • электр станцияларының энергетикалық жабдықтарының, электр желілерінің, тұтынушылардың электр қондырғыларының пайдаланылуы мен техникалық жай-күйін;
  • электр энергиясын өндіру, жеткізу, жабдықтау және тұтыну сенімділігін және қауіпсіздігін;
  • электр энергетикасы саласындағы техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік техникасының қағидаларын білуін тексеруден өтпеген персоналдың электр қондырғыларында жұмыс істеуіне жол бермеу және босатуды қадағалауды және бақылауды жүзеге асырады.

Энергетикалық бақылау:

  • электр және жылу энергиясының сапасы бойынша техникалық шарттардың талаптарының сақталуы;
  • өз құзыретінің шеңберінде Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласында нормативтік құқықтық актілерінің сақталуы;
  • электр және жылу энергиясын тиімді және үнемді пайдалану, өндіру режимдерін оңтайландыру, жеткізу, тұтыну;
  • электр станцияларының, электр және жылу желілерінің күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуге дайындығы бойынша жүзеге асырылады.

Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі орган:

  • электр энергетикасы кәсіпорындарының объектілері мен жабдықтарының күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігін бағалау жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысады;
  • негізгі жабдықтың тоқтауына, өртке, жарылысқа, Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесiнің бiрнеше бөлiкке бөлінуіне, электр энергиясын тұтынушыларды жаппай шектеуге алып келген электр станцияларының, электр желiлерiнің жұмысындағы технологиялық бұзылыстардың есебін жүргізеді;
  • қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады, сондай-ақ санатына сәйкес энергетикалық сараптама жүргізу жөніндегі сараптама ұйымдарының тізілімін жүргізеді, интернет-ресурста орналастырады және жаңартып отырады;
  • Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде электр энергетикасы саласындағы әкімшілік істер бойынша материалдарды қарауды жүзеге асырады;
  • Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасын бұзушылықтар бойынша сотқа жүгінеді және соттың істерді қарауы кезінде қатысады;
  • табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға электр энергиясын беру жөнінде қызмет көрсететін табиғи монополия субъектісі қызметінің «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-1-бабы 6-тармағының талаптарына сәйкес келмеуі туралы ақпаратты жібереді.

Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:

1) электр және энергия қондырғыларына кедергісіз қол жеткізуге;

2) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар дайындауды жүзеге асыруға;

3) энергетикалық жабдыққа зерттеп-қарау жүргiзу, энергетикалық ұйымдарды кешендi тексерулер және электр станциялары, электр желiлерi энергетикалық жабдығының жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарды тергеп-тексеру кезiнде сарапшыларды тартуға;

4) әзірлік паспортын алу үшін көлемі Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін, әзірлік паспортын алу үшін ұсынылған құжаттарға қосымша түсіндірмелер, материалдар мен негіздемелер қажет болған жағдайда әзірлік паспортын ескертулерсіз немесе ескертулермен бірге беруге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында белгіленген шарттар мен талаптардың орындалуын растайтын ұсынылған құжаттардың көлемі, мазмұны сәйкес келмеген жағдайда әзірлік паспортын беруден бас тартуға құқылы.

Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте табиғи монополиялар саласында және реттелетін нарықтарда (соның ішінде электр энергетикасы саласында) басшылық ететін мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті болып табылады. 

Нарық субъектілерінің қызметін бақылау және реттеу, бәсекелікті қорғау және дамыту, сонымен қатар белгілі бір тауар нарығында үстем нарық субъектілерінің (соның ішінде электр энергиясы нарығында) қызмет көрсету саласында тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы бақылау-қадағалау функцияларын Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау агенттігі жүзеге асырады. 


Қазақстан Республикасында электр энергетикасы саласында әрекет ететін заңнамалық және өзге нормативтік құқықтық актілер:

  • «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңы;
  • «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 25 желтоқсандағы Заңы;
  • «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 04.07.2009ж. заңы;
  • Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 106 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидалары;
  • Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 691 бұйрығымен бекітілген Жүйелік оператордың қызмет көрсету, жүйелік және қосалқы қызмет көрсету нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидалары;
  • Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 112 бұйрығымен бекітілген Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеуі қағидалары;
  • Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 111 бұйрығымен бекітілген Электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс iстеуі, сондай-ақ осы нарықта қызмет көрсету қағидалары;
  • Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 152 бұйрығымен бекітілген Электр қуаты нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидалары;
  • Басқа да заңнамалық және нормативтік құқықтық актілер.

Қазақстан Республикасының ұлттық компанияларын басқарудың қолданыстағы моделін жетілдіру  және  мемлекеттік активтерді тиімді басқару мақсатында Президенттің Жарлығымен 2008 жылғы қазанда «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстан холдингі» АҚ мен «Қазына»  мемлекеттік тұрақты даму қорын біріктіру жолымен  «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы құрылды.

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ – энергетика саласын, телекоммуникацияны, көлік салаларын және даму институттарын қоса алғанда, экономиканың түрлі саласындағы ұлттық компанияларға иелік ететін және оларды басқаратын мемлекеттік холдингтік компания.   

Сала үрдістеріне шолу (теңгерімдер)

Жүктеменің жылдық максимумы

2021 жылғы жүктеменің жылдық максимумы 14 желтоқсанда Астана уақыты бойынша сағат 19-да тіркелді және 15826 МВт-ты құрады. 2020 жылмен (7 желтоқсан, сағат 19-да) салыстырғанда жүктеме максимумы 65 МВт-қа немесе 0,4%-ға артты. Бұл ретте цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұтынушыларға 330 МВт мөлшерінде шектеулер енгізілді. 

Жүктеменің жылдық максимумында жиынтық генерация 15438 МВт құрады және 2020 жылмен салыстырғанда 23 МВт-қа немесе 0,1%-ға төмендеді.

Сыртқы сальдолық қуат ағыны 388 МВт-ты құрады. Оның ішінде Ресейден қабылдау - 666 МВт, Орталық Азияға беру - 278 МВт.

Электр энергиясын өндіру

2021 жылы Қазақстан бойынша электр энергиясын өндіру 114447,9 млн. кВтсағатты құрады, оның ішінде:

жылу электр станциялары

91164,2 млн. кВтсағ

су электр станциялары
9184,9 млн. кВтсағ
газ турбиналы электр станциялары
10701,8 млн. кВтсағ
жел электр станциялары
1758,0 млн. кВтсағ
күн электр станциялары 1636,5 млн. кВтсағ
биогаз қондырғылары 2,5 млн. кВтсағ

Жалпы жыл бойынша электр энергиясын өндіру 2020 жылмен салыстырғанда 6362,1 млн кВтсағ немесе 5,9%-ға артты.  

Бұл ретте өндіру келесі ірі электр станцияларында артты:

«Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС

3322,0 млн кВтсағ-қа немесе 17,1%-ға;

«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ

1459,2 млн кВтсағ-қа немесе 29,3%-ға;

«ЕЭК» АҚ 

1139,9 млн кВтсағ-қа немесе 8,1% -ға;

«Астана-Энергия» АҚ ЖЭО-2

569,1 млн кВтсағ-қа немесе 17,7%-ға;

«Караганда-Энергоцентр» ЖШС ЖЭО-3

 225,1 млн кВтсағ-қа немесе 5,5%-ға;

«3-Энергоорталық» АҚ(ШЖЭО-3)

67,0 млн кВтсағ-қа немесе 8,7%-ға;

«Арселор Миттал Теміртау» АҚ ӘҚҚ ЖЭО

36,1 млн кВтсағ-қа немесе 6,3%-ға.

Қазақстанның Оңтүстік аймағындағы Жамбыл ГРЭС-інің электр энергиясын өндіру көлемі 2139,4 млн кВтсағ-ты құрады, бұл 2020 жылға қарағанда 330,3 млн кВтсағ-қа артық. 

2020 жылмен салыстырғанда келесілерде электр энергиясын өндірудің барынша төмендеді: 

«СевКазЭнерго» ЖШС ППЖЭО-2 

628,7 млн кВтсағ-қа немесе 18,9%-ға;

«Топар» ЖШС ГРЭС-і

372,4 млн кВтсағ-қа немесе 8,0%-ға;

Жезқазған ЖЭО «Қазақмыс Энерджи» ЖШС

236,8 млн кВтсағ-қа немесе 15,8%-ға;

«Атырау ЖЭО» АҚ 

174,6 млн кВтсағ-қа немесе 8,4%-ға;

«ССГПО» АҚ ЖЭО

119,4 млн кВтсағ-қа немесе 11,9%-ға;

«АлЭС» АҚ Алматы ЖЭО-2

109,2 млн кВтсағ-қа немесе 4,2%-ға;

«Арселор Миттал Теміртау» АҚ ЖЭО-2

108,0 млн кВтсағ-қа немесе 4,8%-ға;

«Павлодарэнерго» АҚ ЖЭО-3

107,2 млн кВтсағ-қа немесе 3,5%-ға;

«AES Өскемен ЖЭО» АҚ

78,7 млн кВтсағ-қа немесе 3,5%-ға;

«Қазақмыс Энерджи» ЖШС Балқаш ЖЭО

56,9 млн кВтсағ-қа немесе 5,1%-ға;

«АлЭС» АҚ Алматы ЖЭО-1 

29,5 млн кВтсағ-қа немесе 6,4%-ға. 

Қазақстан ГЭС-те электр энергиясын өндіру 2020 жылмен салыстырғанда 360,9 млн кВтсағ-қа немесе 3,8%-ға азайды және 9184,9 млн кВтсағ-ты құрады. Қазақстан ГЭС-інің жұмыс істеу режимі су шаруашылығы балансымен және гидрологиялық жағдаймен айқындалды.

Қазақстан ГТЭС-те электр энергиясын өндіру 1174,1 млн кВтсағ-қа немесе 12,3%-ға артты және 10701,8 млн кВтсағ-ты құрады. 

2020 жылмен салыстырғанда Қазақстан бойынша электр энергиясын өндіру құрылымы мынадай:

2020 ж., %

(есептік кезең)

2021 ж., %

(есептік кезең)

Барлығы

100,0

100,0

с.і. АЭТ

80,2

79,6

ГЭС

8,8

8,0

ГТЭС

8,8

9,4

КЭС және ЖЭС

2,2

3,0


Электр энергиясын тұтыну

2021 жылы Қазақстанның электр энергиясын тұтынуы 2020 жылмен салыстырғанда 6545,5 млн кВтсағ-қа немесе 6,1%-ға артып, 113890,3 млн кВтсағ құрады.

Қазақстанның барлық аймақтарында тұтыну артты: Солтүстік аймақ бойынша 3331,7 млн кВтсағ-қа (4,7%), Батыс аймақ бойынша 1013,0 млн кВтсағ-қа (7,5%), Қазақстанның оңтүстік аймағы бойынша 2200,8 млн кВтсағ-қа (9,5%).

2020 жылмен салыстырғанда электр энергиясын тұтынуы артты:

«Сәтпаев атындағы канал» РМК

121,9 млн кВтсағ-қа немесе 44,9%-ға;

«Арселор Миттал Теміртау» АҚ

63,5 млн кВтсағ-қа немесе 1,7%-ға; 

«ӨТМК» АҚ

46,8 млн кВтсағ-қа немесе 7,3%-ға;

«Қазхром ТҰК» АҚ Ақтөбе ФЗ

36,9 млн кВтсағ-қа немесе 1,1%-ға;

«Тараз. Металлург.комбинат» ЖШС

16,7 млн кВтсағ-қа немесе 6,0%-ға;

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС

10,4 млн кВтсағ-қа немесе 0,8%-ға.

Электр энергиясын тұтынуы азайды:

«Қазхром ТҰК» АҚ Ақсу ФЗ

647,7 млн кВтсағ-қа немесе 11,1%-ға;

«ССГПО» АҚ

110,3 млн кВтсағ-қа немесе 6,4%-ға;

«Қазфосфат» ЖШС

109,9 млн кВтсағ-қа немесе 5,0%-ға;

«Қазмырыш» ЖШС

70,8 млн кВтсағ-қа немесе 2,5%-ға;

«АНПЗ» ЖШС

23,6 млн кВтсағ-қа немесе 3,1%-ға;

ЭС Қашаған AGIP KCO NCOC

13,4 млн кВтсағ-қа немесе 1,2%-ға.

2021 жылғы есепті кезеңде 2020 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда электр энергиясын тұтыну Шығыс Қазақстан облысы бойынша 432,2 млн кВтсағ-қа (4,7%), Қарағанды облысы бойынша 540,6 млн. кВтсағ-қа (2,9%), Павлодар облысы бойынша 750,9 млн кВтсағ-қа (3,6%), Ақмола облысы бойынша 1108,4 млн кВтсағ-қа (12,1%), Батыс Қазақстан облысы бойынша 350,9 млн кВтсағ-қа (15,5%), Атырау облысы бойынша 417,7 млн кВтсағ-қа (6,7%), Алматы облысы бойынша 1085,1 млн кВтсағ-қа (9,5%), Жамбыл облысы бойынша 373,6 млн кВтсағ-қа (7,6%),  Түркістан облысы бойынша 548,7 млн кВтсағ-қа (10,5%) айтарлықтай өсті.

Аймақтар бойынша электр энергиясын тұтыну:

- Қазақстан

113890,3 млн кВт сағ немесе 100,0%

- Солтүстік аймақ

73853,9 млн кВт сағ немесе 64%

- Оңтүстік аймақ

25488,2 млн кВт сағ немесе 22,4%

- Батыс аймақ

14548,2 млн кВт сағ немесе 12,8%

Электр энергиясы ағындары

2021 жылы электр энергиясын өндіру тұтынудан 557,6 млн кВтсағ-қа асты. Есепті кезеңде Ресейден электр энергиясының сальдо-ағыны – 461,7 млн кВтсағ-ты (2020 жылы Ресейден 123,1 млн кВтсағ) құрады. Бұл ретте Ресейге электр энергиясының экспорты 1326,6 млн кВтсағ-ты құрады (2020 жылы – 1117,5 млн кВтсағ), 2020 жылмен салыстырғанда 209,1 млн кВтсағ-қа артты. Ресейден электр энергиясының импорты - 1788,3 млн кВтсағ (2020 жылмен салыстырғанда 547,7 млн кВтсағ-қа артты) құрады. Экспорт пен импорт Ресей Федерациясынан теңгерімдеуші электр энергиясы көлемі есепке алына отырып, берілген.

Орталық Азияға сальдо-ағын – 1019,3 млн кВтсағ. Бұл ретте ОА-ға электр энергиясының экспорты 1324,5 млн кВтсағ-ты құрады, оның ішінде:

- Өзбекстанға  637,7 млн кВтсағ («Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-дан – 400,3 млн кВтсағ., «ГРЭС Топар» ЖШС-дан - 45,6 млн кВтсағ, «ЕГРЭС-2 станциясы» АҚ-дан -191,8 млн кВтсағ);

- Қырғызстанға 686,8 млн кВтсағ (өзара алмасу шеңберінде «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-дан - 680,3 млн кВтсағ, «ГРЭС Топар» ЖШС-дан – 0,7 млн кВтсағ, «KEGOC» АҚ – «НЭС Кыргызстана» ААҚ - 5,8 млн кВтсағ).


Жедел желі

Кері байланыс