Отырыстар

2022 жылғы 26 тамызда «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің күндізгі отырысы өтті

2022 жылғы 26 тамызда «KEGOC» АҚ

Директорлар кеңесінің күндізгі отырысы өтті 

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің отырысына қатысқандар:

1.   Бердіғұлов Ернат Құдайбергенұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

2.   Аханзарипов Нұрлан Заманбекұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

3.   Ульф Вокурка – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

4.   Сүйентаев Дамир Серікбайұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

5.   Репин Алексей Юрьевич – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.

6.   Жамиев Алмат Күнжолұлы - «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

7.   Молдабаев Қаныш Тәңірбергенұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы.

 

Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 26 тамыздағы отырысында Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 13 шілдедегі шешімімен (№ 6 хаттама) бекітілген «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер бойынша мәселелер тізбесіне сәйкес акционерлер мен инвесторлардың назарына жеткізілуі тиіс 4 (төрт) мәселе қаралды.

 

1.   2022 жылғы 2-тоқсандағы ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі есепті қарау туралы.

Директорлар кеңесі 2022 жылғы 2-тоқсандағы ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі есепті назарға алу туралы шешім қабылдады.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

2.   «KEGOC» АҚ Атқарушы дирекциясының ұйымдық құрылымына өзгерістерді бекіту туралы.

Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдады:

1. Директорлар кеңесінің 2021 жылғы 30 қарашадағы шешімімен (№13 хаттама) бекітілген Атқарушы дирекцияның ұйымдық құрылымына өзгерістер 2022 жылғы 1 қазаннан бастап бекітілсін және күшіне енгізілсін.

2. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Қ. Т. Молдабаев) осы шешімнен туындайтын, оның ішінде еңбек жағдайлары өзгеретін немесе лауазымдары қысқаратын қызметкерлерге қатысты Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

3. «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі комитеттерінің құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдады:

1. Мына тұлғалардың өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылсын:

1) «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі Аудит жөніндегі комитетінің төрағасы, Тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитетінің мүшесі Бекенов Жанбота Темірғалиұлы «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі ретіндегі өкілеттігі тоқтатылған күннен бастап, яғни 2022 жылдың 25 маусымынан бастап;

2) «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі Тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитетінің, Стратегиялық жоспарлау және корпоративтік басқару комитетінің және Еңбек қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау комитетінің сарапшысы (дауыс беру құқығынсыз) Дүйсенов Ержан Абайұлы;

3) Аудит жөніндегі комитеттің сарапшысы (дауыс беру құқығынсыз) Пірмаханов Сәкен Бөлегенұлы.

2. Мыналар:

1) Сүйентаев Дамир Серікбайұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитеттің төрағасы, Тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитетінің мүшесі;

2) Төтебаев Сырым Сәкенұлы экспертом (без права голоса) «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі Тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитетінің, Стратегиялық жоспарлау және корпоративтік басқару комитетінің және Еңбек қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау комитетінің сарапшысы (дауыс беру құқығынсыз).

3) Мыңжанов Ернар Сейітұлы Аудит жөніндегі комитеттің сарапшысы (дауыс беру құқығынсыз) болып сайлансын.

«ЖАҚ» - алты;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

4. «KEGOC» АҚ екінші облигациялық бағдарламасының шегінде облигациялардың екінші шығарылымының шарттарына өзгерістер енгізу туралы.

        Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдады:

1. «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2021 жылғы 25 маусымдағы шешімімен (№7 хаттама) бекітілген «KEGOC» АҚ екінші облигациялық бағдарламасының шегінде облигациялардың екінші шығарылымының шарттарына өзгерістер бекітілсін.

2. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Қ. Т. Молдабаев) осы шешімді іске асыруға байланысты қажетті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс