Отырыстар

2022 жылғы 23 қыркүйекте «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің отырысы өтті

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің отырысына қатысқандар:

1.   Бердіғұлов Ернат Құдайбергенұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

2.   Аханзарипов Нұрлан Заманбекұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

3.   Ульф Вокурка – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

4.   Сүйентаев Дамир Серікбайұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

5.   Жамиев Алмат Күнжолұлы - «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

6.   Молдабаев Қаныш Тәңірбергенұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы.

Директорлар кеңесінің мүшесі А.Ю. Репин еңбек демалысында.

 

Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі отырысында Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 13 шілдедегі шешімімен (№ 6 хаттама) бекітілген «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер бойынша мәселелер тізбесіне сәйкес акционерлер мен инвесторлардың назарына жеткізілуі тиіс 3 (төрт) мәселе қаралды.

 

        1. 2022 жылғы 30 маусымдағы жай-күй бойынша және сол күні аяқталған алты айдағы «KEGOC» АҚ аралық қаржылық есептемесін алдын ала бекіту, таза кірісті бөлу туралы ұсыныстар және 2022 жылғы бірінші жартыжылдық үшін «KEGOC» АҚ бір жай акциясына есептегенде дивиденд мөлшері туралы.

Директорлар кеңесі мына шешімдерді қабылдады:

1. 2022 жылғы 30 маусымдағы жай-күй бойынша және сол күні аяқталған алты айдағы KEGOC» АҚ жартыжылдық қаржылық есептемесі алдын ала бекітілсін.

2. «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының қарауына «KEGOC» АҚ 2022 жылғы 30 маусымдағы жай-күй бойынша және сол күні аяқталған алты айдағы жартыжылдық қаржылық есептемесін, таза кірісті бөлу тәртібін бекіту, 2022 жылғы бірінші жартыжылдық үшін жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және «KEGOC» АҚ бір жай акциясына есептегенде дивиденд мөлшерін бекіту туралы» мәселе енгізілсін.

3. «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысына 14 012 400 000 теңге (он төрт миллиард он екі миллион төрт жүз мың теңге 00 тиын) мөлшеріндегі 2022 жылғы бірінші жартыжылдықтағы таза кірістің 100 %-ы, сонымен қатар өткен кезеңдердің бөлінбеген пайдасының 17 014 309 038,40 теңге (он жеті миллиард он төрт миллион үш жүз тоғыз мың отыз сегіз теңге 40 тиын) жалпы сомасы 3 001 909 038,40 теңге (он жеті миллиард он төрт миллион үш жүз тоғыз мың отыз сегіз теңге 40 тиын) мөлшеріндегі бір бөлігін «KEGOC» АҚ-ның жай акцияларын ұстаушылардың барлығына бөлу ұсынылсын, бұл бір акцияға есептегенде 65,44 теңгені (алпыс бес теңге 44 тиын) құрайды.

4. «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысына:

- 2022 жылғы бірінші жартыжылдықта «KEGOC» АҚ жай акциялары бойынша дивидендтер алуға құқығы бар «KEGOC» АҚ акционерлерінің тізімі 2022 жылғы 15 желтоқсанда 00 сағат 00 минутқа тіркеу;

- «KEGOC» АҚ жай акциялары бойынша дивидендтерді төлеудің басталу күні 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында 2022 жылдың 20 желтоқсанына белгілеу ұсынылсын.

5. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Қ. Т. Молдабаев) осы шешімді іске асыруға байланысты қажетті шараларды қабылдасын.

 

«ЖАҚ» - алты;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

 

2.     «KEGOC» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жиналысын шақыру туралы.

Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдады:

1. KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы күндізгі дауыс беру нысанында Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы, Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат мекенжайы бойынша 2022 жылғы «27» қазанда 11 сағат 30 минутта шақырылсын.

2. Кворум болмаған жағдайда «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс қайталама жалпы жиналысының күні («KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының бірінші отырысында кворум болмаған жағдайда) 2022 жылғы «28» қазанда 11 сағат 30 минутта осы шешімнің 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша белгіленсін.

3. «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіне мына мәселелер енгізілсін:

- «KEGOC» АҚ 2022 жылғы 30 маусымдағы жай-күй бойынша және сол күні аяқталған алты айдағы жарты жылдық қаржылық есептемесін, таза кірісті бөлу тәртібін бекіту, 2022 жылғы бірінші жартыжылдық үшін жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және «KEGOC» АҚ бір жай акциясына есептегенде дивиденд мөлшерін бекіту туралы;

- KEGOC АҚ Жарғысын жаңа редакцияда бекіту туралы.

4. Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімін жасау күні болып 2022 жылғы 3 қазан белгіленсін.

5. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Қ. Т. Молдабаев) осы шешімді іске асыруға байланысты қажетті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - алты;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.




Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс