Отырыстар

2022 жылғы 21 қазанда «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің отырысы өтті

2022 жылғы 21 қазанда

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің отырысы өтті

    

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің отырысына қатысқандар:

1.   Бердіғұлов Ернат Құдайбергенұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

2.   Аханзарипов Нұрлан Заманбекұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

3.   Ульф Вокурка – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

4.   Сүйентаев Дамир Серікбайұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

5. Репин Алексей Юрьевич – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.

6. Жамиев Алмат Күнжолұлы - «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

7.                 Молдабаев Қаныш Тәңірбергенұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы.

 

 

        Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 21 қазандағы отырысында Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 13 шілдедегі шешімімен (№ 6 хаттама) бекітілген «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер бойынша мәселелер тізбесіне сәйкес акционерлер мен инвесторлардың назарына жеткізілуі тиіс 3 (төрт) мәселе қаралды.

            1. «KEGOC» АҚ екінші облигациялық бағдарламасы шегінде облигацияларды екінші шығарылымы талаптарына өзгерістер енгізу туралы

           Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдады:

1. Осы шешімнің қосымшасына сай «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2021 жылғы 25 маусымдағы шешімімен (№7 хаттама) бекітілген «KEGOC» АҚ екінші облигациялық бағдарламасы шегінде облигацияларды екінші шығарылымы талаптарына өзгерістер («KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 26 тамыздағы шешімі) есепке алына отырып, бекітілсін.

2. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Қ. Т. Молдабаев) осы шешімді іске асыруға байланысты қажетті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

      2. «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының қарауына «KEGOC» АҚ Жарғысын жаңа редакцияда бекіту туралы мәселені шығару туралы.

Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдады:

1. Осы шешімнің қосымшасына сай «KEGOC» АҚ Жарғысын жаңа редакцияда бекіту туралы» мәселе мақұлдансын және «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының қарауына шығарылсын.

2. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Қ. Т. Молдабаев) осы шешімді іске асыруға байланысты қажетті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

        3. «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы.

Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдады:

1. KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы күндізгі дауыс беру нысанында Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы, Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат мекенжайы бойынша 2022 жылғы «30» қарашада 11 сағат 30 минутта шақырылсын.

2. «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс қайталама жалпы жиналысының күні («KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының бірінші отырысында кворум болмаған жағдайда) 2022 жылғы «1» желтоқсанда 11 сағат 30 минутта осы шешімнің 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша белгіленсін.

3. «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіне ««KEGOC» АҚ Жарғысын жаңа редакцияда бекіту туралы» мәселе енгізілсін.

4. Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімін жасау күні болып 2022 жылғы 7 қараша белгіленсін.

5. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Қ. Т. Молдабаев) осы шешімді іске асыруға байланысты қажетті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

 


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс