Отырыстар

2019 жылғы 29 маусымда «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің күндізгі отырысы өтті

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің отырысына қатысқандар:
1. Тиесов Сүйіншілік Әмірхамзаұлы – «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі, «KEGOC» Директорлар кеңесінің мүшесі;
2. Егімбаева Жанна Дачерқызы – «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі, «KEGOC» Директорлар кеңесінің мүшесі;
3. Доминик Фаш – Технопарк София-Антиполис Директорлар кеңесінің мүшесі, «РТФ» ЖШҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз директор;
4. Януш Биалек – «Сколтеха» зерттеу орталығының энергетикалық жүйелер жөніндегі директоры, тәуелсіз директор;
5. Құдабаев Ермек Әскербекұлы - тәуелсіз директор, «Intelligent Consulting Solutions» ЖШС экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры;
6. Қажиев Бақытжан Төлеуқажыұлы – «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы.
Директорлар кеңесінің мүшесі А.М.Сәтқалиев кезекті еңбек демалысына шығуына байланысты осы отырысқа қатысу мүмкіндігі болмағандықтан, отырыстың күн тәртібінің мәселелері бойынша жазбаша көзқарасын ұсынды.

2019 жылғы 29 маусымдағы Директорлар кеңесінің отырысында 8 мәселе қарастырылды.
Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 13 шілдедегі (№ 6 хаттама) шешімімен бекітілген, олар бойынша ақпарат акционерлер мен инвесторларға жеткізілуі тиіс «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер бойынша мәселелер тізіміне сәйкес мәселе бойынша ақпарат жібереміз.

1. Жасалуында «KEGOC» АҚ мүдделілік бар мәміле жасау туралы.
Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдады:
1. Мәміле жасау күнінде 10,5% жылдық мөлшерлеме бойынша есептелген сыйлықақыны төлеп, бір данасына 100 теңге бағасы бойынша 10 356 375 дана «Батыс транзит» АҚ инфрақұрылымдық облигацияларын сатып алу-сату шартына қол қою арқылы  жасалуында «KEGOC» АҚ мүдделілігі бар мәміле жасалсын.
2. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Қажиев) осы шешімді іске асырумен байланысты қажетті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - үш;
«ҚАРСЫ» - жоқ;
«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс