Отырыстар

2022 жылғы 18 қарашада «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің отырысы өтті

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің отырысына қатысқандар:

1.   Бердіғұлов Ернат Құдайбергенұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

2.   Аханзарипов Нұрлан Заманбекұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

3.   Ульф Вокурка – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

4.   Сүйентаев Дамир Серікбайұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

 5. Репин Алексей Юрьевич – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.

 6. Жамиев Алмат Күнжолұлы - «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

 7. Молдабаев Қаныш Тәңірбергенұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы.

 

          Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 18 қарашадағы отырысында Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 13 шілдедегі шешімімен (№ 6 хаттама) бекітілген «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер бойынша мәселелер тізбесіне сәйкес акционерлер мен инвесторлардың назарына жеткізілуі тиіс 4 (төрт) мәселе қаралды.

 

1. 2022 жылғы 3-тоқсандағы ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі есепті қарау туралы.

Директорлар кеңесі 2022 жылғы 3-тоқсандағы ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі есепті назарға алу туралы шешім қабылдады.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

2. 2022 жылғы 30 қыркүйектегі жай-күй бойынша және сол күні аяқталған тоғыз айдағы «KEGOC» АҚ аралық қаржылық есептемесін мақұлдау туралы.

Директорлар кеңесі 2022 жылғы 30 қыркүйектегі жай-күй бойынша және сол күні аяқталған тоғыз айдағы «KEGOC» АҚ аралық қаржылық есептемесін мақұлдау туралы шешім қабылдады.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

3. «KEGOC» АҚ Есеп саясатына өзгерістерді бекіту туралы Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдады:

1. «KEGOC» АҚ Есеп саясатына өзгерістер бекітілсін.

2. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Қ. Т. Молдабаев) осы шешімді іске асыруға байланысты қажетті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

4. «KEGOC» АҚ Атқарушы дирекциясының ұйымдық құрылымына өзгерістерді бекіту туралы

Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдады:

1. Директорлар кеңесінің 2021 жылғы 30 қарашадағы шешімімен (№13 хаттама) бекітілген «KEGOC» АҚ Атқарушы дирекциясының ұйымдық құрылымына өзгерістер 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бекітілсін және қолданысқа енгізілсін.

2. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Қ. Т. Молдабаев) осы шешімнен туындайтын, оның ішінде еңбек жағдайлары өзгеретін немесе лауазымдары қысқаратын қызметкерлерге қатысты Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс