Отырыстар

2022 жылғы 15 желтоқсанда «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің күндізгі отырысы өтті

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің отырысына қатысқандар:

1.   Бердіғұлов Ернат Құдайбергенұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

2.   Аханзарипов Нұрлан Заманбекұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

3.   Ульф Вокурка – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

4.   Сүйентаев Дамир Серікбайұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

5. Репин Алексей Юрьевич – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.

6. Жамиев Алмат Күнжолұлы - «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

7. Молдабаев Қаныш Тәңірбергенұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы.

 

Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 18 қарашадағы отырысында Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 13 шілдедегі шешімімен (№ 6 хаттама) бекітілген «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер бойынша мәселелер тізбесіне сәйкес акционерлер мен инвесторлардың назарына жеткізілуі тиіс 8 (сегіз) мәселе қаралды.

 

1. «KEGOC» АҚ Комплаенс қызметінің басшысын тағайындау және оның өкілеттік мерзімін айқындау туралы

Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдады:

1. Асқар Нұрланұлы Әміров «KEGOC» АҚ Комплаенс қызметінің басшысы лауазымына тағайындалсын.

2. «KEGOC» АҚ Комплаенс қызметі басшысының өкілеттік мерзімі 2023 жылғы 1 қаңтардан 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін белгіленсін.

3. А. Н. Әміровке өзінің 2023 жылға арналған даму жоспарына «ICA немесе LLM/MBA дәрежесін алу» нысанасын енгізуді тапсырсын.

4. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Қ. Т. Молдабаев) осы шешімді іске асыруға байланысты қажетті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

2. П KEGOC АҚ-218-22-СД «KEGOC» АҚ Комплаенс қызметі туралы ережені бекіту туралы.

Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдады:

1. П KEGOC АҚ-218-22-СД «KEGOC» АҚ Комплаенс қызметі туралы ереже бекітілсін.

2. Директорлар кеңесі 2021 жылғы 20 тамызда бекіткен (№9 хаттама)                                  П KEGOC 00-210-21-СД Комплаенс-офицер туралы ереженің 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды деп танылсын.

2. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Қ. Т. Молдабаев) осы шешімді іске асыруға байланысты қажетті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

3. «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының қарауына П KEGOC ИД -215-19- ОСА «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі туралы ережеге» өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы мәселені шығару туралы.

Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының қарауына П KEGOC ИД -215-19- ОСА «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі туралы ережеге» өзгерістер мен толықтыруларды алдын ала мақұлдау және шығару туралы шешім қабылдады.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

4. П KEGOC ИД-203-19-СД «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі комитеті туралы ережеге» өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы

Директорлар кеңесі П KEGOC ИД-203-19-ДК «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі комитеті туралы ережеге өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы шешім қабылдады.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

5. П KEGOC ИД -217-22-СД «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің Стратегия, корпоративтік және тұрақты даму комитеті туралы және «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау комитетін тарату туралы ережені бекіту туралы

Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдады:

1. «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің Стратегиялық жоспарлау және корпоративтік басқару комитетінің атауы өзгертілсін және ол «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің Стратегия, корпоративтік және тұрақты даму комитеті» редакциясында жазылсын.

2. П KEGOC ИД -217-22-СД «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің Стратегия, корпоративтік және тұрақты даму комитеті туралы ереже бекітілсін.

3. «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2019 жылғы 30 қарашадағы (№10 хаттама) «KEGOC ИД 206-19-ДК П «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің Стратегиялық жоспарлау және корпоративтік басқару комитеті туралы ереже бекіту туралы» №26 мәселе бойынша шешімінің күші жойылды деп танылсын;

4. «KEGOC» Директорлар кеңесінің 2016 жылғы 28 қазандағы (№12 хаттама) «Еңбек қауіпсіздігі, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау комитетін құру туралы» №5 мәселе бойынша шешімінің күші жойылды деп танылсын және «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті, қоршаған ортаны қорғау комитеті таратылсын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

6. «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2019 жылғы 25 қазандағы (№9 хаттама) «Шешімдерін Директорлар кеңесі қабылдайтын және «KEGOC» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жатпайтын мәселелердің тізбесін жаңа редакцияда бекіту туралы» мәселе бойынша шешімінің күші жойылды деп тану туралы.

Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2019 жылғы 25 қазандағы (№9 хаттама) «Шешімдерін Директорлар кеңесі қабылдайтын және «KEGOC» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының жаңа редакциядағы айрықша құзыретіне жатпайтын мәселелердің тізбесін бекіту туралы» мәселе бойынша шешімінің күші жойылды деп тану туралы шешім қабылдады.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

7.«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесіне «GazaqGaz» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры ретінде жұмыс істеуге келісім беру туралы

Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Ульф Вокурканы «QazaqGaz» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелігіне сайлау мүмкіндігін келісу туралы шешім қабылдады.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс