Отырыстар

2019 жылғы 28 тамызда «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің күндізгі отырысы өтті

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің отырысына қатысқандар:
1. Сәтқалиев Алмасадам Майданұлы- «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, «Самұрық-Қазына» АҚ Активтерді басқару дирекциясының басшысы – басқарушы директоры.
1. Тиесов Сүйіншілік Әмірхамзаұлы - «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.
2. Егімбаева Жанна Дачерқызы - «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.
3. Доминик Фаш – Технопарк София Антиполис Директорлар кеңесінің мүшесі, «РТФ» ЖШҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз директор.
4. Януш Биалек - «Сколтеха» зерттеу орталығының энергетикалық жүйелер жөніндегі директоры, тәуелсіз директор.
5. Құдабаев Ермек Әскербекұлы - «Intelligent Consulting Solutions» ЖШС Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры, тәуелсіз директор.
6. Қажиев Бақытжан Төлеуқажыұлы - «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы.
 
Директорлар кеңесінің 2019 жылғы 28 тамыздағы отырысында 20 мәселе қарастырылды.
Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 13 шілдеде (№ 6 хаттама) шешімімен бекітілген Ақпарат акционерлер мен инвесторларға жеткізілуі тиіс «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер бойынша мәселелер тізбесіне сәйкес, мына мәселелер бойынша ақпарат жіберіп отырмыз.
 
1. «KEGOC» АҚ 2018-2028 жылдарға арналған даму стратегиясына толықтырулар енгізу туралы.
Директорлар кеңесі мынадай шешімдер қабылдады:
1. «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі 2018 жылғы 24 тамызда (№ 9 хаттама) бекіткен «KEGOC» АҚ 2018-2028 жылдарға арналған даму стратегиясына толықтырулар енгізілсін.
2. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Б.Т.Қажиев) «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі 2018 жылғы 24 тамызда (№ 9 хаттама) бекіткен «KEGOC» АҚ 2018-2028 жылдарға арналған даму стратегиясын іске асыруды қамтамасыз етсін.
«ЖАҚ» - жеті;
«ҚАРСЫ» - жоқ;
«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.
 
2. «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының қарастыруына «KEGOC» АҚ Жарғысын жаңа редакцияда бекіту туралы» мәселені шығару туралы.
Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының қарастыруына «KEGOC» АҚ Жарғысын жаңа редакцияда бекіту туралы шешім қабылдады.
«ЖАҚ» - жеті;
«ҚАРСЫ» - жоқ;
«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.
 
3. 2019 жылғы 30 маусымда аяқталған алты айдағы жай-күй бойынша «KEGOC» АҚ аралық қаржы есебін алдын ала бекіту, «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының 2019 жылдың бірінші жарты жылдығы бойынша «KEGOC» АҚ таза кірісін үлестіру реті және «KEGOC» АҚ бір қарапайым акциясына шаққандағы дивидент мөлшері туралы мәселені шығару туралы.
Директорлар кеңесі мынадай шешімдер қабылдады:
1. 2019 жылғы 30 маусымда аяқталған алты айдағы жай-күй бойынша «KEGOC» АҚ аралық қаржы есебі алдын ала бекітілсін.
2. «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының қарастыруына «2019 жылғы 30 маусымда аяқталған алты айдағы жай-күй бойынша «KEGOC» АҚ аралық қаржы есебін бекіту туралы» мәселе шығарылсын.
3. «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысына 17 464 106 633,70 (он жеті миллиард төрт жүз алпыс төрт миллион жүз алты мың алты жүз отыз үш теңге 70 тиын) теңге көлеміндегі 2019 жылдың бірінші жарты жылдығы бойынша таза кірісінің  77,3626455245203%-ын «KEGOC» АҚ қарапайым акцияларының барлық ұстаушыларына үлестіруді ұсыну, бұл бір қарапайым акцияға шаққанда  67,17 теңге (алпыс жеті теңге 17 тиын).
«ЖАҚ» - жеті;
«ҚАРСЫ» - жоқ;
«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.
 
4. «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы.
Директорлар кеңесі мынадай шешімдер қабылдады:
1. Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы, Тәуелсіздік даңғылы мекенжайы бойынша 2019 жылғы «25» қараша 11 сағат 30 минутқа аралас дауыс беру әдісі қолданылатын «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы шақырылсын.
2. «KEGOC» АҚ Акционерлерінің қайталама кезектен тыс жалпы жиналысының күні («KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының бірінші отырысында кворум болмаған жағдайда) 2019 жылғы «26» қазан 11 сағат 30 минутқа осы шешімнің 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша белгіленсін.
3. «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіне мына мәселелер енгізілсін: 
1) «2019 жылғы 30 маусымда аяқталған алты айдағы жай-күй бойынша «KEGOC» АҚ аралық қаржы есебін алдын ала бекіту, «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының 2019 жылдың бірінші жарты жылдығы бойынша «KEGOC» АҚ таза кірісін үлестіру реті және «KEGOC» АҚ бір қарапайым акциясына шаққандағы дивидент мөлшері туралы»;
2) «KEGOC» АҚ Жарғысын жаңа редакцияда бекіту туралы»;
3) «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының 2018 жылғы 27 сәуірдегі (№ 8 хаттамасы) шешімімен бекітілген «KEGOC» АҚ Есеп комиссиясының сандық құрамына өзгерістер енгізу туралы».
4. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Б.Т.Қажиев) осы шешімнен шығатын тиісті шараларды қабылдасын.
«ЖАҚ» - жеті;
«ҚАРСЫ» - жоқ;
«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.
 
5. «KEGOC» АҚ 2018-2028 жылдарға арналған даму стратегиясының орындалуы туралы 2019 жылғы 1-ші жарты жылдық  бойынша есепті қарастыру туралы.
Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ 2018-2028 жылдарға арналған даму стратегиясының орындалуы туралы 2019 жылғы 1-ші жарты жылдық  бойынша есепті ескеру туралы шешім қабылдады.
«ЖАҚ» - жеті;
«ҚАРСЫ» - жоқ;
«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.
 
6. «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының қарастыруына «KEGOC» АҚ Есеп комиссиясының сандық құрамына өзгерістер енгізу мәселесін шығару туралы.
Директорлар кеңесі мынадай шешімдер қабылдады:
«KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының қарастыруына «KEGOC» АҚ Есеп комиссиясының сандық құрамына өзгерістер енгізу туралы мәселе мына өзгерістермен шығарылсын.
1) «KEGOC» АҚ Есеп комиссиясының (бұдан әрі – Есеп комиссиясы) төрағасы мен мына мүшелерінің уәкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылсын:
Тоқубаев Шаяхмет Қажымұратұлы - Есеп комиссиясының төрағасы;
Есеп комиссиясының мүшелері:
Шұғаев Данияр Талғатұлы;
Мейржанов Арман Мейржанұлы;
Сатымбетов Асет Салтанатұлы;
Қошанова Алтынай Мейрамбекқызы;
2) мына кандидатуралар Есеп комиссиясының төрағасы және мүшелері ретінде уәкілеттік мерзімдері Есеп комиссиясының уәкілеттік мерзімі жалпы аяқталғанға дейін тағайындалсын:
Мейржанов Арман Мейржанұлы - Есеп комиссиясының төрағасы;
Есеп комиссиясының мүшелері:
Имятов Олжас Жанатұлы;
Садықбаев Ануар Садықбайұлы;
Молдыбаева Нұргүл Аллабергенқызы;
Смағұлова Айжан Әрінқызы.

Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс