Отырыстар

2023 жылғы 27 қаңтарда «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің отырысы өтті

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің отырысына қатысты:

1.   Бердіғұлов Ернат Құдайбергенұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

2.   Аханзарипов Нұрлан Заманбекұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

3.   Ульф Вокурка – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

4.   Сүентаев Дамир Серкбайұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

5.   Репин Алексей Юрьевич – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.

6.   Жәмиев Алмат Күнжолұлы - «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі

7.   Молдабаев Қаныш Тәңірбергенұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы.

Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 27 қаңтардағы  отырысында Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 13 шілдедегі (№ 6 хаттама) шешімімен бекітілген «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер бойынша мәселелер тізбесіне сәйкес, олар туралы ақпарат акционерлер мен инвесторларға жеткізілуі тиіс 2 (екі) мәселе қаралды.

1. Жабдыққа жедел және пайдалану қызметін көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға шарттарға қол қою арқылы 2023 жылға жасалуында мүдделілік бар мәмілелер жасасу туралы.

Директорлар кеңесі шешім қабылдады:

1.   «KEGOC» АҚ белгіленген тәртіпте жабдыққа жедел және пайдалану қызметін көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға 2023 жылға жасалуында мүдделілік бар мәмілелер жасасын:

1) «KEGOC» АҚ «Ақтөбе ЖЭТ» филиалы мен «Батыс транзит» АҚ арасында 500 кВ Өлке ҚС 220 АТҚ-да орнатылған «Батыс транзит» АҚ жабдығына және 220 кВ «Өлке – Қазхром 1» и «Өлке – Қазхром 2» электр жеткізу желілерінде пайдалану қызметін көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға;

2) «KEGOC» АҚ «Ақтөбе ЖЭТ» филиалы мен «Батыс транзит» АҚ арасында 500 кВ Өлке ҚС 220 АТҚ-да орнатылған «Батыс транзит» АҚ жабдығына және 500 кВ «Жітіқара-Өлке» ӘЖ электр жеткізу желілерінде пайдалану қызметін көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға;

3) «KEGOC» АҚ «Сарыбай ЖЭТ» филиалы мен «Батыс транзит» АҚ арасында 500 кВ Жітіқара ҚС 220 АТҚ-да орнатылған «Батыс транзит» АҚ жабдығына және 500 кВ «Жітіқара-Өлке» ӘЖ электр жеткізу желілерінде пайдалану қызметін көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға.

2. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Қ.Т. Молдабаев) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - үш;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

2. «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитетінің құрамындағы өзгеріс туралы.

Директорлар кеңесі шешім қабылдады:

1.   «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитетінің сарапшысы (дауыс беру құқығысыз) Ернар Сейтұлы Мыңжановтың уәкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылсын.

2. Ренатолла Еділұлы Еділ «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитетінің сарапшысы (дауыс беру құқығысыз) болып тағайындалсын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС
ҚАЛДЫ» - жоқ.

Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс