Отырыстар

2023 жылғы 24 ақпанда «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің отырысы өтті

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің отырысына қатысты:

1.   Бердіғұлов Ернат Құдайбергенұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

2.   Аханзарипов Нұрлан Заманбекұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

3.   Ульф Вокурка – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

4.   Сүентаев Дамир Серкбайұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

5.   Репин Алексей Юрьевич – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.

6.   Жәмиев Алмат Күнжолұлы - «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

7.   Молдабаев Қаныш Тәңірбергенұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы.

 

Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 24 ақпандағы отырысында Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 13 шілдедегі (№ 6 хаттама) шешімімен бекітілген, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер бойынша мәселелер тізбесіне сәйкес, олар туралы ақпарат акционерлер мен инвесторларға жеткізілуі тиіс 1 (бір) мәселе қаралды.

 

1. «KEGOC» АҚ Комплаенс қызметінің Комплаенс-офицерін тағайындау, оның өкілеттік мерзімін және қызметақысының мөлшерін белгілеу туралы.

Директорлар кеңесі шешім қабылдады:

1. Алмас Үсенұлы Тимашев «KEGOC» АҚ Комплаенс қызметінің Комплаенс-офицері болып тағайындалсын.

2. «KEGOC» АҚ Комплаенс қызметі Комплаенс-офицерінің өкілеттік мерзімі 2023 жылғы 1 наурыздан бастап 2024 жылғы 29 ақпанды қоса алған кезеңге белгіленсін.

3. «KEGOC» АҚ Комплаенс қызметінің Комплаенс-офицеріне 623 600 теңге мөлшерінде қызметақы белгіленсін.

4. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Қ.Т.Молдабаев) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс