Отырыстар

2023 жылғы 1 сәуірде «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің күндізгі отырысы өткізілді

2023 жылғы 1 сәуірде «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің күндізгі отырысы өткізілді

 

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің отырысына қатысты:

1. Бердіғұлов Ернат Құдайбергенұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

2. Аханзарипов Нұрлан Заманбекұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

3. Ульф Вокурка – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

4. Сүентаев Дамир Серкбайұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

5. Репин Алексей Юрьевич – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.

6. Жәмиев Алмат Күнжолұлы - «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

7. Молдабаев Қаныш Тәңірбергенұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы.

 

Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 1 сәуірдегі отырысында Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 13 шілдедегі (№ 6 хаттама) шешімімен бекітілген, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер бойынша мәселелер тізбесіне сәйкес, олар туралы ақпарат акционерлер мен инвесторларға жеткізілуі тиіс 6 (алты) мәселе қаралды.

«2022 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жылғы «KEGOC» АҚ-ның қаржылық есептемесін, «KEGOC» АҚ-ның таза табысын бөлу тәртібі туралы ұсыну, 2022 жылдың екінші жартыжылдығына «KEGOC» АҚ-ның бір жай акциясына есептегенде дивиденд мөлшерін бекіту туралы»;

 

1. «KEGOC» АҚ 2022 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жылғы қаржылық есептемесін алдын ала бекіту, «KEGOC» АҚ таза кірісін бөлу тәртібі жөнінде ұсыныс беру және 2022 жылғы екінші жарты жылдыққа «KEGOC» АҚ бір акциясына есептегенде дивидендтер мөлшері туралы.

Директорлар кеңесі шешім қабылдады:

1.   «KEGOC» АҚ 2022 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жылғы қаржылық есептемесі алдын ала бекітілсін.

2.   «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының қарауына «KEGOC» АҚ-ның 2022 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жылдағы қаржылық есептемесін, таза кірісті бөлу тәртібін бекіту, 2022 жылғы екінші жартыжылдығына «KEGOC» АҚ-ның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу және «KEGOC» АҚ-ның бір жай акциясына есептегенде дивиденд мөлшерін бекіту туралы шешім қабылдау туралы» мәселе шығарылсын.

3. «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысына 2022 жылдың екінші жартыжылдығына 12 735 209 000 теңге (он екі миллиард жеті жүз отыз бес миллион екі жүз тоғыз мың теңге 00 тиын) мөлшеріндегі 100% таза кірісті, сондай-ақ өткен кезеңдердің 418 120 679,90 теңге (төрт жүз он сегіз миллион жүз жиырма мың алты жүз жетпіс тоғыз теңге, 90 тиын) теңге мөлшеріндегі бөлінбеген пайдасының бір бөлігін, жалпы 13 153 329 679,90 теңге (он үш миллиард жүз елу үш миллион үш жүз жиырма тоғыз мың алты жүз жетпіс тоғыз теңге 90 тиын) теңге мөлшеріндегі соманы «KEGOC» АҚ жай акцияларының барлық ұстаушыларына бөлу ұсынылсын, бұл бір жай акцияға есептегенде 50,59 теңгені (елу теңге 59 тиын) құрайды.

4. «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысына ұсынылсын:

- 2022 жылдың екінші жартыжылдығына «KEGOC» АҚ жай акциялары бойынша дивидендтер алуға құқығы бар «KEGOC» АҚ акционерлерінің тізімін 2023 жылғы 12 мамырда 00 сағат 00 минутқа бекітілсін;

- 2022 жылдың екінші жартыжылдығына «KEGOC» АҚ жай акциялары бойынша дивидендтер төлеудің басталу күні 2023 жылғы 15 мамырға белгіленсін.

5. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Қ.Т.Молдабаев) осы шешімнен туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

2.   Акционерлердің «KEGOC» АҚ мен оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне қатысты шағымы және оларды қарау қорытындылары жөніндегі мәселені алдын ала қарау туралы.

Директорлар кеңесі шешім қабылдады:

1. Акционерлердің «KEGOC» АҚ мен оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне қатысты шағымдарының болмауы туралы ақпарат назарға алынсын.

2. Аталған мәселе «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының қарауына енгізілсін.

3. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Молдабаев Қ.Т.) осы шешімнен туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

3.   «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын шақыру туралы

Директорлар кеңесі келесі шешім қабылдады:

1.   «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы                            2023 жылғы «2» мамырда 11 сағат 30 минутта Астана қаласы, Алматы ауданы, Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат мекенжайында күндізгі дауыс беру нысанында шақырылсын.

2.      «KEGOC» АҚ Акционерлерінің қайталама жылдық жалпы жиналысы өткізілетін күн («KEGOC» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының бірінші отырысында кворум болмаған жағдайда) осы шешімнің 1-тармағында көрсетілген мекенжайда 2022 жылғы «3» мамырда 11 сағат                     30 минутта өткізіледі деп белгіленсін.    

3.   «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы отырысының күн тәртібіне мына мәселелер енгізілсін:

- «KEGOC» АҚ 2022 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жылғы қаржылық есептемесін, таза кірісті бөлу тәртібін бекіту, 2022 жылғы екінші жартыжылдыққа «KEGOC» АҚ жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу және бір жай акциясына есептегенде дивиденд мөлшерін бекіту жөнінде шешім қабылдау туралы»;

- «Е KEGOC АД-215-19-АЖЖ «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі туралы ережеге өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы»;

- «Акционерлердің «KEGOC» АҚ мен оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне қатысты шағымдары және оларды қарау қорытындылары туралы».

4. Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімін жасау күні 2023 жылғы 7 сәуір болып белгіленсін.

5. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Қ. Т. Молдабаев) осы шешімнен туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

4.   «KEGOC» АҚ-ның 2023-2032 жылдарға арналған даму жоспарын (стратегиясын) бекіту туралы.

Директорлар кеңесі шешім қабылдады:

1. «KEGOC» АҚ-ның 2023-2032 жылдарға арналған даму жоспары (Стратегиясы) осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. Директорлар кеңесінің 2021 жылғы 21 желтоқсандағы шешімімен (№14 хаттама) бекітілген «KEGOC» АҚ-ның 2022-2031 жылдарға арналған даму стратегиясының күші жойылды деп танылсын.

3. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Қ. Т. Молдабаев) белгіленген тәртіппен осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

5.   «KEGOC» АҚ Басқармасы туралы ережеге өзгерістерді бекіту туралы.

Директорлар кеңесі шешім қабылдады:

1. Осы шешімнің қосымшасына сай KEGOC 00-313-16-ДК «KEGOC» АҚ Басқармасы туралы ережеге өзгерістер бекітілсін және осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.

2. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Қ. Т. Молдабаев) осы шешімді іске асыруға байланысты қажетті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

6.   2022 жылғы 4-тоқсандағы ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі есепті қарау туралы.

Директорлар кеңесі 2022 жылғы 4-тоқсандағы ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі есепті назарға алу туралы шешім қабылдады.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

 

 

 

 

 


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс