Отырыстар

2020 жылғы 27 сәуірде «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің күндізгі отырысы өтті

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің отырысына техникалық байланыс құралдарын пайдаланып (бейнеконференция сеансы режимінде) қатысты: 

1.Сәтқалиев Алмасадам Майданұлы - «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, «Самұрық-Қазына» АҚ Активтерді басқару дирекциясының басшысы – басқарушы директор.

2.Тиесов Сүйіншілік Әмірхамзаұлы - «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

3.Егімбаева Жанна Дачерқызы - «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

4.Доминик Фаш - Технопарк София Антиполис Директорлар кеңесінің мүшесі, «РТФ» ЖШҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз директор.

5.Януш Биалек - Ньюкасл университетінің (Ұлыбритания) және «Сколтех» Сколков ғылым және технологиялар институтының профессоры (Ресей), тәуелсіз директор.

6.Бекенов Жанбота Темірғалиұлы - тәуелсіз директор.

7.Қажиев Бақытжан Төлеуқажыұлы - «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы.

Директорлар кеңесінің 2020 жылғы 27 сәуірдегі отырысында Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 13 шілдедегі (№ 6 хаттама) шешімімен бекітілген «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер бойынша мәселелер тізбесіне сәйкес, олар туралы ақпарат акционерлер мен инвесторларға жеткізілуі тиіс 3 мәселе қаралды. Мына мәселелер бойынша ақпарат жіберіп отырмыз.

1.«KEGOC» АҚ 2019 жылғы жылдық есебін бекіту туралы. 

Директорлар кеңесі мынадай шешімдер қабылдады:

1.«KEGOC» АҚ 2019 жылғы жылдық есебі бекітілсін.

2. «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысы бекіткеннен кейін «KEGOC» АҚ 2019 жылғы жылдық есебіне 2019 жылғы 31 желтоқсандағы және сол күнмен аяқталған жылдағы жай-күй бойынша «KEGOC» АҚ жылдық қаржы есептілігі енгізілсін. 

3.«KEGOC»  АҚ Басқарма төрағасы (Б.Т.Қажиев) осы шешімді іске асыруға қатысты тиісті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

2.Сырттай дауыс беру арқылы «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын шақыру туралы.

Директорлар кеңесі мынадай шешімдер қабылдады: 

1. «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы сырттай дауыс беру арқылы 2020 жылғы 29 мамырда өткізілсін. 

2.Сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньдерді ұсыну басталатын және аяқталатын соңғы күн 2020 жылғы 28 мамырға белгіленсін.

3. Сырттай дауыс беру нәтижелерін есептеу күні 2020 жылғы 29 мамырға белгіленсін. 

4.«KEGOC» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы отырысының күн тәртібіне мына мәселелер енгізілсін: 

-«KEGOC» АҚ 2019 жылғы жылдық қаржы есептілігін, таза кірісін бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивиденттер төлеу туралы шешім қабылдау және бір жай акцияға есептегенде дивидент мөлшерін бекіту туралы;

- «KEGOC» АҚ аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды белгілеу туралы;

- акционерлердің «KEGOC» АҚ және оның лауазымдық тұлғаларының әрекеттеріне қатысты өтініштері және оларды қарау нәтижелері. 

5. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Б.Т.Қажиев) осы шешімге қатысты тиісті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

3.«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2018 жылғы 24 тамыздағы (№ 9 хаттамасы) шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Директорлар кеңесі мынадай шешімдер қабылдады:

1. Е.А.Құдабаев Аудит жөніндегі комитет және Тағайындаулар және сыйлықақылар жөніндегі комитет құрамынан шығарылсын.

2. Бекенов Жанбота Темірғалиұлы Аудит жөніндегі комитеттің төрағасы және Тағайындаулар және сыйлықақылар жөніндегі комитеттің мүшесі болып сайлансын және «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2018 жылғы 24 тамыздағы (№9 хаттама) отырысының күн тәртібіндегі № 20 мәселе бойынша шешіміне мына өзгерістер енгізілсін: 

1)    1-тармақтың 1) тармақшасы мына редакцияда жазылсын: 

 «1) Бекенов Ж.Т. – Аудит жөніндегі комитет төрағасы»;

2)   2-тармақтың 2) тармақшасы мына редакцияда жазылсын: 

 «2) Бекенов Ж.Т. –Комитет мүшесі».

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс