Отырыстар

2020 жылғы 19 маусымда «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің сырттай отырысы өткізілді

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің отырысына техникалық байланыс құралдарын қолдана отырып, (бейнеконференция сеансы режимінде) қатысты:

1.Сәтқалиев Алмасадам Маиданұлы - «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарушы директоры-Активтерді басқару жөніндегі дирекциясының басшысы.

2.Тиесов Суиншлік Әмірхамзаұлы - «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.

3.Егімбаева Жанна Дачерқызы - «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.

4.Януш Биалек – Ньюкаслский университетінің (Ұлыбритания) және «Сколтех» Сколковский ғылым және технологиялар институтының (Ресей) профессоры, тәуелсіз директор.

5.Доминик Фаш - София Антиполис Технопаркі Директорлар кеңесінің мүшесі, «РТФ» ЖШҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.

6.Бекенов Жанбота Темірғалиұлы – тәуелсіз директор.

7.Қажиев Бақытжан Төлеуқажыұлы - «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы.

2020 жылғы 19 маусымда Директорлар кеңесінің отырысында Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 13 шілдедегі шешімімен (№ 6 хаттама) бекітілген «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер бойынша мәселелер тізбесіне сәйкес акционерлер мен инвесторлардың назарына жеткізілуі тиіс 2 (екі) мәселе қаралды, мына мәселелер бойынша ақпаратты жіберіп отырмыз.  

  1.2020 жылғы 31 наурыздағы және сол уақытта аяқталған үш айдағы жай-күй бойынша «KEGOC» АҚ Аралық қаржылық есептемесін мақұлдау туралы.

Директорлар кеңесі 2020 жылғы 31 наурыздағы және сол уақытта аяқталған жай-күй бойынша «KEGOC» АҚ Аралық қаржылық есептемесін мақұлдау туралы шешім қабылдады. 

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

2.«KEGOC» АҚ Атқарушы дирекциясының Ұйымдық құрылымын және қызметкерлерінің жалпы санын бекіту туралы.

Директорлар кеңесі мынадай шешімдер қабылдады:

1.«KEGOC» АҚ Ұйымдық құрылымы бекітілсін және 2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілсін. 

2.«KEGOC» АҚ Атқарушы дирекциясы қызметкерлерінің жалпы саны 368 штаттық бірлік көлемінде бекітілсін. 

3.2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап Директорлар кеңесінің 2018 жылғы 30 наурыздағы шешімімен (№ 3 хаттама) бекітілген «KEGOC» АҚ Атқарушы дирекциясының Ұйымдық құрылымының және Директорлар кеңесінің 2019 жылғы 30 қарашадағы шешімімен (№ 10 хаттама) бекітілген «KEGOC» АҚ Атқарушы дирекциясының жалпы санының күші жойылды деп танылсын.

4.«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Қажиев) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс