Отырыстар

2023 жылғы 28 сәуірде «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің күндізгі отырысы өткізілді

2023 жылғы 28 сәуірде «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің күндізгі отырысы өткізілді

 

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің отырысына қатысты:

1. Бердіғұлов Ернат Құдайбергенұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

2. Аханзарипов Нұрлан Заманбекұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

3. Ульф Вокурка – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

4. Сүентаев Дамир Серкбайұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

5. Репин Алексей Юрьевич – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.

6. Жәмиев Алмат Күнжолұлы - «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

7. Молдабаев Қаныш Тәңірбергенұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы.

Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 28 сәуірдегі отырысында Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 13 шілдедегі (№ 6 хаттама) шешімімен бекітілген, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер бойынша мәселелер тізбесіне сәйкес, олар туралы ақпарат акционерлер мен инвесторларға жеткізілуі тиіс 2 (екі) мәселе қаралды.

1. KEGOC» АҚ-ның 2022 жылғы жылдық есебін бекіту туралы.

Директорлар кеңесі шешім қабылдады:

1. «KEGOC» АҚ-ның 2022 жылғы жылдық есебі бекітілсін.

2. «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы «KEGOC» АҚ-ның 2022 жылғы аудиттелген жылдық қаржылық есептілігін бекіткеннен кейін «KEGOC» АҚ-ның аудиттелген жылдық қаржылық есептілігі және қызметтің қаржылық нәтижелеріне басшылықтың түсіндірмелері енгізілсін.

3. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Қ.Т.Молдабаев) осы шешімнен туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

2.   «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің біліктілігін арттырудың 2023 жылға арналған жоспарын бекіту туралы.

Директорлар кеңесі шешім қабылдады:

1. «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің біліктілігін арттырудың 2023 жылға арналған жоспары бекітілсін.

2. Корпоративтік хатшы Е. Б. Рамазанов осы шешімді іске асыруға байланысты қажетті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

 

 

 


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс