Отырыстар

2020 жылғы 18 тамызда «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің күндізгі отырысы өтті

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің отырсына техникалық байланыс құралдарын пайдаланып (бейнекоференция сеансы режимінде), қатысты:

1.Сәтқалиев Алмасадам Маиданұлы - «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарушы директоры-Активтерді басқару жөніндегі дирекциясының басшысы.

2.Тиесов Суиншлік Әмірхамзаұлы - «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.

3.Егімбаева Жанна Дачерқызы - «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.

4.Доминик Фаш - София Антиполис Технопаркі Директорлар кеңесінің мүшесі, «РТФ» ЖШҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.

5.Бекенов Жанбота Темірғалиұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

6.Аханзарипов Нұрлан Заманбекұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

7.Қажиев Бақытжан Төлеуқажыұлы - «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы.

Директорлар кеңесінің 2020 жылғы 18 тамыздағы отырысында Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 13 шілдедегі (№ 6 хаттама) шешімімен бекітілген «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер бойынша мәселелер тізбесіне сәйкес, олар туралы ақпарат акционерлер мен инвесторларға жеткізілуі тиіс 5 (бес) мәселе қаралды. Мына мәселелер бойынша ақпарат жіберіп отырмыз.

1.Ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі 2020 жылғы 2 тоқсан бойынша есепті қарау туралы. 

Директорлар кеңесі мынадай шешімдер қабылдады: 

1. Ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі 2020 жылғы 2 тоқсан бойынша есеп назарға алынсын. 

2.  «KEGOC» АҚ-ның мына жобаларды іске асыру бойынша артта қалуы атап өтілсін және Басқармаға (Б.Т.Қажиев) тапсырылсын:

1) «Қазақстан БЭЖ Батыс аймағының электр желісін күшейту» жобасы бойынша ЖСҚ әзірлеу жылдамдатылсын және уақтылы бекітілсін, 2020 жылға арналған күрделі қаржы салымдарының жоспарлы көлемі игерілсін;

 2) «Түркістан қ. сыртқы электрмен жабдықтау схемасын күшейту» жобасы бойынша 2020 жылға арналған күрделі қаржы салымдарының жылдық жоспары қамтамасыз етілсін.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

2. «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының қарауына «KEGOC» АҚ Жарғысына өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы мәселе шығарылсын. 

Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының қарауына «KEGOC» АҚ Жарғысына өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы мәселені шығару туралы шешім қабылдады.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

3. Шешімін Директорлар кеңесі қабылдайтын және «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жатпайтын мәселелер тізіміне толықтырулар енгізу жөніндегі мәселені қарастыру туралы. 

Директорлар кеңесі мынадай шешімдер қабылдады: 

1.«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2019 жылғы 25 қазандағы (№ 9 хаттама) шешімімен бекітілген Шешімін Директорлар кеңесі қабылдайтын және «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жатпайтын мәселелер тізімі мына мазмұндағы 19-тармақпен толықтырылсын:

 «19. Шығындардың жекелеген түрлерінің және тиісті төлемдер нормаларының лимиттерін бекіту».

2.«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Б.Т.Қажиев) осы шешімге қатысты тиісті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

4.Р СУР KEGOC 00-200-14-СД Тәуекелдерді басқару жүйесі нұсқаулығына өзгерістерді бекіту туралы.

Директорлар кеңесі СУР KEGOC 00-200-14-СД Тәуекелдерді басқару жүйесі нұсқаулығына өзгерістерді бекіту туралы шешім қабылдады. 

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

5.«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2018 жылғы 24 тамыздағы (№ 9 хаттама) шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Директорлар кеңесі мынадай шешімдер қабылдады: 

1.Януш Биалек Аудит жөніндегі комитет, Тағайындаулар және сыйлықақылар жөніндегі комитет, Стратегиялық жоспарлау және корпоративтік басқару жөніндегі комитет құрамынан шығарылсын. 

2. Нұрлан Заманбекұлы Аханзарипов Тағайындаулар және сыйлықақылар жөніндегі комитет және Стратегиялық жоспарлау және корпоративтік басқару жөніндегі комитеттің төрағасы, Аудит жөніндегі комитеттің мүшесі болып сайлансын және «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2018 жылғы 24 тамыздағы (№ 9 хаттама) отырысының № 20 мәселесі бойынша шешіміне мына өзгерістер енгізілсін:

1) 1-тармақтың 3) тармақшасы мына редакцияда жазылсын:

 «3) Аханзарипов Н.З. – Аудит жөніндегі комитет мүшесі;».

2) 2-тармақтың 1) тармақшасы мына редакцияда жазылсын:

 «1) Аханзарпов Н.З. – Аханзарипов Тағайындаулар және сыйлықақылар жөніндегі комитеттің төрағасы,».

3) 3-тармақтың 1) тармақшасы мына редакцияда жазылсын:

 «1) Аханзарипов Н.З. – Стратегиялық жоспарлау және корпоративтік басқару жөніндегі комитеттің төрағасы;».

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс