Акционер туралы қысқаша ақпарат

Қазақ

«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» акционерлік қоғамы «Қазақстан Республикасының энергетика жүйесін басқаруды құрылымдық қайта құру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 28қыркүйектегі № 1188 қаулысына сәйкес құрылды.

«KEGOC» АҚ 1997 жылғы 11 шілдеде бастапқы мемлекеттік тіркеуден өтті.  

Қазақстан Республикасының Үкіметі «KEGOC» АҚ-ның құрылтайшысы болып табылады. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 қаңтардағы № 50 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 ақпандағы № 117 қаулысына сәйкес «KEGOC» АҚ акцияларының мемлекеттік пакеті «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстан холдингі АҚ-ның орналастырылатын акцияларын төлеуге тапсырылды.

«Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығы жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығына және «Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысына сәйкес «Қазына» тұрақты даму қоры» мен «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстан холдингі» акционерлік қоғамдарын біріктіру жолымен  «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы құрылды.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін және тұрақтылығын арттыру жіне елімізде экономиканың өсуіне әлемдік нарықтағы өзгерістердің теріс әсер етуі мүмкін факторлардың алдын алу мақсатында құрылды.

Қор қызметінің басты мақсаты ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялар мен басқа да заңды тұлғалардың өзіне меншік құқығында тиесілі акциялары пакеттерін (қатысу үлесін) олардың ұзақ мерзімді құндылықтарын барынша көбейту және әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін басқару болып табылады.

2014 жылғы 18 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 қыркүйектегі № 1027 қаулысымен бекітілген «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының еншілес және бағынысты ұйымдарының акциялары пакеттерін бағалы қағаздар нарығына шығару бағдарламасын (бұдан әрі – «Халықтық ІРО» бағдарламасы) іске асыру аясында «KEGOC» АҚ жазылым жүргізу жолымен Қоғамның жай акцияларын Қазақстан қор нарығында бірінші рет орналастырды.  

«KEGOC» АҚ Қазақстанның ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында орналастырылған жай акцияларының саны – 25 999 999 (жиырма бес миллион тоғыз жүз тоқсан тоғыз мың тоғыз жүз тоқсан тоғыз) дана. «KEGOC» АҚ бір жай акцияларын орналастыру бағасы 505 (бес жүз бес) теңгені құрайды. 

«KEGOC» АҚ акциялары пакетін «Халық ІРО» бағдарламасы аясында қор нарығында орналастырғаннан кейін «Самұрық-Қазына» АҚ-ға «KEGOC» АҚ-ның 90% плюс 1 акциясы тиесілі, қалған 10% минус бір акциясы миноритарлық акционерлерге тиесілі.