Негізгі ережелер
ЭКЕАЖ — ОРЭ субъектілері арасында өндірілген, жеткізілген, тарқатылған және тұтынылған электр энергиясы үшін өлшеулер деректерін жинау, деректерді өңдеу, сақтау, жеткізу және өзара есептесулерге деректер даярлауға арналған өлшеу құралдары мен аппараттық-бағдарламалық кешен жиынтығы.
Электржелілік компаниялардың ЭКЕАЖ-нің құру мақсаттары:
• Компания торпатарындағы электр энергиясы ысыраптары үшін есепке алу және есептесулерге арналған нарықсубъектілерімен бірге электр энергиясын алмастыру (тұтыну не беру) туралы, ақпаратпен дер кезінде сенімді қамтамасыз ету.
• Ысыраптар ошақтарын оларды жою мақсатында анықтау.
• Электр энергиясының теңгеріімдерін айқындау (электр энергиясының ысыраптарын дәл есепке алу).
• ОРЭ субъектілерімен бірге электр энергиясын есепке алу жөнінде келісілген, ақпаратпен өзара алмасу.
Тұтынушылардың ЭКЕАЖ-нің құру мақсаттары:
• Сатып алынатын электр энергиясының құнын оңтайландыру.
• Электрді тұтыну түзімдерін оңтайландыру.
• Тұтынылған электр энергиясының нақты құнын тоғыспалы қаражаттандырусыз төлеу.
• Электр энергиясы құнының жоспарлы мезгілге болжамдығы.
• Сенімді электрмен жабдықтау.
• Электр энергиясының теңгерімдерін айқындау (электр энергиясының ысыраптарын дәл есепке алу).
• Электр энергиясының ОРЭ субъектілерімен есепке алу жөніндегі келісілген, ақпаратпен өзара алмасу.
ЭКЕАЖ-ні энергия көздерінің құру мақсаттары:
• Кірістердің болжамдылығы.
• Электр энергиясының жеткізілімдерін төлеу кепілідіктері.
• Электр энергиясының өндірісіне оралымды бақылау жасау.
• Электр энергиясының теңгерімдерін айқындау (электр энергиясының ысыраптарын дәл есепке алу).
• Кәсіпорынның техникалық-экономикалық көрсеткіштерін айқындау.
• Электр энергиясының ОРЭ субъектілерімен есепке алу жөніндегі келісілген, ақпаратпен өзара алмасу.
ОРЭ-нің АЭКЕАЖ-ні құру мақсаттары:
• Электр энергиясын шынайы, уақтылы және заңды өлшеулерінің деректер базасын оны өндіру, жеткізу, тарқату мен электр энергиясының көтерме және теңгермелі нарығында тұтыну кезінде құру.
• Электр техникалық есептеулердің кешенін орындау.
• Электр энергиясының көтерме және теңгермелі нарығында өзара есептесулер үшін бастапқы деректерді даярлау.
• Электр энергиясының ОРЭ субъектілерімен есепке алу жөніндегі келісілген, ақпаратпен өзара алмасу.