Айқын, 18.11.2014/ «KEGOC-тың» «Халық ІРО-дағы» артықшылығы

Қазақ

18.11.2014

Айқын, 18.11.2014/ «KEGOC-тың» «Халық ІРО-дағы» артықшылығы

Қазақстанда халықтық IPO-ның екінші кезеңі басталды. Ашық қор нарығына еліміздегі ірі энергетикалық «KEGOC» АҚ компаниясы шықты. 

Сарапшылардың пікірлерінше, оның акцияларына сұраныс бағдарламаның дебюьтанты – ұлттық мұнайтасымалдау «КазТрансОйл» компаниясынан төмен болмайды. 

Жүйелі дайындық

Естеріңізге сала кетейік, қазан айының ортасында «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесі белгіленетін баға туралы, сондай-ақ «Халық ІРО» барысында «KEGOC» АҚ қарапайым акцияларын орналастырудың саны мен құрылымы туралы мәселені қарады. Жан-жақты құқықтық дайындықтар жүргізілді. Қор басқармасының мүшесі Талғат Сәрсенбаевтың айтуынша, мұндай дайын­дық болу мүмкін жағымсыз сценарийлердің алдын алу үшін қажет, мысалы, жарияланбауға келісілген ақпараттар компанияға қарсы қолданылуы мүмкін. 

Алайда ең бастысы – басқарушылар командасы «KEGOC» компаниясының тарифын реттеу бойынша жұмыс істеді. Қор басқармасы төрағасының орынбасары Елена Бахмутованың түсіндіруінше, әңгіме тарифтерді көтеру жөнінде емес, жаңа айқындықтарға қол жеткізу туралы болып отыр. «Бұған жаңа жолмен келу керек болды, алдағы уақытта инвесторлар түсетін пайданы, тіпті жалпы «KEGOC» компаниясының қаржылық мо­делін болжай алуы үшін тарифтерді қалыптастыру механизмін ашығырақ жасау керек. Мәселе мынада, бұл компания толықтай тарифтік реттеуге тәуелді. «KEGOC» компаниясының реттеу тарифы ойдағыдай болуы үшін қазіргі кезде жағдай қалыптасты. Қор өкілінің пікірі бойынша, бұл мәселелерді жолға қою алдағы уақытқа жұмыс істейтін болмақ: ол, KEGOC сияқты тарифтік реттеуге тәуелді «Самұрық-Энерго» компаниясының қор нарығына шығуына дайындалуға жол ашады».

– Неғұрлым ашық, айқынырақ бизнес мүмкіндігі бар инвесторлардың мүддесін арттырады, сондай-ақ ІРО-ға қатысушылар – қатардағы салымшылар үшін тәуекелді азайтады, – деп санайды «Фридом Финанс» АҚ инвес­тициялық сарапшысы Ерлан Әбдікәрімов. – Ашық, айқын компанияларды бақылау оңай, демек, олар тұтынушылардың сеніміне кірген. Жалпы, ашық компа­ниялары және акционерлерге бағытталған экономика көп жағдайда жақсы жұмыс істейді. 

«KEGOC»: табыстар мен тәуекел

«KEGOC» құнды қағаздарына алуға мүмкіндіктері бар инвесторлардың мүддесі бүгінде, электр энергетикалық компанияның мұнай бағасының өзгерулеріне тәуелді емес екенін, демек, тиімді жағдайда тұрғанына негіз­дел­ген. «Халық ІРО» бағдарламасы аясында мықты қаржы­лық көрсеткіштері бар тұрақты компаниялардың қатысуы болашақ акционерлер үшін басымдық болып табылады, – дейді Әбдікәрімов мырза. Өз кезегінде «BCC Invest» АҚ сарапшысы Наина Романова «KEGOC» компания­сының корпоративтік басқаруда біршама жақсы рейтингке ие, сондай-ақ кредиттік рейтинг те тұрақты екенін айтады. «Бес жылдың ішінде (2007-2011 жылдары) компанияның ұдайы қызмет көрсетуден түскен табысы көбейді, осының өзі «KEGOC» өсуі қарқынының жоғары екендігін көр­сетеді. Бұл әлеуеттілік компанияның 2025 жылға дейін желілерді дамыту және жаңа технологияларды енгізуге бағытталған бірқатар ірі жобаларды іске асыруына байланысты» дейді маман. 

Әрине, инвестициялық тәуекел бар, бұл компанияның сыртқы қарыздарына қатысты. Шындығына келсек, бұл заемдардың жартысы дерлік қайтарылғанын айту керек. KEGOC басқарма төрағасы Бақытжан Қажиевтің сөзіне қарағанда, бүгінгі күні қайтарылмаған қарыз 600 млн долларды құрайды, бұл заем ұзақ уақытқа алынған және белгіленген график бойынша қайтарылып жатыр. 

Бұдан екі жыл бұрынғы «КазТрансОйл» акцияларының сатылуы сияқты KEGOC акцияларын да сатып алғысы келетін қазақстандықтар жеткілікті болады, – деп санай­ды «Асыл-Инвест» компаниясының Сарапшылар депар­та­ментінің директоры Айвар Байкенов. Оның пікірінше, сұраныс ұсыныстардан анағұрлым артып кетуі мүмкін. 

Бүгінгі күнгі компанияның инвесторлары үшін басты­сы – ол компанияның әртүрлі экономикалық өзгеріс­теріне тұрақты екеніне сенімділік. Бұл мәселе жағынан «KEGOC» сөз жоқ жеңіп шығатын позициясымен ерек­шеленеді. Айқындық, келешектегі басым өсуі, мұнай бағасына қатысты ешқандай қауіптіліктің жоқтығы «Халық ІРО» аясында KEGOC акциясына сенімділікті арттырады.

Қайыржан Төрежан

http://www.aikyn.kz/articles/view/61271



..