Айкын (Алматы), № 202 (2596), 06.11.2014,т Таныстырымға түрлі ұйымдар келді

Қазақ

06.11.2014

Айкын (Алматы), № 202 (2596), 06.11.2014,т Таныстырымға түрлі ұйымдар келді

«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» «KEGOC» АҚ компанияның қор нарығына шығу шеңберінде ағымдағы жылдың 5 қарашасында Астанада потенциалды инвесторлармен бастапқы кездесу өткізді.

Басқарма төрағасы Б.Т.Қажиев «KEGOC» АҚ «инвесторлар үшін мүмкіндік, тұтынушылар үшін сенімділік» тақырыбындағы таныстырылыммен сөз сөйлейді, ал брокерлік ұйымдар мен «Қазпочта» АҚ өкілдері Қазақстанның кез келген өңірінде компания акцияларына иелік етудің механизмдері туралы әңгімелейді. Таныстырылымға Үкімет мүшелері, сонымен қатар KEGOC-тың жалғыз акционері – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының өкілдері, қоғам мүшелері, журналистер және Астана қаласындағы түрлі ұйымдардың қызметкерлері қатысады.

Қазақстанды энергетикалық тәуелсіздікпен қамтамасыз ету және жұмыс сенімділігін арттыруға бағытталған 15 басым жобаларды жүзеге асыруды көздейтін 2025 жылға дейінгі «KEGOC» АҚ ұзақ мерзімді даму стратегиясы түрінде болашаққа жоспарлаған айқын мақсаты бар.

Компанияның дивидендтік саясатына сәйкес, дивидендтерді төлеуге жұмсалатын сома сол жылғы таза кірістің немесе жылдың я жарты жылдың қорытындысынан 40%-нан кем болмауы тиіс екендігі потенциалды инвесторлар үшін маңызды факт болып саналады.  

– Акциялардың орнатылған бағасы, «KEGOC» АҚ дамуының тұрақтылығы, кемел келешек, сенімділіктің үйлесуі инвесторлардың үлкен көлемді тобына тартымды бизнесті ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның жалпы экономикасының даму болашағын инвестициялауға қолайлы мүмкіндік жасайды, – деді Б.Т Қажиев.

Роуд-шоуға потенциалды инвесторлар Қазақстан азаматтары шақыртылды. Роуд-шоуға қатыса отырып, KEGOC-тың қызметі мен инвестициялық тартымдылықтың факторларын жете түсінуге болады, сонымен қатар акцияларға иелік ету процедурасымен танысуға болады. Компания басшылығының өкілдері мен потенциалды инвесторлардың кездесуі Қазақстанның 18 өңірінде өткізіледі.

KEGOC компаниясы «Халық IPO» бағдарламасына қатысып тұрған екінші компания. Алғашқы компания-эмитент болып акционерлер саны 34 мың қазақстандықты құраған «ҚазТрансОйл» компаниясы болып табылады.

Роуд-шоуды өткізу кестесі «Халық IPO» бағдарламасының ресми сайтында орналасқан www.halyk-ipo.kz, сонымен қатар мына телефон нөміріне хабарласуға болады: 8-800-070-15-70 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін.





..