ДИСПЕТЧЕР МАМАНДАР ТАРТЫСҚА ТҮСТІ, «АЙҚЫН», 28.04.2015

Қазақ

28.04.2015

ДИСПЕТЧЕР МАМАНДАР ТАРТЫСҚА ТҮСТІ, «АЙҚЫН», 28.04.2015

«KEGOC» АҚ «Ақмола жүйеаралық электр тораптары» филиалында өткен өндірістік сайыс өз ісінде үздік диспетчер мамандарды анықтауды мақсат тұтты. Қызметі Қазақстанның электр желілерін басқаруға арналған Ұлттық компания кәсіпорны ауқымында шымылдығын түрген шұғыл-диспетчерлік персоналдың кәсіби шеберлігін ұштау байқауы бір аптаға созылды. Бұл мерзім барысында еліміздің ай¬мақтарында біртұтас электр-энер¬гиялық жүйені қамтамасыз етуші еңбек адамдары жауапты да қауіпті мін¬детіне байланысты біліктілігін көтеріп, өзара тәжірибе алмасу мүм¬кіндігін алды. 8 командаға бөлінген олар екі жылда бір ұйымдасты¬ры¬лବтын шараны асыға тосқан екен. Сон¬¬дықтан да жадыға тоқыған бі¬лім¬дерін жаңғыртып, қазылар ал¬қасының лайықты бағасын ен¬ші-леуге ты¬рысты. Жарыс үміткерлері нор¬мативтік-техникалық құжат¬та¬рын білу жөнінде сауатын көрсе¬тіп, қауіпсіздік техникасы, өрт қа¬уіп¬¬сіздігі, құрал-жабдықтарды тех¬¬¬ни¬калық пайдалану ережесі, зардап шек¬кендерге алғаш көмекті жасау сын¬дарында сүрінбеуге күш салды. Төрешілер тарапы байқауға қатысу-шылардың тікелей іс-қимылы тұр¬ғы¬сында да деңгейлерін тексеріп, әсі¬р¬есе, апаттарға қарсы жедел әре¬кет мәселесіне ерекше назар аудар¬ды. Әріптестерін қонақжай¬лылық¬пен қарсы алып, қолайлы ахуал қବ¬рас¬тырумен айналысқан, өз еркі-мен бәйгеге ат қоспаған «Ақмола жүйеа¬ралық электр тораптары» ф謬лиалы¬ның өкілдері екі жыл бұ¬рын¬¬ғы са¬йыс¬та жеңімпаз атанған¬да¬рын ма¬қ¬тан тұтады. Сонымен қорытынды нәтижеде Өс¬кемендегі «Шығыс жүйеаралық электр тораптары» филиалы бірінші орынды жеңіп алса, екінші орыннан алматылықтар табылып, «қоланы» Қарағанды қаласында орналасқан Орталық филиал қанжығасына бай¬лады. Барлығына басшылық кубок пен дипломдар, құнды сыйлықтар табыс етті. – Жеңіске жетпесек те, жемісті бе¬лестерді еңсергенімізге кәміл се¬не¬мін. Дос болып кеткен қызметтес жан¬дармен емен-жарқын араласып, бір жадырап қалдық. Негізі тұтыну¬шыларды сенімді электр қуатымен қамтамасыз етуге, сапалы өнім ұсыну¬ға, қалыпты жағдайдан ауыт¬қымауға осындай қадамдардың сеп¬тігін тигізетіні шүбәсіз. Жеке басым мұндай байқаулардың пайдасы өл¬шеусіз деп санаймын. Бізде Ақтө¬бе облысында өнәркәсіп орындары күн санап қарқындап өсіп келетіндіктен, жүктелген істің де маңызы артуда. Мы¬салға, таяуда Ақтөбе рельс-ар¬қа¬лық зауытының тұсауы кесіліп, біртіндеп айқын сұранысын таны¬туда. Демек, баршамызды келешекте асқаралы асулар күтіп тұр, – деп пі¬кірін білдірді Ақтөбе аймақтық дис¬петчерлік орталығының бас¬шысы Сергей Гнипа. Жалпы, «KEGOC» АҚ қызметінің не¬гізгі түрлеріне электр энергиясын өңі¬раралық деңгейдегі желілер бойын¬ша жеткізу, желіге босату мен электр энергияны тұтынуды тех¬ни¬калық диспетчерлеу, электр энер¬гия¬сын өндіру мен тұтынуды тең-геруді ұйымдастыру бойынша қыз¬меттер көрсету кіреді. Иман КӘМІЛ http://www.aikyn.kz/articles/view/68370