Электр желілеріне жол ашылды

Қазақ

08.09.2012

Электр желілеріне жол ашылды

Осыдан он шақты жыл бұрын электр желілері құрылысын бастау жөніндегі шешімешкімнің талқысына салынбай, үн-түнсіз жүзеге асқан болса, бүгінде тапсырыс беруші ең алдымен өзінің жобасымен тұрғындарды таныстыруға тиіс. Бұл – Орхусс конвенциясының талабы.
Үшінші қыркүйек күні «KEGOC» АҚ-ның электр байланысы магистралінің Шығыс филиалында «Шүлбі ГЭС-і (Семей) – Ақтоғай – Талдықорған – Алма ВЛ 500 кВ желі құрылысы» жаңа жобасының қоршаған ортаға тигізер әсерін алдын ала бағамдау бойынша қоғамдық тыңдау өтті. Жаңа желі Қазақстанның шығыс және оңтүстік өңірлері арасында сенімді электр байланысын қамтамасыз ететін болады. – Аталмыш жоба аумақтардың индустриялды дамуына және қайта жаңарып отырған жарықтың бар қорын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді, – деді «KEGOC» АҚ-ның ұлттық электр желілерін дамыту департаментінің директоры Нұржан Исенов. Сондай-ақ, бұл инфрақұрылымдық жобаға мемлекеттің қаражаты жұмсалмайтыны да маңызды. Жаңа желілердің болжамдық құны 60 млрд.теңге. Жүйелік оператор бұл жобаны өз есебінен, қарызға алған қаражатқа салмақ. Әуе желілерінің жолы Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының сәулет және қала құрылысы басқармаларымен алдын ала келісілген. Тыңдаушылардың жоба туралы түсініктері болу үшін оларға электр желілерін салудың жалпы нобайы көрнекі түрде көрсетілді. Басты талап – жобадағы электр желілері ерекше қорғалатын табиғат аумақтарында орналаспаған. Бірегей электр жарығы жүйесінің жүйелік операторы болып табылатын «KEGOC» АҚ құрылыстың қоршаған ортаға тигізер әсерін ерекше бақылауда ұстайды. – Желілер мен подстанциялар құрылысына бөлінген аумақ елді мекендерден тысқары орналасқан,– деп түсіндірді «KEGOC» АҚ-ның күрделі құрылыс департаментінің бас менеджер-үйлестірушісі Сергей Смык.– Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамаларының талаптарына сәйкес, «ШүлбіГЭС-і (Семей) – Ақтоғай – Талдықорған – Алма ВЛ 500 кВ желі құрылысын» салу кезіндеқоршаған ортаға тиетін залал өте мардымсыз болады, – деп атап өтті «KEGOC» АҚ ұлттық электр желілері департаментінің бас маманы Ардақ Жағыпарова. – Әуе желілері жолын салу кезінде жұмысшылар басшылыққа алуға тиіс арнайы әдістемелік нұсқаулықтар жасалып қойды. Оған қауіпсіздік техникасынан басқа, өндірістік қалдықтарды жою туралы нұсқаулар да енгізілген. Енді даму институттары «KEGOC»- тың жаңа жобасын қаржыландыруға келіссе, онда құрылыс 2015 жылы басталмақ.

Әлия Теңізбаева
«Дидар» газеті