"KEGOC" АҚ ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУЛАР ӨТКІЗДІ

Қазақ

04.09.2012

"KEGOC" АҚ ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУЛАР ӨТКІЗДІ

2012 жылғы  3 қыркүйек күні “KEGOC” АҚ  Өскемен қаласында  «500 кВ Шүлбі ГЭС (Семей) – Ақтоғай – Талдықорган – Алма ӘЖ-ны салу»  жобасының қоршаған ортаға тигізетін әсерін  алдын ала бағалау жөніндегі  қоғамдық тыңдауларды өткізді.Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.Жоба Шығыс өңірдің Қазақстан БЭЖ-імен байланысын күшейту мақсатында Солтүстік-Оңтүстік бағытындағы Ұлттық электр торабының  транзиттік әлеуетін арттыруға бағытталған. Жобаны іске асыру  республиканың шығыс және оңтүстік өңірлерін электрмен жабдықтау сенімділігін арттырады, электрлендірілетін теміржол учаскелерінің,  тау кен кәсіпорындарындағы энергия сыйымдылық объектілерінің  электр энергиясына деген  сұранысын жабуды қамтамасыз етеді.Қоғамдық тыңдауларға  БАҚ-тың, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің,  Аягөз ауданы атқарушы органдарының,  ҒӨБ өкілдері мен  басқа қызығушылық танытқан адамдар қатысты. “KEGOC” АҚ мамандары  жергілікті жұртшылық өкілдерінің көкейінде жүрген барлық сұрақтарға жауап беріп, жобамен таныстырды.«500 кВ Шүлбі ГЭС (Семей) – Ақтоғай – Талдықорган – Алма ӘЖ-ны салу» жобасы аумақтардың индустриалды жағынан дамуы мен жаңғыртылатын энергияның қолда бар әлеуетін  тиімді пайдалануға жағдайлар жасайды.Әкімшілік жағынан Шығыс Қазақстан мен Алматы облыстары шегінде  әуелік желі трассаларының өтуі белгіленді. ҚОӘАБ-ға сай  жобаланатын қосалқы станциялар мен  500 кВ әуелік электр жеткізу желілері  ерекше қорғалатын  табиғи аумақтарға орналастырылмайды. 500 кВ электр жеткізу  желілері мен қосалқы станцияларды салу және оларды кеңейту барысында қолданылатын  қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шаралар  қоршаған ортаға тиетін әсерді азайта түседі.Жобаның құны – 60 млрд. теңге, іске асыру мерзімі – 2015-2018 жылдар. Жобаны қаржыландыруды  қарыз қаражаттары мен «KEGOC» АҚ-ның жеке қаражатын тарту  есебінен жүзеге асыру ұйғарылып отыр.Тыңдау  Қоршаған ортаға тиетін әсерді алдын ала бағалау (ҚОӘАБ) материалдары бойынша  Қазақстан Республикасы экология заңнамасының талаптарына сай өткізіліп отыр.

Казинформ, 
Thenews.kz.