KEGOC бизнесті трансформациялау бағдарламасына ресми түрде кірісті, Хабар (ТВ): 14.05.2015

Қазақ

14.05.2015

KEGOC бизнесті трансформациялау бағдарламасына ресми түрде кірісті, Хабар (ТВ): 14.05.2015

Адамның ойлау қабілетін түбегейлі өзгертіп, жаңаша жұмыс істеу тәсіліне көшу. «Кегок» компаниясы бизнесті трансформациялау бағдарламасына ресми түрде кірісті. Реформалардың мән-маңызы мен түйткілді тұстары жайлы ұжымға «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеевтің өзі айтып берді. Трансформация жөнінде толымды ақпарат алу үшін «Кегог» АҚ қызметкерлері түгел жиналды. Көпшілік Өмірзақ Шөкеевті тыңдап трансформация, болашақ жоспарлар мен алдағы өзгерістер жайлы ақпаратқа қанықты. Өмірзақ Шөкеев, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы -Біздің компанияларды дамыған елдердің ұқсас ұйымдарымен салыстырып, сараптама жүргіздік. Нәтижесінде айтарлықтай артта қалғанымызды аңғардық. Енді сол деңгейге жету үшін бізге қазір түбегейлі өзгерістерді бастау керек. Өмірзақ Шөкеевтің пікірінше, терең және кең ауқымды реформаларды жүзеге асыру арқылы компанияның тиімділігін арттыруға болады. Бұл жұмыс әуелі басшылықтан басталады. Демек «Кегоктың» топ-менеджерлері жаңаша ойлауға бейімделуі керек. Өмірзақ Шөкеев, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы -Бұл – тиімділігін әлдеқашан дәлелдеген реформа. «ҚазМұнайГаз», «Қазақстан Темір жолы» мен «Қазпошта» компаниялары бұл бағдарламаға ерте кірісті. Қазір бұл іске «Қазатомпром» да жұмылды. Бүгін «KEGOC»- компаниясында трансформацияның басталғаны біздің жаңаша даму жолына түскенімізді білдіреді. «1-ші кезеңде ірі 6 компания бизнесін трансформациялайды», – деді Шөкеев. Кегогта ол 4 кезеңде жүзеге асады. Соңғысы – шешуші кезең. Трансформация жобалары да сол уақытқа жоспарланған. Басты дүние адамдардың менталитетін өзгертіп, бизнес үдерістерді оңтайландыру және тиімсіздікті жою. Бақытжан Қажиев, «KEGOC»АҚ басқарма төрағасы -Ең бастысы біз әр қызметкерге жұмыстың көрсеткіштерін бекітіп береміз. Ол жетістіктерге әр адам жұмыс үстінде қол жеткізуі керек. Сондықтан біз білім беруге күш саламыз. 

Автор: МҰХТАР ЫБЫРАЙЫМ, НАЗИЯ ТҰЯҚОВА, БАТЫРБЕК ҒАДІЛБЕКОВ

http://khabar.kz/kz/news/kogam-kz/item/23550-kegoc-biznesti-transformatsijalau-bagdarlamasyna-resmi-turde-kiristi