KEGOC: толайым табыс жолында

Қазақ

Бүгінде «KEGOC» АҚ энергетиктері барша қазақстандықтармен бірге ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойын атап өтуде. Осынау мерейлі күнге компания қандай жетістіктерді тарту еткендігі жайында KEGOC компаниясының Басқарма төрағасы Бақытжан ҚАЖИЕВПЕН әңгімелескен едік.

– Мерейтойлы жылды табыспен өткеріп отырмыз және отандастарымызбен бөлісетін ілкімді істеріміз де аз емес.  Өздеріңізге мәлім, осы жылдың 6 желтоқсанында Жалпыұлттық телекөпір барысында ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «жоға-ры вольтті 500 кВ Солтүстік – Шығыс – Оңтүстік транзитін салу» (Шығыс транзиті аталған) инвес¬тициялық жобасының бірінші кезеңін пайда¬лануға беруге рұқсат етті. Аталған жоба аясында 500 жоғары вольтті және жалпы ұзындығы 700 шақы¬рым болатын 220 кВ Екібастұз – Семей – Өскемен желілері, сондай-ақ, 500 кВ Семей» қосалқы стансасы іске қосылды. Сонымен қатар, қолда¬ныстағы Екібастұз, Өскемен қо¬салқы стансаларын, Шүлбі СЭС-ін кеңейту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды.

Құрылыс барысында жаңа технологиялар мен электр энергетика¬сындағы ең заманауи жаңа құрал-жабдықтардың қолданылғанын атап өткім келеді. Мәселен, 500 кВ жоғары вольтті желіде талшықты сыммен жасалған жауын-шашынға төзімді мыс қолданылды. «Семей» 500 кВ қосалқы стансасында бір фазаны атқаратын 500 кВ басқарылатын реактор орнатылды. Ол болса, автоматты түрде қажетті қуат деңгейін ұстап тұрады, сол арқылы берілетін электр энергиясының сапасын арттырады.

«Семей» қосалқы стансасы әлемнің алдыңғы қатарлы құралдарымен жабдықталған. Бұл электргаздық қосылғыштар, коммутациондық құ¬рыл¬ғылар, шағын процессорлы ре¬лелік қорғаныс құрылғылар. Ал қосалқы стансаны бақылау және бас¬¬қару жүйесі Халықаралық элек¬тр-¬техникалық комиссиясының (IEC) стандартына сәйкес жасалған.

2014 жылы Мемлекет басшысы Жалпыұлттық телекөпір барысында бұл жоғары вольтті желілердің құрылысын бастауға да рұқсатын берген болатын. «Нұрлы жол» инфра-құрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасы шеңберіне енген біздің жобамыз Мемлекет басшысының басты назарында. Биылғы жылдың ақпанындағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында ел Президенті Н.Назарбаев жоғары вольтті 500 кВ Сол¬түстік – Шығыс – Оңтүстік тран¬зиті құрылысын жеделдетіп аяқтауды тап¬сырған болатын.

Екі жылдан асқан мерзімде, жос¬парланған уақытынан бір жыл ерте «Екібастұз – Шұбаркөл СЭС (Семей) – Өскемен 500 кВ желі» құры¬лысын аяқтадық. Барлық мердігерлік жұмыс¬тарды отандық компаниялар атқарды.

– Бұл жоба еліміз үшін, соның ішінде, Шығыс аймағы үшін қандай маңызға ие? Жалпы, Қазақстандағы электр инфрақұрылымын дамы¬тудың келешегі қандай?

– Ең алдымен, Қазақстандағы электр желілері инфрақұ¬ры¬лымының басым бөлігі кеңестік кезең жылдарында салынғанын еске сала кеткім келеді. Сондықтан Тәуелсіздік алған тұста еліміздің энергия жүйесі бір-бірінен оқшауланған 4 бөліктен тұрды: Солтүстік, Оңтүстік, Батыс бөлігі және Ақтөбе энергия торабы.

«KEGOC» АҚ басты міндеттерінің бірі – Орталық Азия және Ресей Феде¬ра¬циясының Бірлескен энергетикалық жүйесімен жұмысты қатар ұйым¬дастыру арқылы Солтүстік және Оң¬түс¬тік бөліктерді Қазақстанның Біртұтас электр энергетикалық жүйе¬сіне (БЭЖ) біріктіру болды.

Аталған міндет аясында қолда¬ныстағы 500 кВ транзитінің 500 кВ Солтүстік – Оңтүстік аймақтары Қазақ¬станның БЭЖ-ге біріктірілді, содан соң 500 кВ Қазақстанның Сол¬түс¬тік – Оңтүстігі транзиті электр та¬сы¬малдауының екінші желісі салынды. Осының есебінен Солтүстік – Оңтүстік бағытында электр энергия¬сын өткізу қабілеті 4,5 млрд кВт сағаттан 7-7,5 млрд кВт сағатқа дейін ұлғайды. Ақтөбе энергия торабы желісін Қазақстанның БЭЖ-ге қосу мақ¬сатында 500 кВ Жітіқара – Өлке электр жеткізу желісі құрылысының жобасы іске асырылды.

Қазір бұл жобалардың қата¬рын 500 кВ жоғары вольтті желі Екі¬бастұз – Шүлбі СЭС (Семей) – Өскемен толықтырды. Оны пай¬далануға беру арқылы аймақтың одан әрі экономикалық дамуының алғышарттары жасалды. Сонымен бірге, Шығыс аймағының тұтыну¬шылары бүгінгі таңдағы аймақты Ресейдің энергия жүйесімен байланыстыратын желілердің жағдайына қарамастан, электр энергиясымен қамтамасыз етіледі, бұл болса, еліміз¬дің энергетикалық қауіпсіздігін қамта¬масыз етуде зор маңызға ие.

Біз 500 кВ Шүлбі СЭС (Семей) – Ақтоғай – Талдықорған – Алма ӘЖ бағытындағы жобаның екінші кезеңінің құрылысын кестеге сәйкес жалғастырамыз. Осы жобаның аяқталуы бірқатар міндеттерді шешуге мүмкіндік береді – Қазақстан БЭЖ-нің Шығыс өңірімен байланысын нығайту, Солтүстік – Оңтүстік транзитін нығайту, Шығыс өңірі өзендерінің гидро әлеуетін игеру үшін жағдай туғызу, жаңартылатын энергия көздерін дамыту. Сонымен қатар, 500 кВ «Ақтоғай» жаңа қосалқы стансасы арқылы тау-кен өнеркәсібінің келешектегі қажеттілігіне сай электр энергиясымен қамтамасыз етілетін болады. Сонымен қатар, Ақтоғай – Алматы, Ақтоғай – Достық, Ақтоғай – Мойынты бағыттары бойынша темір жол учаскелерін электрлендіру үшін жағдай жасалады.

Бүгінгі таңда KEGOC пайдала¬нудың ұзақ мерзімі нәтижесінде айтарлықтай тозған Ұлттық электр желісінің қолданыстағы желілерін қайта қалпына келтіруді қарастыратын ірі жобаны жүзеге асыруға кіріседі. Толықтай алғанда, 2025 жылға дейінгі «KEGOC» АҚ Ұзақ мерзімді даму стратегиясы жаңа жобаларды жүзеге асыру арқылы Ұлттық электр торабын (ҰЭТ) дамытуды қарастырады, оның ішінде, сонымен қатар, Батыс аймағын Қазақстан Республикасының Біртұтас электр жүйесімен біріктіру және басқа бағыттары да қарастырылған. Аталған жоспарларды жүзеге асыру қажеттілігі өткізу мен ҰЭТ мемле-кетаралық транзиттік әлеуетті арт¬тыру қажеттілігінен тұ¬ратын элек¬трді тұтыну мен өндіруді арттыру болашағына байланысты.

Бұл ретте, көрсетілген бағыттар бойынша электр энергиясын беру бағыттарының айтарлықтай ара қа¬шық¬тықтарын есепке ала отырып, біз тұрақты тоқ электр жеткізу (ТЭЖ) желілерінің құрылысын салу болаша¬ғын қарастырамыз. Аталған 800 шақырымнан астам ТЭЖ кезінде ауыспалы тоқтың дәстүрлі желілерінің алдында басымдыққа ие, сол арқылы айтарлықтай арақашықтыққа қуат¬тылықтың үлкен көлемін беру мүм¬кіндігіне ие болады.

Тұрақты тоқты беру технологиясы Қазақстан үшін жаңашылдық болып табылады, бірақ әлемде мұндай жобалар табысты түрде жүзеге асырылуда (Қытайда, Үндістанда, Бразилияда және т.б.). Тұрақты тоқтың ДЭП құры¬лысы ұзақ мерзімді болашақта Еуропаға, Үндістанға және т.б. қысқа жол ретіндегі Қазақстанның транзиттік және экспорттық мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

Жаңа жоғары вольтті желі құ¬рылысын салумен қатар KEGOC ҰЭТ инновациялық дамыту мен элек¬тр желі активтерін жаңғырту бо¬йынша жүйелі жұмыстар жүргізеді. Нәтижесінде біз жоғары вольтті жабдықтың техникалық және эко¬номикалық қауіпсіздігін арттыруға, пайдалану шығындарын төмендетуге қол жеткіздік, ал ҰЭТ жаңғырту жобасын жүзеге асыру нәтижесінде технологиялық бұзылулар 3 есеге дейін төмендетілді.

Қазақстанның БЭЖ-ін дамыту бағытының біріндегі ұзақ мерзімді жоспарда Smart Grid аталған технологиясын қолдану болып табылады, ол зияткерлік энергия жүйесін құруды мақсат тұтады. Оны да¬мытудың маңызды аспектісінің бірі – барлық энергия жүйесінің секторларын жаңғырту негізінде технологиялық базисін қалыптастыру болмақ. Осыған байланысты «KEGOC» АҚ ҰЭТ келешекте дамыту шең¬берінде белсенді-бейімді желі (ААНЭС) құруға басым¬дық берген. Ол Қазақстанның зия¬ткерлік энергия жүйесінің өзегіне айналуы тиіс.

Қазіргі таңда зияткерлік энергия жүйесінің элементтері ҰЭТ жобаларын жүзеге асыруда компанияда дендеп енгізілуде. Атап айтқанда, бұл – релелік қорғанысты құралдың микропроцессорлы құрылғысы және автоматикасы (РҚА), диспетчерлік және технологиялық басқару жүйесі (SCADA), реакторларды, фаза айналатын трансформаторлар басқарылатын электр энергияны коммерциялық есеп¬теудің автоматты жүйесі (АСКУЭ).

Келешектегі энергия жүйелерінің негізгі элементтерінің бірі – техноло¬гияның дамуы нәтижесінде бағасы арзандай түсетін электр энергиясын шоғырландырудың өндірістік жүйесі болып табылады. Электр энергиясын шоғырландырудың өндірістік жүйесін қолданысқа енгізу Қазақстан БЭЖ-і қуатының теңгерімін тиімді реттеуге, соның ішінде жаңартылатын энер¬гия көздерінің тұрақсыз өндірісін резервте сақтауға, сонымен қатар, өз кезегінде желілердегі ағымдарды және шығындарды азайтуды оңтай¬ландыруда қажеттілігіне қарай ең жоғары жүктемесінің бөлігін жабуға мүмкіндік береді.

Зияткерлік энергия жүйесін жүзеге асыру тапсырмасы өндіруден бастап соңғы тұтынушыға дейінгі барлық тіз¬бек бойынша энергия жүйесін жаңғыртусыз іске аспайтынын атап өту қажет. Тозудың жоғары деңгейін және техникалық жабдықтаудың төменгі деңгейін сипаттайтын тарату электр желілерін дамыту маңызды фактор болып табылады. Тарату желілерін жаңғыту және дамыту барысында құрғалы отырған зияткерлік энергия жүйесіндегі тарату желілерін біріктіру үшін барлық жағдайды тудыратын жаңа құрылғылар мен технологияларды қолдануды қарастыру қажеттілігін ұсынады.

– Бақытжан Төлеуқажыұлы, жақын арада еліміздің мемлекеттік деңгейдегі мерейтойын шығарып салғалы отырмыз, жалпы сіздің компанияңыз үшін нәтижелері қандай болды?

– Жоғарыда атап өткенімдей, биыл¬ғы жылдағы компания жұмысының нәтижесі «Солтүстік – Шығыс – Оңтүстік 500 кВ ӘЖ салу» жобасының бірінші кезеңін мерзімінен бұрын сәтті аяқтау маңызды болды – бұл, шынымен де, ауқымды оқиға, орасан зор жұмыстарды іске асырдық, алдағы екі жылда екінші кезеңді аяқтауға барлық күш-қуатымызды салатын боламыз.

Жалпы, биылғы жылды компания¬мыз жақсы қаржылық көрсеткіш¬термен аяқтағалы отыр. 2016 жыл¬дың 9 ай көлемінде 22,4 млрд теңге со¬масындағы таза табысқа қол жеткізді және биылғы жылдың қорытындысы бойынша да жағымды нәтижелерді күтеміз. Әлбетте, 37 мыңнан астам миноритарлық акционер үшін де жа¬ғымды жаңалыққа толы болды. Би¬ыл оларға бірінші жарты жылдық нәти¬желері бойынша бір акция үшін 24,93 теңге немесе жалпы құны 6,5 млрд теңге болатын дивидендтер төленді.

Біздің акционерлеріміз осыдан екі жыл бұрын «KEGOC» АҚ акцияларына таңдау жасағаны үшін өкінбейді деп ойлаймын. Бүгінгі таңда Қазақстан қор нарығындағы компания акциялары жоғары деңгейдегі өтімділікке ие, бір акцияның орташа құны 1000 теңгеден жоғары «шекараны» атап өтті. Біз бұдан былай да компаниямыз үшін өз қаражаттарымен «дауыс берген» қазақстандықтардың сенімін жоғалт¬пас үшін қолымыздан келгенше еңбектенетін боламыз. Менің ойымша, халық компания ұжы-мының қалай жұмыс істейтініне куә.

2016 жылғы қорытындылары бойынша көрсеткіштерге келетін болсақ, 2015 жылмен салыстырғанда республика көлеміндегі тұтыну 1,0 млрд кВт сағат шамасында артады деп күтілуде немесе 1,1%-дан 91,9 млрд кВт сағат дейін. Электр энергиясының өндірісі 93,6 млрд кВт сағат немесе 2,8 млрд кВт сағат (+3,1%) күтілуде, бұл 2015 жылғы көрсеткіштерге қарағанда жоғары. Жыл қорытындысы бойынша 2015 жылмен салыстырғанда 1,2 млрд кВт сағатқа өсіре отырып, 39,1 млрд кВт сағат көлемінде ҰЭТ бойынша электр энергиясын жеткізу, 84,7 млрд кВт сағат (өсімі 1,9 млрд кВт сағат) көлемінде электр энергиясын желіге босату мен тұтынуды техникалық дис¬петчерлендіру және 160 млрд кВт сағат (өсімі 3,0 млрд кВт сағат) көлемінде электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетуді жоспарлап отырмыз.

– Компания ұжымының орасан зор жетістіктерге қол жеткізуінің сыры неде жатыр?

– «KEGOC» АҚ өз қызметін әлеу¬меттік жауапкершілік стратегиясы қағидаларына сай құратын компания¬лар қатарына жатады. Бұған «Сенім» және «Алтын» сынды республикалық байқауларда бірнеше мәрте жеңімпаз болуымыз дәлел болады деп ойлаймын.

Биылғы жылдың маусым айында «TÜV NORD Cert» (ФРГ) сертифи¬каттау жөніндегі мекеме сапа менеджменті жүйесі (ISO 9001), экологиялық менеджмент жүйесі (ISO 14001), кәсіби қауіпсіздік және ден¬саулықты сақтау менеджмент жүйесі (OHSAS 18001), ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесі (ISО/IEC 27001) саласындағы халықаралық стандарттар талабына «KEGOC» АҚ Біріктірілген менеджмент жүйесінің сәйкестігін бекітті. Бұл мамандар үшін қауіпсіз еңбек жағдайы жасалған, жарақаттардың және денсаулықтың нашарлауының алдын алу, сондай-ақ қоршаған ортаға әсер азайтуды сынды мәселелерді назарда ұстай отырып, жоғары қызмет көрсету сапасына кепілдік беретін компанияның сенімділігіне дәлел бола алады.

KEGOC әлемдегі ең ауқымды бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі саласындағы ерікті бастама – БҰҰ жаһандық келісіміне қосылған санаулы қазақстандық компаниялардың бірі болып табылады. Бұдан бөлек, биылғы жазда біздің компаниямыз Жоғары кернеулі үлкен электр желілері бойын¬ша халықаралық кеңестің (Conseil International des Grands Réseaux Électriques – CIGRE) ұжымдық мү¬шесі болды. Бұл ұйымның негізгі мақсаты – зерттеулерді үйлестіру, электр энергетикалық жүйелердің қыз¬мет істеуі мәселелері жөніндегі тәжірибе мен ғылыми-техникалық ақпарат алмасу. Бүгінгі таңда электр энергетикасының барлық салаларында жұмыс істеп келе жатқан 1 000-нан астам ұйым мен 6 000-нан астам сарапшы CIGRE мүшелері болып табылады.

Жауапкершілік пен ашықтық қағидаларын көздеу нәтижесінде KEGOC «Самұрық-Қазына» АҚ ком¬пания топтарының ішінде корпо¬ративтік басқару рейтингісі бойын¬ша ең жоғары көрсеткіштерге ие. Біз қызметтерімізді үнемі жетіл¬діріп отырамыз. 2015 жылдан бері негізгі акционеріміз – «Самұрық-Қазы¬на» АҚ бастамасымен компанияда Бизнесті трансформациялау бағдар¬ламасы сәтті жүзеге асырылуда. Транс¬¬формацияның алғышарттары басты мақсаттарының бірі – әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіру болып табылатын Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясымен байланысты.

Компания қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында бизнес-үрдістер оңтайландырылды, компания қызметін бағалайтын жаңа жүйелер жасалды, есеп берудің ұтымды жүйесі дайындалды, үнемі жетілдіру мәдениеті ен¬гізілуде. Сондай-ақ, «Самұрық-Қазына» АҚ стратегиялық жоспарлау, персоналды және ақпараттық технологияларды басқару бойынша эталондық (референстік) моделдері негізге алынған ұйымдық құрылым оңтайландырылды. Бұл ақпараттық технологиялар мен мәліметтер, стра¬тегиялық жоспарлау және тиімді бас¬қару, сонымен бірге, адами ресурстарды және ішкі корпоративтік ақпа¬раттар жүйесін басқару жөнін¬дегі блоктардың құрылуы нег¬ізінде Атқарушы дирекцияның өз қызмет¬терінің аясын кеңейтуге мүмкіндік берді. Жалпы бұндай өзгерістер компания қызметінің тұрақтылығын қамта¬масыз етеді деген сенімдеміз, ішкі және сыртқы факторлардың болуы ықтимал өзгерістеріне жедел жауап беруге әсер етпек.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, отандастарымызды барлық компания ұжымы атынан мерейтоймен құттықтаймын және баршаңызға тұрақтылық пен табыс тілеймін.

Әңгімелескен,

Марат АҚҚҰЛ,

«Егемен Қазақстан»

 

https://www.egemen.kz/2016/12/22/85829