Оқушылар «КEGOC»-та қонақта

Қазақ

06.11.2015

Оқушылар «КEGOC»-та қонақта

05.11.2015

Астана қаласындағы Назарбаев интеллектуалды мектебінің оқушылары еліміздің басты электр жүйелік компаниясы – «КEGOC» АҚ-тың орталық кеңсесіне саяхат жасады.

Компания кәсіби бағдарланған шараны жас таланттардың ынта-жігерін электр энергетикасы саласында ояту мақсатында өткізіп отыр. 

«КEGOC» АҚ жастар кеңесі   мен алдыңғы қатарлы қызметкерлер 10-сынып оқушыларына арналған танысу бағдар­ламасын ұйымдастырды. 
– Мұндай кездесулердің негізгі мақ­саты – физика-математика пәндерін мектепте тереңдетіп оқитын балаларға біздің компаниямыздың қызмет ерекшелігін, мамандардың жұмыс жасау қабілеттерін таныстыру, – деп атап өтті өз сөзінде «КEGOC» АҚ адами ресурстарды басқару жөніндегі директоры Анар Мұхаметжанқызы. Елімізді  электр энер­гетикасымен қамтамасыз ету жұмыстары ең маңызды сала, әрине. Бұл мамандықты игерген әрбір адам өз ісінің білгірі болумен қатар, алдына қойған мақсатты мүлтіксіз орындауы қажет. Бүгінгі таныстығымыздан соң жастардың электр энергетикасы саласына деген қызығушылықтары артады деген сенімдемін. 
Сонымен қатар саяхат барысында бала­лар компанияның негізгі  қызмет бағыттарымен танысты. Интеллектуалды сұрақтарға жауап беріп, естелік сый­лықтарға ие болды. 
«КEGOC» АҚ-тың жастар кеңесінің мү­шелері Ұлттық Диспетчерлік орталы­ғының диспетчерлік қызметінің диспетчері Иван Дейнего, ҰЭТ дамыту департамен­тінің бас маманы Мадияр Әбілев және «KEGOC» АҚ жоспарлау және эконо­микалық талдау департаментінің жетекші маманы Ілияс Әділғазы оқушы­ларға компанияның жастар саясатын жүзеге асыруы, кәсіби және шығармашылық даму мүмкіндіктері, өткізілетін спорттық шаралары мен байқаулары туралы егжей-тегжейлі айтып берді. 
– Мен де Назарбаев интеллектуалды мектебінің түлегімін, бұл оқу орнында оқитын оқушылардың білімдері мен машықтарын жоғары бағалаймын. Олар өте талантты балалар. Егер біз қазір бұл балаларды дұрыс бағытқа бұрсақ, келешекте аталмыш сала үшін ғана емес, жалпы мемлекетіміз үшін тиімді болмақ, – деп атап өтті «KEGOC» АҚ жоспарлау және экономикалық талдау департа­ментінің жетекші маманы Ілияс Әділғазы. 
Жас қонақтардың айрықша қызы­ғу­шылығын тудырған – Жүйелік опе­ратордың Ұлттық Диспечерлік орталығы болды, онда диспетчерлік қызметі басты­ғының орынба­сары Даурен Шәкенов ауқымды интерактив­ті таблода көрсетілген күрделі кестелерді  егжей-тегжейлі тарқатып түсіндірді, оқушы­лардың барлық сұрақтарына  жауап берді. 
Ашық есік күнінің соңына қарай бала­лар «Көңілді старт» жарыстарына қатысып, көтеріңкі көңіл күймен тарқасты. 
– «КEGOC» АҚ-тың орталығына жа­сал­ған саяхат маған ерекше әсер қал­дыр­ды. Энергетика саласы – біздің өміріміздің ажырамас бөлігі, мен бала кезімнен осы саланың дамуына өз үлесімді қоссам деп ар­мандайтын едім. Таңдаған маманды­ғымның жауапкершілігін сезіне отырып, «Назарбаев университетіне» оқуға түсіп, оны тәмамдаған соң, компа­нияның кадр­лық резервіне кіруді армандаймын, – дейді Назарбаев интеллек­туалды мектебінің оқушысы Жахат Амрин. 

Қуат Өскенбаев, 
Астана

http://aikyn.kz/ru/news/show/16040-o_ushylar_kegoc_-ta_ona_ta



http://www.kegoc.kz/media-center/smi-o-kompanii/shkolniki-v-gostyakh-u-ao-kegoc/">..