Жетiсу (Талдыкорган), № 107 (18951), 20.09.2014 ж., Энергетика саласының майталманы

Қазақ

20.09.2014

Жетiсу (Талдыкорган), № 107 (18951), 20.09.2014 ж., Энергетика саласының майталманы

Әдетте күн сайын электр жарығы мен электр қосқыштарын қосып жүріп, бір уақыт электр қуатының бізге қайдан келіп жатқанын және оның өндіріліп, бізге жетуіне қатысы бар энергетика саласының мамандары жайында ойлана бермеппіз. Төменде сондай жандардың бірі - бас инженердің орынбасары - өңірлік диспетчерлік орталықтың бастығы Ерғали Мұсатаев туралы баяндай кеткенді жөн көріп отырмыз.

Ерғали Амангелдіұлы 1965 жылы 19ақпандаЖамбылоб-лысына қарасты Мойынқұм ауданының Байтал ауылында дүниеге келді. Әкесі - балықшы, ал анасы үй шаруасымен айналысқан. Бала кезде Ерғалидың ойында энергетик болам деген мақсат болған емес.

-1972 жылы туған ауылымдағы сегіз жылдық мектепті тәмамдағанымда «Оң-түстік-Қазақстан МАЭС» құрылысы басталған болатын. Толық орта білімді мен аудан орталығы - құрылысқа жақын орналасқан Бірлік ауылында алдым. Құрылыс ол кезде қарқынды жүріп жатқан кез, ЭБЖ-ға арналған тіреулер қойылып, трансформаторлық шағын стансалар салынып жатты, - деп еске алады Ерғали Мұсатаев. Мүмкін бүгінгі биіктің алғашқы баспалдағы сол кезде қаланған болар.

Ерғалидың мектептен кейін бірден жоғары оқу орнына түсуіне мүмкіндігі болмады. 1983 жылы ол Кеңес әскері қатарына шақырылып Қиыр Шығыстағы Хабаровск өлкесінде ішкі әскерде азаматтық борышын өтеді, екі жыл ішінде қатардағы жауынгерден старшинаға дейін өсті.

Қазақстанға оралған соң Алматы политехникалық институтының (қазіргі Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті) тау-кен факультетіне түсіп, оны 1990 жылы «Өнеркәсіпті электрлендіру және автоматтандыру» мамандығы бойынша тәмамдады.

Энергетика саласындағы еңбек жолын Ерғали Амангелдіұлы «Алматыэнергоның» сол жылдары салынып жатқан Оңтүстік-Қазақстан МАЭС-інде жөндеу шебері қызметінен бастады. Ары қарай 1992-1995 жылдар аралығында дәл сол «Алматы-энергода» Үлкен аудандық пайдалану стансасының диспетчері болып жұмысқа кірісті.

- Отбасылық жағдайларға байланысты 1995 жылы Алматыға көштік. Қазақстанның оңтүстік астанасында жұмысты «Алматы Пауэр Консоли-дейтед» компаниясында монтер қызметінен бастауға тура келді. Содан Алматы мақта-мата комбинатының 7А шағын стансасында қызмет көрсету бойынша электр монтері болып, кейін «Горный гигант» ҚС-131А шебер болып еңбек еттім - деп өткен жылдарды еске алады Мұсатаев.

2000 жылы Ерғали Мұсатаев «KEGOC» АҚ-ның «Алматы ЖЭТ» филиалына диспетчер болып орналасады. Ары қарай өңірлік диспетчерлік орталықтың (ӨДО) аға диспетчер! болды. 2009 жылы ӨДО режимдері бойынша бас диспетчерінің орынбасары болып, 2012 жылдан бастап бас инженердің орынбасары - өңірлік диспетчерлік даму бастығы болып тағайындалды.

Электр энергетикасы саласындағы жұмыс өтілі 24 жылға созылған еңбек жолында Ерғали Амангелдіұлы Алматы қаласы және Алматы облысындағы көптеген шағын стансалардың жаңа қондырғылары мен желілерін қосуға белсене қатысты. Оның ішінде KEGOC-тың Қазақстан Республикасының Ұлттық электр желісін жетілдіру бойынша ірі инвестициялық жобасы да бар.

Ерғали Амангелдіұлы электр энергетикасы саласында жұмыс істеген жылдар ішінде Қазақстанның БЭЖ-нің Алматы энергетика аймағын шұғыл-диспетчерлік басқару саласында өзін біліктілігі жоғары маман ретінде көрсетті. Лауазымдық қызметтерін жоғары кәсіби деңгейде, сапалы әрі шұғыл орындай отырып, ол өзін жақсы ұйымдастырушы ретінде танытты. Сындарлы басшылығы арқасында шағын стансалар мен өңірлік диспетчерлік орталықтың кезекші персоналының шұғыл тәртібі мен біліктілігі артты. Ол өзі жауап беретін қызмет саласында болып жатқан өзгерістерді ұдайы бақылап, жаңа технологияларды тәжірибеге енгізді. Режимдік топ персоналымен және электр режимдері топтарымен жұмыс жүргізе отырып, «Энергия» ҮДО-ның басқаруындағы «KEGOC» АҚ-ның 220-500 кВ. желілерін пайдалану үшін нұсқаулық материалдарды әзірлеуге, сондай-ақ, техникалық материалдар мен құжаттарды дайындауға, Орта Азия елдерінен Қазақстанның БЭЖ-нің Алматы аймағына жеткізілетін электр энергиясы көлемдерін қамтамасыз етуге және өткізуге тікелей қатысады. Мұсатаев бірнеше мәрте «KEGOC» АҚ-дан Алғыс хатын алды, Алматы ЖЭТ, «KAZENERGY» қауымдастығының Құрмет грамоталарымен марапатталды.

- Кәсіпқойлығы жоғары әрі құзыретті кең ұжым еңбек ететін KEGOC-та қызмет істейтінімді мақтан тұтамын!

Біздің компаниямыздың электр желілерін ауқымды жетілдіру аясындағы жеткілікті. Жақын уақытта KEGOC қор биржасына шығуды жоспарлап отыр. Біздің қызметімізге әрдайым сұраныс бар, бұл тұрақтылықтың белгісі,- дейді Ерғали Мұсатаев.

Ерғали Амангелдіұлының үш қызы бар. Үлкен қызы Зарина Алматы сервис-колледжін, ортаншысы Азиза - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың қаржы-экономикалық факультетін бітірді. Ал кенжесі - Айдана мектепте 8-сыныпта оқиды. Жұбайы Алтынгүл Алматы энергетика және жаңа технологиялар колледжінде дәріс береді, радиотехника бөлімінің меңгерушісі.

Ерғали Амангелдіұлының отбасын энергетиктер әулеті деп айтуға болады. Оның бауыры мен үш немере інісі отандық энергетиканың игілігі үшін еңбек етуде. Ерғали Амангелдіұлының сүйікті ермегі – балық аулау, суда жүзу және көлік айдау.

Андрей Черненко



..