Біздің ардагерлеріміз

Қазақ

КАРПАЧЁВА НИНА ПЕТРОВНА

Карпачёва Нина Петровна, 1931 жылғы 19 қыркүйекте Қостанай облысы, Пешковск ауданындағы Батмановка кентінде туылған. Батмановка кентінде білім алып, 10 жастан бастап  Ұлы Отан соғысы кезінде  колхозда қосалқы жұмыстарды орындады.  Пішен тасыды,  бұзауларды азықтандырды, қар тазалады, үлкендердің барлық тапсырмаларын орындады. Сондай-ақ  әскерлерге шұлық тоқыды,  майданға жіберу үшін сәлем саухат жинады. Бертін келе трактор, комбайн жүргізді.

1954 жылы тұрмыс құрып,  күйеуімен  Тыңды игеру үшін Есенкул шаруашылығына барды. 1959 жылы  күйеуімен РСФСР-дағы Челябинск облысына барды. 
Бетонмен жол салу  жұмыстарында жұмысшы болып еңбек етті. Содан кейін Коркино қаласында цемент зауытында  жұмыс істеді. 1964 жылы  күйеуімен Рудный қаласына келіп,  ССГОК ОРС-да  жұмыс істеді. 1974 жылы «Сарыбай РЭС» жұмысқа орналасып, 1997 жылға дейін 500кв «Сокол» ҚС-да  еңбек етті.

ҰОС Жеңістің 60 жылдығы құрметіне  мерекелік медалмен наградталды. ҰОС жылдары  «Ерен еңбегі үшін»медалімен наградталған болатын.

karpachova.jpg

 

КУЗНЕЦОВ ВАСИЛИЙ ПАВЛОВИЧ

Москва облысы, Шатурск ауданының Лузгарино  ауылындаkusnecov.jpg

1925 жылғы 29 шілдеде туған.

1943 жылы маусым айында Совет Армиясы қатарына, Москваның миномёттік атқыштар училищесіне шақырылды.

1944 жылдың маусым айында Москваның миномёттік атқыштар училищесін бітіріп, кіші лейтенант атағына ие болды,одан кейін Белорусь майданына жіберілді.

Соғысты Брест қаласының маңында бастады, миномёттік взводтың командирі, одан кейін автоматты взводтың командирі болды.

1945 жылдың 28 қаңтарында ауыр жараланды және Кёнигсберг қаласын жаудан тазартуда қатты жарақат алды. 1945 жылдың 25 мамырына дейін  госпиталда емделді.

Ұлы Отан соғсыныда көрсеткен  ерліктері үшін:

- «1 дәрежелі Отан соғысы» орденімен,

- «2 дәрежелі Отан соғысы» орденімен,

- «Ерен еңбегі және ерлігі үшін» медалімен және  көптеген басқа медалдармен наградталды.

Еңбек жолын 1947 жылы Москва қаласында «ЦЕНТРОЭНЕРГОМОНТАЖ» одақтық монтаждау тресінде бастады. Еңбек еткен жылдары  шебердің көмекшісінен бастап аға шеберден прорабқа дейінгі жолдардан өтті.

1952 жылдың 8 қаңтары мен 1987 жылдың 27 сәуірі аралығында  «Қарағандыэнерго» жүйсінде,  Орталық диспетчерлік қызметте: диспетчера, аға диспетчер, бас диспетчер лауазымдарын атқарды. Оның тікелей қатысуымен және басшылығымен  Қарағанды қаласында  Орталық диспетчерлік қызмет құрылды.

1987 жылдың 5 сәуірінен бастап 1996 жылдың 22 шілдесіне дейін зейнеткерлікке шыққанға дейін «Қарағандыэнерго»  оқу-курстық комбинатта сабақ берді.

Абыройлы атқарған ерен еңбегі үшін түрлі наградалармен бірнеше рет марапатталды:

- «Ерен еңбегі үшін» медалі

- «Адал еңбегі үшін» медалімен

- «Құрмет белгісі» орденімен

- «Еңбек ардагері» медалімен»

- «ГОЭЛРО 60 жыл» мерекелік медалімен

-   22.12.76ж. «КСРО энергетика және электрификация үздігі» медалімен

- 20.08.96ж. «ЕЭС 40 жыл» құрмет белгісімен.

- 2006 жылы «ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі»

- 29.04.09 жылы  Ұлы Отан соғысы кезінде Отан алдындағы  сіңірген еңбегі үшін,  Қарағанды қаласының  энергетикасын дамытуға қосқан үлесі үшін «Қарағанды қаласының құрметті азаматы» атағын иеленді.

 

ШАЙМУХАМЕТОВ ГЕННАДИЙ ФЕДОРОВИЧ

Шахмухаметов Геннадий Федорович, 1923 жылдың 20 қазанында Челябі облысының Кыштым қаласында  көп балалы (сегіз бала) теміржолшының отбасында (әкесі жолдарды тексеруші болып істеді)  дүниеге келген. 1939 жылы 16 жасында Кыштым РЭС жұмысқа орналасты. «Челябоэнерго» мекемесінде электр слесардың көмекшісі болды.

shaimuhametiv.jpg

1941 жылы Совет Армиясына шақырылды.  Сол жылы  қаңтар айында  майданға  жеке шаңғы полкімен аттанды. 4-ші барлау ротасында қызмет етті. 1942 жылдың 11 сәуірінде  ауыр жарақат алды, Тула, Рязань, Саратов және соңғы рет Желалобод облысының Кокянчак (Қырғызстан) қалаларында емделді. 1942 жылдың тамыз айының соңында медкомиссияның тексеруінен кейін 3 топтағы мүгедектігімен (қатардағы қызметке жарамсыз) 6 айға үйге оралды. Мүгедектігіне байланысты жұмысқа алынған жоқ, ол уақытта жеңіл жұмыс деген болмайтын,  өзі бұрын жұмыс істеген мекемеге де жұмысқа орналаса алмады. Әскери комиссардың көмегімен Кыштым зауытына  от көсеуші, ұста цехына «аспапшы» болып жұмысқа тұрды. Бұл 1942 жылдың ақпан айында болған еді. Зауытта  тұрақжай және майданға жарамайтын бірнеше ескі көліктер, оған қоса денсаулығы жоқ екі жүргізуші бар болатын. Көліктермен жұмыс істеуге деген ынта жігерінің арқасында жүргізу куәлігі болмаса да  жүргізуші болып еңбек ете бастады.

1944 жылы оған  емтихан тапсырмай-ақ жүргізуші куәлігі берілді. 1947 жылы   мехколоннаға тұрақжайдың барлық ұжымы берілді. Мен бұрынғы жұмыс орныма қайта оралып, «Челябоэнерго» РЭС жүргізуші болдым. Онда Т-7 «Амфибия» танкеткасы болды. 1948 жылы ЗИС-5 жаңа көлігін алдым, оны Миасск автозауытынан айдап әкелдім. Бұған қоса монтерші және монтерші-жүргізуші мамандықтарын игердім. 1951  жылы мені осы мамандық бойынша Верх Уфа қаласына ауыстырды. Онда 10 жыл жұмыс істедім. 1961  жылы Қостанай облысында жаңадан құрылып жатқан Сарыбай РЭС жұмыс істеуге шақырды, онда Нестеров Б.А. беген РЭС бастығы болатын, мұнда ЗИЛ-157 жұмыс істедім, кейде 4 топтағы желі қызметкері болып, кейбір жұмыстарды атқаруға жіберетін. Соңғы жылдары зейнеткерлікке шығар алдында Омск қаласына 500 кВ Омск-Петропавловск ЭЖЖ-ін салуға бардым. 1983 жылы зейнеткерлікке шықтым.

Энергетикадағы 45 жыл жұмысы үшін:

1. «Х- бесжылдық  екпіндісі» белгісімен- 1980 ж.

2. «КСРО энергетика және электрификация үздігі» белгісімен- 1985 ж.

3. «ГОЭЛРО 50 жыл» Құрмет белгісімен.

4. «Еңбек ардагері» медалімен- 1983 ж.

5. Қаз ССРЭнергетика және электрификация министрінің Құрмет грамотасымен.

6. «РЭУ Солтүстік электр желілері  кәсіпорнының еңбек ардагері» «Қостанайэнерго» 1976 ж.

7. 1964 – 1971 жылдары «Коммунистік еңбек ері» атағын иеленді.

8. «ТМД-ның еңбегі сіңген энергетигі»- 2005 жылы, сондай-ақ 15 - құрмет грамоталары, 11 - сыйақы, 8 – алғыс хаттар.

 

КЛИМЕНКО ЗИНАИДА ПЕТРОВНА

1922 жылы 26 қазанда Нижний Шкафт ауылында, Пенза облысында туған.

1940 жылы Самар индустриалдық институтына түсті. Соғыс басталғанда Зинаида Петровна тұрып жатқан жатақхана госпиталға айналдырылды және 2 күннен кейін  алғашқы жаралы әскерлерді әкеле бастады. Госпиталда  жаралыларға көмек көрсетті, одан кейін туған үйіне оралды.

1943 жылы  Үкімет Москва Энергетикалық Институтына оқушыларды оқуға қабылдады, аудандық комсомол ұйымы Зинаида Петровнаны соған жіберді. Ол оқуға институтқа келгенде  оқу әлі басталмаған еді, студенттерді және соның қатарында Зинаида Петровнаны Штэров ГРЭС жіберді, онда оны сызу конструкторлық бюроға 2 айға  жіберген еді. Одан кейін  ол және басқа студенттер институтқа оралып,  сабақтарын бастап кетті.

Қазақстаннан өтініш келіп, жолдама бойынша Зинаиау Петровна және оның күйеуі  Лениногорск қаласына электр станциясына жұмысқа жіберілді. Бұдан кейін Текелі қаласындағы электр станциясында жұмыс істеді. Зинаида Петровна Қазақстан Республикасының барлық аумағында  құрылған барлық электр станцияларда болды.

1962 жылы күйеуімен  Алматы қаласына келді және Энергетика министрлігіне отын-тасымалдау басқармасында бастықтың орынбасары болып жұмыс істеді. 1980 жылы сіңірген еңбегі бойынша зейнеткерлікке шықты.

 

БАЯЗИТОВ ИСМАИЛ ХАФИЗҰЛЫ

1926 жылғы 20 желтоқсанда бұрынғы Талдықорған облысының Қоғалы ауылында туған. 1943  жылы 17 жасында майданға аттанды.

bayazitov.jpg

Жеке байланыс полкында қызмет етті. Оның полкі ұзақ уақыт бойы Польша аумағына орналастырылды. 1951 жылы ғана үйіне қайта оралды. 8 кластық білімі ғана бар болатын. Соғыстан кейін мекепті бітіруге күш салды. Бірмезгілде жұмыс істеді және 10 жылдық білім алып шықты.

1953 – 1958 жылдары Алматы қаласында  ауыл шаруашылығы институтын  инженер-электрик мамандығы бойынша бітіріп шықты.

Лепсі совхозындағы  ет-сүт мекемесінде инженер-электрик болып жұмыс істеді,  Алматы қаласындағы СредАзЭнергоремонт мекемесінде аға шеберболып қызмет атқарды, содан кейін Жобалау институтына ауысты, «Энергосеть Жоба» және«КазЭнергоналадка» мекемесінде аға инженер лауазымын атқарды. 1964-1987 жылдары Қаз ССР Энергетика және электрификация министрлігінде аға инженер болды. Энергетика министрлігінде Исмаил Хафизұлы зейнеткерлікке шыққанға дейін жұмыс істеді.

 

ҚОЖАНОВ АВГУСТ МҰСАҒАЛИҰЛЫ

kozhanov.jpg

 1927 жылдың 5 мамырында Тула қаласында туған.

Соғыс басталған кезде ол 14 жаста болатын,  электр механикалық әскери зауытқа жұмысқа тұрды. Бірмезгілде жұмыс істеп, кешкі мектепті бітіріп алды.

1946 жылы Архабад қаласына  әскер қатарына алынды.

1954 жылы Москва политехникалық институтына сырттай оқуға түсіп, жұмыс істеді. Инженер-механик мамандығы бойынша институтты бітірді.

60-70 жылдары  Алматы қаласындағы Ленин аудандық комсомол ұйымының хатшысы болды, бұдан кейін «Облыстық кәсіподақтар одағында», 70 жылдардың ортасында «Қазтуркеңесте» қызмет атқарды.

Энергетиктердің кәсіби одағының төрағасы болып жұмыс істей отырып,  көптеген маңызды істерді атқарды. Одан кейін Энергетика министрлігіне жұмысқа ауысты. 1992 жылы зейнеткерлікке шықты.

 

 

 

 

МАКЕЕВ СЕЙТҚҰЛ

makeyev.jpg

 

1937 жылдың 7 қарашасында Талдықорған облысының Еңбекші ауылында туған. 1961 жылы  Қазақ ауыл шаруашылығы институтын «Инженер-электрик» мамандығы бойынша бітірді.

1961 мен 1969 жылдар аралығында Текелі энергия комбинатында шебер, аға шебер, қосалқы станциялар қызметінің бастығы, электр цехы бастығының орынбасары болып қызметтер атқарды.  1969-1970 жылдары Талдықорған электр желілері кәіпорындарының қосалқы станциялар қызметінің бастығы лауазымын атқарды.

1970-1972 жылдарыТекелі энергия комбинатында партия ұйымының хатшысы,  1972 және 1974 жылдары аралығында көліктік-өнеркәсіптік бөлімінің меңгерушісі, 1974-1981 жылдар аралығында Талдықорған облыстық энергия энергия өткізу бөлімінің бастығы,  1981-1992 жылдары алқа мүшесі, Қаз ССР Энергетика министрлігінің кадрлар басқармасының бастығы болды. 1992-1993 жылдары «Қазақстанэнерго» ҰЭТ кадр басқармасының бастығы лауазымын атқарды. 1993-1998 жылдары  зейнеткерлікке шыққанға дейін «KEGOC» АҚ-да Кадр, еңбек ақы төлеу және әлеуметтік мәселелер басқармасын басқарды.

Халықтар Достығы орденімен, В.И.Лениннің 100 жылдығы құрметіне «Ерен еңбегі үшін» мерекелік медалімен, «Еңбек ардагері» медалімен және көптеген белгілермен марапатталды. ТМД еңбегі сіңген энергетигі. Еңбек майданына қатысушы. 

 

 

 

НИКИТИНА ЛИДИЯ ПЕТРОВНА

nikitina.jpg

 

1934 жылғы 17 қаңтарда Санкт-Петербургте (Ленинградта) туған.

Лидия Петровнаның әкесі Совет-фин соғысына қатысқан.

Соғыс жылдары Лидия Петровнаның анасы қаланы немістерден қорғады, қаланы қоршауға атсалысты, окоптар қазды, жараланған әскерлерге көмектесті. Лидия Петровнаның өзі  де қарап қалған жоқ. Ол өзінің жастығына қарамастан  көрші балалармен және әпкесімен бірге  немістер қаланы бомбалағаннан кейін тұтанатын бомбаларды құммен өшірді.

Соғыстың кесірінен Лидия Петровна 1 сыныпқа 11  жасында барды. Лидия Петровна мектепті бітіргеннен кейін Ленинградта техникумға түсті. Ленинград техникумында газ-отын факультетінде«Өлшеу аспаптары және автоматика» мамандығы бойынша оқыды.

Қазақстанға көшіп келіп, Лидия Петровна «КазЭнергоНаладка» мекемесіне жұмысқа тұрды және Қаз СС Энергетика және электрофикация министрлігіне ауысқанға дейін еңбек етті. Алғашқыда кітапханашы, кейіннен инженер болды, осы жерден зейнеткерлік демалысына шықты.

 

 

 

 

 

 

НҰРПЕИСОВ СОВЕТХАН СЕЙТҚАЛИҰЛЫ

 

nurpeisov.jpg

 

1936 жылы 20 шілдеде Семей облысы, Жарма ауданындағы Георгиевка ауылында туған.
1960 жылы Орта Азия политехникалық институтының (Ташкент қ.) энергетика факультетін «Электр желілері, жүйелері мен станциялар» мамандығы бойынша бітіріп, инженера-электрик біліктілігін алды.

1960 ж. мен 1967 ж. аралығында «Алтайэнерго» РЭУ Семей электр желілері басқармасының аудандық жоғары вольтты желілік 35-220 кВ қосалқы станциялар тобының  жабдықтарын жөндеу цехының бастығы болып жұмыс істеді.

1967-1970 жж. аралығында «Алматыэнерго» РЭУ Алматы электр желілері басқармасында автоматика және телемеханика релелік қызметінің бастығы лауазымын, Қаз СС Энергетика және электрофикация министрлігі Басэнерго электр желілерін  пайдалану жөніндегі басқарманың бас маманы лауазымдарын атқарды.

1970-1979 жж. аралығында КСРО Электротехөнеркәсіп министрлігіне қарасты Талдықорған қорғасын аккумуляторлар зауытының директоры, 1979 мен 1983 жж. аралығында – Талдықорған қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы, 1983-1987 жж. аралығында – Целиноград облыстық партия комитетінің екінші хатшысы, 1987- 1989 жж. аралығындаҚазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының хатшысы болды.

1989 ж. бастап Қаз СС Энергетика және электрофикация министрінің орынбасары.

1995 ж. бастап – ҚазақстанныңЭнергетика және көмір өнеркәсібі министрлігінің ТМД Электр энергетикалық кеңесіндегі  өкілі.

Қазіргі уақытта Қазақстан энергетиктері ардагерлері кеңесінің төрағасы болып табылады. Нұрпеисов С.С. екі (9-10) шақырылымдағы Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. Еңбек Қызыл Ту орденімен, Қазақ ССР Жоғарғы КеңесініңҚұрмет грамотасымен және көптеген медалдармен наградталды. ТМД-ның еңбегі сіңген энергетигі. Талдықорған қаласының құрметті азаматы. (2006 ж.).

Еңбек майданына қатысушы Ұлы Отан соғысына қатысушысына теңестірілді.

 

                                                   ГЕНЕРАЛОВА АНАСТАСИЯ ИВАНОВНА

 

generalova.jpg

 

1923 жылы 13 қазанда Петропавл қаласына жақын жерде, Соколов ауданында,  Малая Малышка ауылында туған. 4 жасында ата-анасынан айырылып, Петропавл балалар үйіне келді. 1942 жылға дейін Көкшетау балалар үйінде тәрбиеленді.

Балалар үйінде тәрбиленіп жүргенде(жазғы күндері балалар үйінде тәрбиеленушілерді ауыл шаруашылығы жұмыстарына жіберетін)  ол кезде 7 сынып оқушысы болатын, Анастасия Ивановнаны 1943 жылдың наурыз айында Көкшетау қаласындағы  № 621 әскери зауыт жанындағы ФЗО (фабрика-зауыттық оқуға) жіберді.

Алты айлық курсты/тағылымдаманы бітіргеннен кейін Анастасия Ивановна тегістеуші жұмысына кіріседі және зауытта 1946 жылдың қараша айына дейін № 621 зауытта жұмысты дербес атқарды. (№ 621 әскери зауыты Москва облысы Подольск қаласынан  көшірілген болатын).

«Ұлы Отан соғысы кезіндегі  ерен және қажырлы еңбегі үшін» медалімен наградталды (№ 139973).

Сол кездегі әскери уақыттағы жұмыс кестесі:

08-00 – 24-00 – жарты ай (күндізгі ауысым)

20-00 – 08-00 – айдың екінші жартысы (түнгі ауысым)

демалыс күн – жаңа айдың 1-ші күні.

Түскі ас 13-00 – 14-00. 

Еңбек жолы

«Гидрожоба» институтының қазақ филиалы, 1964 жылдың 1 маусымы – техник лауазымына тағайындалды, «Энергожеліжоба» институтының қазақ филиалы, 1966 жылғы 22 шілдеде машинист лауазымына қабылданды, 1969 жылғы 27 қаңтарда – аға машинист лауазымына ауыстырылды, Қазақстанның энергия жүйелерінің біріккен диспетчерлік басқармасы, 1976 жылы 13 шілдеде – инженерлік жабдықтар мен ғимараттарды  пайдалану қызметінің  электр монтері лауазымына жұмысқа алынды, 1982 жылы 10 наурызда – зейнеткерлік демалысына шықты.

Наградалары мен жетістіктері

1945 жылғы 6 маусымда – «Ұлы Отан соғысы кезіндегі  ерен және қажырлы еңбегі үшін» медалімен,1956 жылы  20 қазанда – «Тың жерлерді игергені үшін» медалімен,1975  жылы  25 сәуірде – «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 30 жыл» медалімен, 1980 жылғы  12 қыркүйекте – «Еңбек ардагері» медалімен, 1985 жылғы  12 сәуірде – «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 40 жыл» медалімен, 1995 жылы  21 наурызда – «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 50 жыл» мерекелік медалімен наградталды, 1999 жылғы  8 қазанда  «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 55 жыл» құрметіне 1941-1945 жж. Еңбек ардагері» медалі тапсырылды. 2004 жылы 14 қыркүйекте – «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 60 жыл» медалімен(1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңiске 60 жыл»). 2010 жылы  19 наурызда – «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл» медалімен («1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңiске 65 жыл») наградталды.

ПЕРЕВЯЗКО НИКОЛАЙ АРТЕМЬЕВИЧ

perevyazko.jpg

Николай Артемьевич 1929 жылы 11 қаңтарда Алтай өлкесінің Вознесенкое ауданында туған. 1942 жылдың маусымынан бастап 1945 жылдың желтоқсанына дейін  «Красное Утро» колхозының еңбеккері ретінде еңбек майданына тікелей қатысушы болды. Соғыстан кейінгі жылдары Николай Артемьевич 18 жасында әскерге алынды және Монғолияда әскери қызметін атқарды, содан кейін солтүстікке «Игарка» портына ауысты. 1951 жылы  әскерден келгеннен кейін Николай Артемьевич Алматы қаласына келеді, ата-анасы да осында көшіп келді, ол осында әскери қызметін жалғастырды.

Еңбек жолы

1979 жылы  23 мамырда – Қазақстан энергия жүйелерінің диспетчерлік басқармасына ауыстырылды.  1979 жылғы  24 мамырда – телемеханика және байланыс қызметінің V разрядты электр монтер болып жұмысқа тұрды. 1980 жылғы 1 сәуірде – VI разрядты электр монтері берілді. 1988 жылы1 тамызда – қайта тарификациялауға байланыстыVI разрядты электр монтеріне бекітілді. 1997 жылы 1 қыркүйекте –  СДТУ VI разрядтыэлектромонтері болып жұмысқа қабылданды.1998 жылғы 1 маусымда – «KEGOC» ААҚ Атқарушы дирекциясы  Ақпараттық технологиялар департаментінің  базалық коммутациялық қызметтер басқармасының Желілер коммутациялар бөлімінің VI разрядты электр монтерлігіне ауыстырылды.

Наградалары мен жетістіктері 

1987 жылы 5 қарашада – «Еңбек ардагері» медалімен, 1989 жылы  11 қаңтарда – еңбектегі және социалистік жарыстағы еңбегі үшін және елу жасқа толуына байланысты  Құрмет грамотасымен наградталды.

 

 

МИРОШНИЧЕНКО НИКОЛАЙ ИВАНОВИЧ

1930 жылғы 27 тамызда Омск облысы, Молотов ауданы, Ермолов ауылдық кеңесі,Репенка селосында туған.

miroshnichenko.jpgҰлы Отан соғысының алғашқы кұндерінде  әкесі соғысқа аттанды. 11 жасында  еңбек майданына қатысушы ретінде «Большевик» колхозында еңбекке араласты

Қазақстан энергия жүйелерінің диспетчерлік басқармасындағы еңбек жолы:

1973 жылғы 7 тамызда – есептеу техникасы қызметінің шебері ретінде;

1974 жылғы 1 наурызда – ЭВМ пайдалану секторының механигіне ауыстырылды;

1974 жылғы 1 маусымда – ЭВМ пайдалану секторының аға инженеріне ауыстырылды;

1976 жылғы 1 мамырда – электр механикалық құрылғылар секторының бастығы лауазымына ауыстырылды;

1997 жылы 17 желтоқсанда – зейнеткерлік демалысына шықты.

Наградалары мен жетістіктері

1956 жылғы 20 қазанда – «Тың жерлерді игергені үшін» медалімен наградталды.

1985 жылғы 12 сәуірде – «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 40 жыл» медалімен наградталды.

 

 

 

 

ШАХМУРАТОВА САИДА МУЖИПОВНА

1943 жылғы  мамыр айынан бастап 1944 жылғы қыркүйек айы аралығында  анасымен бірге Фатима Фазылжанова ВАСХНил филиалының егіс даласында еңбек етті (анасы 4 баланы өзі тәрбиеледі, әкесі 1940 жылы қайтыс болған). Мен және кіші інім анамызға қолдан келгенше көмектестік. Тәжірибелік егіс даларында көптеген ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірдік, жер қаздық, суардық, күзде өнімді жинадық. Күндіз-түні күркеде тұрдық, өйткені егіннің өсуін қадағалау қажет болды. Әрине, жұмыс ауыр болды, шаршадық, бірақ біз жас болсақ та соғыс жүріп жатқан соң жағдайды түсіндік.

shahmuratova.jpg1956 жылы мектепті бітірдім. Мектепті бітіргеннен кейін  Пединститутқа физика-математика факультетіне оқуға түстім, оны 1961 жылы маусым айында бітірдім. 2 жыл Солтүстік Қазақстанда еңбек еттім, анам ауру болғаннан кейін Алматыға қайтып оралдым.

Еңбек жолы

1963 жылы  23 сәуірде – Қаз ССР Энергетика және электрофикация министрлігі.Еңбек және жалақы бөліміне инженер болып қабылданды. 1970 жылғы 1 сәуірде – осы бөлімнің бас инженері болды.  1971 жылғы 16 желтоқсанда – ОДУ өндірісті жоспарлау жөніндегі  аға инженер лауазымына ауыстырылды,1972 жылғы 1 қаңтарда –  ОДУ аға экономика инженері. (1973 жылғы 1 шілдеде – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиуымының 22.06.73 жарлығына сәйкес Қазақстан ОДУ КСРО Энерминистрлігі ЕЭС ЦДУ бағыныстылығына берілді). 1988 жылғы 1 тамызда  – қайта тарификациялауға байланысты – екінші санаттағы  экономист. 1989 жылғы 1 ақпанда – 1 санаттағы экономист біліктілігі берілді. 1997 жылғы 15 желтоқсанда – зейнеткерлік демалысына шықты.

Наградалары мен жетістіктері

1985 жылғы 24 маусымда – «Еңбек ардагері» медалімен наградталды.

2010 жылғы  27 сәуірде – «1941-1945 жж. «1941-1945 жыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңiске 65 жыл» медалімен наградталды.

2012 жылғы 16 желтоқсанда – «Медеу Ауданыныңәлеуметтiк – экономикалык дамуына қосқан үлесiүшiн» Медеу ауданының 75 – жылдык мерекелiк белгiсiмен мараппатталды

 

МРЕНОВ БАБАЙ

amrenov.jpg

1928 жылы туған. Соғыстың барлық ауыртпалықтарын мойымай көтеріп, Жеңісті өздерінің қажырлы еңбегінің арқасында жақындатқандар арасында  біздің қызметкеріміз Амренов Бабай да болды.1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы жылдарында  еңбек майданындағы мінсіз қызметі үшін Еңбек майданының ардагері деген құрметті атаққа ие болды (С № 060205 куәлік).  Тәуелсіз Мемлекеттер Ынтымақтастығы Үкіметтері басшылары Кеңесінің  08.10.1999ж.  шешімімен оған «1941 – 1945 жж. соғыс ардагері» белгісі тапсырылды. Бейбіт кезеңде Амренов Б соғыстан кейін халық шаруашылығын қалпына келтіруге қатысты. Электр энергетикасы саласын дамытуға көп еңбек сіңірді. Екібастұз қаласындағы  энергетикалық объектілерді салуға қатысты.  Екібастұз жоғары вольтты  электр желілері кәсіпорындарында ұзақ жылдар бойы еңбек етті және осы жерден лайықты зейнеткерлік демалысына шықты. Өз ісін жалғастыратын ұл-қыздарын тәрбиелеп өсірді. Қазіргі уақытта «KEGOC» АҚ «Солтүстік ЖЭТ» филиалында зейнеткер ретінде  есепте тұрады. Қазір Бабай аға Екібастұз қаласында тұрады. Ол өзінің жасына қарамастан  қоғам өміріне жиі араласады,  келешек  ұрпақ арасында тәрбие жұмысын жүргізеді. Бабай аға  екібастұз мектептерінің оқушыларымен жиі кездесіп,  еліміз өмірінің маңызды тіршілігі жайлы әңгімелер шертеді. «KEGOC» АҚ «Солтүстік ЖЭТ» филиалында өзі еңбек еткен ұжым қызметкерлерімен кездесіп тұрады.

amrenov_1.jpg

amrenov_2.jpg

      Отбасымен бірге.                                                      9 мамырда

amrenov_3.jpg.png

 

CКРЕПАЛЕВ МИХАИЛ ВЛАДИМИРОВИЧ

Скрепалев Михаил Владимирович1934жылы Шығыс Қазақстан облысының «Горный пахарь» колхозындағы Березовка селосында  көп балалы шаруа отбасында дүниеге келді. Ұлы Отан соғысы басталғанда ол 7 жаста болатын, осы жылы ол 1 сыныпқа оқуға барды. Әкесін Еңбек армиясына шақырды. Бір жылдан кейін анасы қайтыс болды. Осы уақыттан бастап ол үлкендерге шаруашылық жұмысын орындауға қолғабыс етті, оқудан бос уақытында  сыныптастарымен бірге  қолынан келетін жұмыстарды атқарды: астықты жинағаннан кейін қалған бидай сабақтарын жинады, үлкен ағасына колхоз малын бағуға көмектесті, жер қазуға немесе шөп жинауға қатысты. Механикаландыру мектебін бітіргеннен кейін автомобиль жүргізушісі мамандығын алды. 1959 жылы Совет Армияндағы қызметінен кейін Павлодар облысына тың көтеруге аттанды. 1973 жылдан бастап  Ермаков электр желілері  кәсіпорнына жүргізуші болып орналасып, өз өмірін энергетика саласымен байланыстырды. 1980 жылы Екібастұз жоғары вольтты  электр желілері кәсіпорнына (ЕВЭЖК) ауыстырылды, осы жерден 1997 жылы лайықты зейнеткерлік демалысына шықты. Жұмыс істеген жылдары көп жылғы адал еңбегі үшін бірнеше рет Құрмет грамоталарымен, үздік белгілерімен және алғыстармен аталып өтті. 1984  жылы «Еңбек ардагері»  медалі тапсырылды. Екі бала тәрбиелеп өсірді, олар оның еңбек жолын жалғастыруда, үш немересі және екі шөбересі бар.

М.В.Скрепалевтың наградалары мен үздік белгілері

skrepalev.jpg

skrepalev_1.png

 

ТРОФИМОВ ПЕТР ЕГОРОВИЧ

1927 жылы 12 сәуірде Воронеж облысында, шаруа отбасында туған, Ресейде 14 жыл тұрды. Соғыс басталар алдында 1940 жылы Украинаға Кривой Рогқа көшті. Халыққа көп қайғы қасірет әкелген 1941 жылғы соғыс басталды. 1944 жылы совет армиясы қаланы жаудан азат етті. Немістер мен бендеровтар қиратқан  шахталарды қалпына келтіруге қатысты. Краматорск, Днепропетровск, Запорожье және Кривой Рог  қалаларында шахталарды қалпына келтірді. 1952 жылы техникумды бітірді және  Қазақстанға, Шығыс Қазақстан облысына электр станцияға (Бұхтарма ГЭС-і) жұмысқа жіберілді. 1958 жылы партия жолдамасымен «КарМеткомбинатын» салуға  темір бетон зауытының механигі ретінде жіберілді. 1963 жылдан 1988 жылға дейін «КарЭнерго» мекемесінде жұмыс істеп, зейнеткерлік демалысына шыққанға дейін аға диспетчер болды. Жұмысынан басқа, станциялар мен қосалқы станциялардың кезекші инженерлерінің  біліктілігін арттыру үшін оқытушылыққа шақырылды. Жақсы жұмысы үшін бірнеше рет құрмет грамотасымен наградталды. ҰОС қатысушы ретінде мерекелік медалдары бар.

«KEGOC» АҚ  ФИЛИАЛДАРЫНДА ЕСЕПТЕ  ТҰРАТЫН АРДАГЕРЛЕР ТІЗІМІ

Шығыс ЖЭТ

Тюменцев Иван Иванович және Проходова Александра Ивановна – Еңбек майданына қатысушылар.

Борисова Марина Еремеевна, Трашкова Тамара Ивановна, Хаустов Александр Иванович, Литвинова Анна Константиновна, Дубовая Зинаида Корнеевна, Саукина Елена Никитична, Маркова Екатерина Федоровна, Корина Валентина Ивановна, Бурмага Любовь Федоровна, Завгороднева Галина Гавриловна, Осьмушкина Надежда Степановна, Ильина Татьяна Петровна, Щербакова Вера Мефодьевна – Тыл еңбеккерлері.

Солтүстік ЖЭТ

Засорина Мария Егоровна, Фархутдинов Файзарахман Мефодьевна – Тыл еңбеккерлері.

sev_mes.jpg