ҒЗКТЖ

Қазақ

Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарын ұйымдастыру

Компанияда ҒЗТКЖ-ны жүргізу даму Стратегиясына және Инновациялық-технологиялық стратегиясына сай Компанияның стратегиялық мақсаттарына жетуіне бағытталған.

ҒЗТКЖ-ны ұйымдастыру ғылыми-техникалық міндеттердің басым бағыттарын анықтаудан бастап, «KEGOC» АҚ-ның тәжірибе қызметінде әзірленімдердің нәтижелерін пайдаланудан болатын нақты тиімділікті бағалау және оны есепке алуға дейінгі әзірленімдердің бүкіл тіршілік циклын қамтитын процесс ретінде қаралады. 

Компанияда ҒЗТКЖ-ны ұйымдастыру кезіндегі негізгі мақсаттар:

1) Компанияның инновациялық-технологиялық дамуы үшін ҒЗТКЖ-ны оның басымдылықтары мен өзектілігін ескере отырып құру, жоспарлау және орындау процестерін бір жүйеге келтіру мен дамыту; 

2) ғылыми-техникалық өнімдерді әзірлеуге және пайдалануға байланысты өзара тиімді іс-қимыл жасау процестерін қамтамасыз ету; 

3) өндірістік және бизнес-процестердің тиімділігі мен сапасын арттыру үшін ҒЗТКЖ нәтижелерін ендіру; 

4) мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізу мониторингін жүргізу болып табылады.  

«KEGOC» АҚ-да ҒЗТКЖ-ны ұйымдастыру «KEGOC» АҚ-да Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру ережесіне сәйкес жүзеге асырылады. Ережеге сәйкес алдағы 5 жылға арналған технологиялық міндеттер қалыптасады.

«KEGOC» АҚ-ның 2021-2025 жылдарға арналған басымдық ғылыми-техникалық міндеттер тізбесі:

Міндет

1

Кернеу мен жиіліктің қалыпты деңгейін қамтамасыз ету мақсатында  Қазақстан БЭЖ-де активті және реактивті қуат теңгерімін реттеу

2

Қазақстан БЭЖ бақылануы мен басқарылуын арттыру  

  

Мүдделі ұйымдар KEGOC-қа қоса берілген құжаттарға сәйкес әр тапсырма бойынша ҒЗТКЖ-ға өтінім жібере алады.

1-қосымша – ҒЗТКЖ-ға өтінім нысаны.

2-қосымша – ҒЗТКЖ орындауға арналған техникалық тапсырма жобасының нысаны. 

3-қосымша – ТКЖ орындауға жұмсалатын шығыстар сметасының нысаны.

4-қосымша – Жұмыстардың күнтізбелік жоспарының нысаны.