Еншілес және бағынышты ұйымдар

Қазақ

«ЭНЕРГОИНФОРМ» АҚ

«Энергоинформ»  АҚ - «Энергоинформ» мекемесін өзгерту арқылы құрылған «KEGOC» АҚ-ның 100% еншілес компаниясы. «Энергоинформ» АҚ-ның мемлекеттік тіркелу күні -  2010 жылғы 29 қараша.

 «Энергоинформ» АҚ Қазақстан Республикасы ұлттық энергетикалық  жүйесіне қатысушылардың ақпараттық-телекоммуникациялық кешендерінің сенімді жұмыс істеуін және тиімді дамуын қамтамасыз етеді.

Қоғамның ҚР ҰЭТ-ын (Қазақстан Республикасы ұлттық электр торабы) салу және жаңғырту бойынша, соның ішінде халықаралық компаниялар мен қаржылық институттардың қатысуымен жобаларды іске асыруда айтарлықтай тәжірибесі бар.

Мына міндеттерді жүзеге асырады: 

«KEGOC» АҚ АТК және ҚР БЭЖ-і субъектілерінің сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

Зияткерлік шешімдерді ҚР энергия нарығын басқару жүйесіне ендіру. 

ҚР энергия нарығы субъектілерінің инфрақұрылымдық кешендерін дамыту. 

Компания құнының өсу көздерін диверсификациялау. 

Басшылық:

Басқарма төрағасы: Бектеміров Қуаныш Әбдіғалиұлы

Байланыс телефондары: Тел.: 690–101, факс: 690-451

Мекенжайы: Z00T2D0, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы,  Тәуелсіздік даңғылы, 59

 

«ЖЭК жөніндегі ҚЕО» ЖШС

«Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталықты белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрілігінің 2015 жылғы  31 наурыздағы № 256 бұйрығын және  «Бірыңғай сатып алушыны белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министріінің 2018 жылғы 7 қыркүйектегі  № 357 бұйрығын орындау мақсатында  «KEGOG»  АҚ Директорлар кеңесі «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құру туралы шешім қабылдады («ЖЭК жөніндегі ҚЕО» ЖШС).

«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» акционерлік қоғамы жалғыз құрылтайшысы және жалғыз қатысушысы болып табылады, Қазақстан Республикасы, 010000,  Астана қ., Тәуелсіздік даңғылы, 59. 

«ЖЭК жөніндегі ҚЕО» ЖШС-ның қызметтерінің түрлері:

1) электр энергиясын тұтынушыға сату;

2) электр қуатының жүктемені көтеруге дайындығын қамтамасыз ету және электр қуатын резервтеу;

3) желіге босатуды және электр энергиясын тұтынуды техникалық диспетчерлеу, электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру (Қазақстан біртұтас энергетикалық жүйесіндегі электр энергиясы теңгерімсіздігін қаржылық реттеу).

«ЖЭК жөніндегі ҚЕО» ЖШС-ның орналасқан жері және мекенжайы:  Қазақстан Республикасы, 010000,. Астана қ., Тәуелсіздік даңғылы, 59. 

Байланыс телефоны: 8(7172)693-839

Басшылық:

Бас директор – Қуанышбаев Жәнібек Болатбекұлы

Бас директордың орынбасары- Жексембинов Серік Жомартқалиұлы

 

«Батыс транзит» АҚ

«Батыс транзит» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Батыс транзит» АҚ) концессиялық келісім негізінде іске асырылатын және инфрақұрылымдық облигацияларды орналастыру есебінен қаржыландырылатын ұлттық маңызы бар жобаларды жүзеге асырудағы мемлекеттік-меншіктік серіктестіктің алғашқы үлгілерінің бірі болып табылады.

«Батыс транзит» АҚ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 7 қазандағы №1008 қаулысына сәйкес 2005 жылғы қарашада «Солтүстік Қазақстан – Ақтөбе облысы өңіраралық электр жеткізу желілерін салу» жобасын (бұдан әрі – Жоба) іске асыру мақсатында құрылды.

Аталған жоспарға сәйкес ЭМРМ, ТМРА, «KEGOC» АҚ-ға компанияның жарғылық капиталы -  «KEGOC» АҚ -ның 20% аспай қатысумен концессионер құру және құрылымдандыру бойынша іс-шараларды жүзеге асыру тапсырылды 

«Батыс транзит» АҚ Жобаны іске асыруды 2005 жылғы 28 желтоқсанда Қазақстан Республикасы  Үкіметі атынан Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігімен жасалған, Қазақстан Республикасы  Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1217 қаулысымен мақұлданған концессиялық келісім негізінде жүзеге асырады.

«Батыс транзит» АҚ-ның жарғылық капиталы акцияларды мына құрылтайшылардың алдын ала төлемін келесідегідей етіп бөлу арқылы құрылған: «Мехэнергострой» ЖШС— 80%, «KEGOC» АҚ -20%

«Солтүстік Қазақстан – Ақтөбе облысы» өңіраралық электр жеткізу желілерін салу жобасы рекордтық мерзімдерде табысты іске асырылды. 2008 жылғы 14 желтоқсанда 500 кВ «Өлке» ҚС-да қосылу жүзеге асырылды, 2009 жылғы 22 ақпанда — ұзындығы шамамен 500 км ӘЖ пайдалануға қабылданды.  Жарғыға сәйкес, мыналар «Батыс транзит» АҚ қызметінің негізгі түрлері болып табылады: 

• электр энергиясын жеткізу және тарату бойынша қызметтерді көрсету;

• электр желілерін және қосалқы станцияларды пайдалану;

• құрылыс-монтаждау жұмыстары;

• қолданыстағы заңнамамен тыйым салынбаған қызметтің басқа да түрлері. 

Мемлекет басшысының 2008 жылдың 6 ақпанындағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Солтүстік Қазақстан – Ақтөбе облысы өңіраралық электр жеткізу желілерін салу» жобасы «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» мемлекеттік бағдарламасына кіретін ең алдыңғы қатарлы жобалардың бірі ретінде атап өтілді.

Директорлар кеңесінің төрағасы Нұғыманов Бауыржан Табылдыұлы

Басқарма төрағасы Ибрагимов Құрманғазы Бейсембайұлы

Мекенжайы: A05K2X1, Қазақстан Республикасы,  Алматы қаласы,  Шевченко көшесі, 162-7 

Байланыс телефондары:  

Тел. 8 (727) 375 64 14, 375 65 14, 375 66 14,

Факс. 8 (727) 375 70 70