Қазақстан БЭЖ Батыс аймағының электр желісін күшейту. Электр желілік объектілерді салу

Қазақ

    

Жобаның мақсаты: республиканың батыс облыстары арасындағы 220 кВ электр желілерін күшейте отырып, Қазақстан БЭЖ Батыс аймағының тұты-нушыларын электрмен жабдықтаудың өткізгіштік қабілеті мен сенімділігін арт-тыру.

Жобаны іске асыру мерзімі: 2018-2023жж.

Жобаның құны: ҚҚС-ны есепке алғанда 49,812 млрд. теңге.

Жобаны болжамды қаржыландыру: қарыз қаражат - 31,58 млрд. теңге, меншік қаражат – 18,23 млрд. теңге.

Іске асыру орны: ҚР Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстары.

Жобаның сипаты: Жоба қолданыстағы 220 кВ Орал - Правобережная – Індер – Қарабатан – Құлсары – Теңіз транзитінің екінші тізбегінің электр желілік объектілерін қолданыстағы 220 кВ қосалқы станцияларына және жаңа «Қарабатан» ТП-ға қосып, салуды көздейді және мына объектілерден тұрады: 

1)220 кВ «Орал» ҚС-ны реконструкциялау;

2)220 кВ «Правобережная» ҚС 220 кВ-АТҚ кеңейту;

3)220 кВ «Індер» ҚС екі 220 кВ-БШР орнатып, 220 кВ-АТҚ кеңейту;

4)220 кВ «Құлсары» ҚС-ны кеңейту;

5)220 кВ «Теңіз» ҚС-ны кеңейту;

6)220 кВ «Қарабатан» ТП салу;

7)220 кВ Орал ҚС – 220 кВ Правобережная ҚС 220 кВ ӘЖ салу;

8)220 кВ Правобережная ҚС  –  220 кВ Індер ҚС 220 кВ ӘЖ салу;

9)220 кВ Індер ҚС – 220 кВ Қарабатан ҚС 220 кВ ӘЖ салу;

10)220 кВ Қарабатан ТП – 220 кВ Құлсары ҚС 220 кВ ӘЖ салу;

11)220 кВ Құлсары ҚС – 220 кВ Теңіз ҚС 220 кВ ӘЖ салу.

Ағымдағы дәрежесі: жобаның ТЭН-і әзірленді және «Мемсараптама» РМК-ның оң қорытындысы (04.01.2019ж. № 01-0006/19) алынды.

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен (28.02.2019ж. № 2 хаттама) жоба ТЭН-інің жобалау көрсеткіштері бекітілді. 

2019 жылы «Ешимкулов Н.Т.» ЖК, «Мангистауэнергомонтажналадка» ЖШС,  «СИТ-Строй» ЖШС  жобалау институттарымен ӘЖ және ҚС объектілері бойынша жобалау-іздестіру жұмыстарына 11 шарт жасалды. 2021 ж. 1-тоқсанның соңындағы жай-күй бойынша: 

- барлық объектілер бойынша ЖСҚ әзірленді: ҚС-ның 6 объектісінің 5-еуі бойынша (ҚС: Құлсары, Орал, Теңіз, Індер және Правобережная) ЖСҚ сараптамасының оң қорытындылары алынды, 1 объект бойынша (Қарабатан) жұмыс жобасы ЖСҚ-ның ведомстводан тыс кешенді сараптамасынан өткізіліп жатыр; барлық ӘЖ объектілері бойынша (5 объект) ЖСҚ сараптамасының оң қорытындылары алынды;

- 5 ҚС және 2 ӘЖ объектілері бойынша (ҚС: Індер, Теңіз, Құлсары, Правобережная, Орал және ӘЖ: Орал-Правобережная, Правобережная-Індер) ҚМЖ-ға шарттар жасалды;

- 16.03-25.03.2021ж. аралығында құрылыс-монтаждау жұмыстарын сатып алуға тендерлер өткізілді және Індер-Қарабатан, Қарабатан-Құлсары және Құлсары-Теңіз ӘЖ объектілері бойынша сатып алу қорытындылары шығарылып жатыр.